Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Құрметті оқырман!

2019 жыл Компания үшін жемісті әрі Қазақстанда электр энергетикасы саласын дамыту тарихына жазылатын маңызды оқиғаларға толы жыл болды.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша негізгі қызметтен түскен табыс 243,7млрд теңгені құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында электр қуатын өндіру көлемі 30 200,3 млн кВтс құрады. Көмір кесіктерінде 44 848 мың тонна отын өндіріліп, Ресей Федерациясына жөнелтілетін экспорт көлемі артты.

2019 жылы Қазақстанда электр энергетикасы саласын жеткілікті деңгейдегі инвестициямен қамтамасыз етудің тиімді тетігі ретінде қуат нарығы енгізілді, бұл шара ұзақ мерзімді болашақта нарық үшін қолайлы жағдай тудырмақ. Электр энергиясын өндірушілердің табысы екі құрамдас бөлікке жіктелді — электр энергиясын сатудан түскен табыс (ағымдағы шығынды өтеуге жұмсалады) және электр қуатын әзірлікте ұстау қызметін көрсетуден түскен табыс (негізді қарызды өтеуге және инвестицияға жұмсалады).

Энергия тапшылығы сезілетін Түркістан облысында Шардара су электр станциясын түбірлі жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Станцияның қайта жаңғыртылуы СЭС қуатын 126 МВт-қа дейін ұлғайтып, жаңа гидротурбиналар жылына электр қуатын өндіру көлемін 480-нен 537 млн кВтс-қа жеткізуге мүмкіндік береді.

Алматы энергия кешенінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ күшімен жүктемені «Горный Гигант» қосалқы станциясынан жаңғыртылған «Ерменсай» қосалқы станциясына көшіру жобасы аяқталды. Соның нәтижесінде оңтүстік астанада төтенше жағдайлардың алдын алып, электр энергиясын апаттық өшіру қаупін болдырмау мәселесі толығымен шешілді.

Компанияның ЖЭК активтері портфеліне Алматы облысындағы 2019 жылы құрылысы аяқталған қуаты 0,4 МВт-тық күн электр станциясы (КЭК) енді. Жоба Қапшағай қ. орналасқан қолданыстағы қуаты 2 МВт-тық КЭК инфрақұрылымы базасында жүзеге асырылды.

Осы өңірде болашақта қуатын 300 МВт-қа дейін ұлғайту мүмкіндігі бар 60 МВт-тық жел электр станциясын салу жобасы қолға алынды. ЖЭК нысандарын іске қосу нәтижесінде Шелек дәлізінде парникті газдар шығарындыларын жылына 206 мың тонна СО2 көлемінде төмендету, сондай-ақ жылына 89 мың тонна отынның орнын алмастыру мүмкіндігі тумақ. Осылайша жаңа ЖЭК нысаны Қазақстанда «таза» электр қуатын өндіру көлемін ұлғайтуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға өзіндік үлес қосатын болады.

Fitch Ratings Халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін шетелдік және ұлттық валютада «ВВ» деңгейінде растады, болжам – «Тұрақты»; Бағалау мемлекеттің қаржылық қолдауына сүйенетін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның стратегиялық жағдайына, сондай-ақ Компанияның берік нарықтық ұстанымына негізделеді.

«Ereymentau Wind Power» ЖШС мен ЕАДБ арасында «Ерейментау қ.50 МВт ЖЭС құрылысы» жобасын қаржыландыруды қамтамасыз ететін 23,2 млрд теңге сомасындағы Кредиттік келісімге қол қойылды.

Электр энергиясын сату көлемін ұлғайту және экспорттық әлеуетті пайдалану үшін «Самұрық-Энерго» АҚ Орталық Азияның электр энергиясы нарығына шықты.«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Өзбекістан Ұлттық электр желілері» АҚ арасында электр энергиясын сату-сатып алу шартына 1,01 млрд кВтс. Көлемінде электр энергиясы жеткізілді.

Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру аясында 2019 жылы Компанияда Қазақстанда бірегей болып танылған: «Ақпараттық технологияларды басқарудың жаңа моделін енгізу», «Сатып алуларды санаттық басқару», «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу» деп аталатын 3 жоба аяқталды.

Компания Трансформациялау бағдарламасын іске асыру бағыттарын қайта қарастырды. Өндірістік міндеттерді шешуге баса назар аударылып, өндіріс қуатын арттыруға бағыт алдық. Компания Жобалар портфелінің жаңартылған нұсқасын әзірледі. Негізгі бағдар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге, компания құнын арттыру мен операциялық шығынды азайтуға бағытталған.

Компания өз қызметінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын ұстанып, өз құзыреті аясында орнықты дамудың ғаламдық мақсатттарын басшылыққа алады. Біз әлеуемттік саясатты жүзеге асыруға, жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, қызметкерлер мен өңірлердегі жергілікті тұрғындардың әл-ауқаты деңгейін арттыруға, өндірісте еңбектің қорғалуы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға, сатып алуларда жергілікті қатысу үлесін арттыруға баса назар аударамыз.

2019 жылы Компания еңбекті және қоршаған ортаны қорғау шараларына 7,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғаламдық шарты мен «БҰҰ — әйелдер» серіктестігі аясында әзірленген «Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңету қағидаттарын» қолдау туралы мәлімдемеге қол қойды. Бұл Компаниямыз бен Еуропалық даму және қайта құру банкінің адам құқығы саласындағы саясатты дамыту, гендерлік теңдікке және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау көрсету бағытындағы бірлескен жобасы бойынша қол жеткен нәтижелердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты, жас ұрпақтың дамуына ықпал ету және қолдау көрсету мақсатында жыл бойы жас мамандарды қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Жастар кеңесі құрылып, цифрландыру бағдарламасы аясында кәсіби тағылымдамалар ұйымдастырылды, түрлі өңірлердегі жоғары білікті, белсенді жас мамандар қатарынан кадр резерві жасақталды.

Өскелең ұрпаққа Компанияны дамытудағы басты күш ретінде, стратегиялық мақсаттарды табысты орындауда белсенді ресурқа айналу міндеті жүктеліп отыр.