Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)

Бенчмаркинг нәтижелері:

Бенчмаркинг — «Самұрық-Энерго» АҚ-ны басқарудың маңызды элементтерінің бірі. Бенчмаркингті жүргізу мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін шетелдердің ұқсас компанияларымен операциялық және қаржылық көрсеткіштерді салыстыруболып табылады. Бенчмаркинг үшін мына көрсеткіштер қолданылды:
— EBITDA margin (EBITDA маржасы);
— Қарыз/EBITDA;
— Қарыз қаражаты үлесінің коэффициенті (Қарыз/Меншікті капитал);
— Инвестицияланған капиталдың тиімділігі (ROIC).
Бенчмаркинг үшін төмендегідей ұқсас компаниялардың деректері пайдаланылды:
— Inter RAO UES PJSC (Ресей);
— CEZ Group (Чех Республикасы);
— Drax Group (Ұлыбритания).

Қазіргі кезде шетелдік ұқсас компаниялармен салыстырғанда, Самұрық-Энергоның кейбір көрсеткіштері бойынша нәтижелері төмен.

Қаржылық тұрақтылықкөрсеткіштері «Самұрық-Энергоның» қолжетімді қаржылық левереджді толықтай пайдаланатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, EBITDA margin көрсеткіші бойынша, «Самұрық-Энерго» өзінің ұқсас компанияларынан басым түседі. Бұл көрсеткіш сатудан түсетін кірістің жоғары екенін көрсетеді. ROIC (салынған ұзақ мерзімді капиталдың рентабельділігі) көрсеткіші бойынша Самұрық-Энерго өзге еуропалық ұқсас компаниялардың деңгейінде. Десек те, осы көрсеткіш бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің экономикалық талаптары ұқсас келетін ресейлік холдингтен едәуір төмен деңгейде, бұл инвестициялардың тиімділігін (рентабельділігін, қайтарымдылығын) арттыру қажеттігін көрсетеді.

Осыған орай, сондай-ақ энергетикалық сектордың мейлінше тозуына байланысты 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобалар іске асырылды, бұл инвестицияланған капиталдың едәуір өсуіне әкеліп соқты, сәйкесінше инвестициялардың кірістілігін төмендетті.

Ұқсас компаниялардың елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы электр энергиясына тариф деңгейінің төмен болуы инвестициялардың рентабелділік көрсеткіштеріне ықпал ететін қосымша фактор болып табылады.

Ел кВтс үшін орташа тариф Теңгемен/кВтс 2019 жылғы жағдай бойынша орташа бағам
Қазақстан 14,17 теңге 14,17 теңге/кВт*ч
Ресей 3,89 рубля 23,02 теңге/кВт*ч 5,92 теңге/рубль
Чехия 0,13 евро 55,72 теңге/кВт*ч 428,63 теңге/евро
Ұлыбритания 0,18 евро 77,15 теңге/кВт*ч

Инвестициялық қызмет

«Самұрық-Энерго» АҚ алдында жоғары экономикалық тиімділікті, инновациялық жетілдіруді және әлеуметтік жауапкершіліктің озық стандарттарын үйлестіре отырып, ішкі тұтынушылармен және экспортты энергия ресурстарымен қамтамасыз етудің оңтайлы арақатынасын қамтитын теңгерімделген даму моделін қалыптастыру міндеті тұр.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыру компанияның стратегиялық миссиясына қол жеткізу құралы болып табылады және Республиканың экспорттық әлеуетін арттыра отырып, Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуат көздерін жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңадан салуға, сондай-ақ энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге және электр қуаты мен жылу энергиясына деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.

Инвестицияға жұмсалған шығыстар, млн теңге

Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру өз қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдары мен ҚР екінші деңгейдегі банктерінің қарыздық қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады.

млн. тенге

2017 г. нақты 2018 г. нақты 2019 г. нақты
БАРЛЫҒЫ 72 418 41 689 50 364
Меншікті 57 622 35 342 42 836
Қарыздық 8 196 6 211 7 528
Мембюджеттің қаражаты 6 601 137
Игеру әдісі бойынша күрделі шығыстарға жасалған талдау, млн теңге