Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Компанияның Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін, Директорлар кеңесі туралы ережені, Жалғыз акционердің шешімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалары мен Компанияның басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

Компанияның Директорлар кеңесі өз құзыретіне сәйкес Компанияның даму стратегиясын, оның ішінде корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, орнықты даму, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру салаларындағы басым бағыттарды анықтап, Компанияның даму жоспарындағы негізгі қызмет көрсеткіштері мен өзге де стратегиялық жобалардың орындалуын өз құзыреті шегінде бақылап отырады.

Компания Директорлар кеңесінің құрамындағы теңгерімділікке және тәжірибесі мен жеке сипаттамалары тұрғысынан әр алуандылыққа ұмтылады. 2019 жылы Директорлар кеңесінің сандық құрамы 6 адамнан, оның ішінде 3 тәуелсіз директордан жасақталды.

Компанияның Директорлар кеңесінің 31.12.2019 ж. жағдай бойынша құрамы:

ДК төрағасы – Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы

Басқарма төрағасы – Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

Жалғыз акционердің өкілі – Жәмиев Алмат Күнжолұлы

Тәуелсіз директор – Лука Сутера

Тәуелсіз директор – Андреас Сторзел

Тәуелсіз директор – Хоакин Галиндо Велез

Директорлар кеңесі мүшелеріне қатысты негізгі деректер төменде келтірілді. Кеңестің әрбір мүшесінің толық түйіндемесімен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz

Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Акционер мүдделерін қорғаушы өкіл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 31 қазан 1962 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 28 қаңтар 2019 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

Стратегиялық және корпоративтік басқару, экономика, қаржы, юриспруденция және аудит салалары бойынша сарапшы.

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма Төрағасы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 23 желтоқсан 1966 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 24 Қыркүйек 2018 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Стратегиялық жоспарлау, корпоративтік басқару, қаржы, нарықты дамыту және юриспруденция салалары бойынша сарапшы.

Жәмиев Алмат Күнжолұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, Акционер мүдделерін қорғаушы өкіл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 8 қараша 1979 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 24 маусым 2019 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Құқықтық сүйемелдеу және әдіснама департаментінің директоры.

Құқық, бірігу және жұтылу, стратегия, корпоративтік басқару салалары бойынша сарапшы.

Лука Сутера

Старший независимый директор Совета директоров АО «Самрук-Энерго»

Азаматтығы: Италия Республикасы

Туған жылы: 07 шілде 1971 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 08 мамыр 2012 жыл

Аға тәуелсіз директор болып сайланған уақыты: 14 қазан 2019 ж. бастап.

Аудит комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі, Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.

Мына салалар бойынша сарапшы:

Бухгалтерлік есеп, қаржы, аудит, (CPA сертификаты бар)

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Корпоративтік стратегия

Бірігу және жұтылу

Инвестициялық бағалау

HR және ұйымдастыру

Өнімділікті басқару

Корпоративтік басқару (IoD UK дипломы бар директор)

Компанияларды пайдалануға беру, біріктіру және олардың айналымы.

Компанияның ірі ауқымды трансформациялау бағдарламалары.

Қоса атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

Nebras Power Қаржы тобының вице-президенті, Басқарма мүшесі. (Катар мемлекеттік халықаралық энергетикалық компаниясы).

2011 жылдың сәуірінен Ресей Тәуелсіз директорлары қауымдастығының мүшесі болып табылады.

2014 жылдың сәуірінен Британ Директорлар институтының (IoD) мүшесі.

2015 жылғы тамыздан Group Chief Financial Officer Nebras Power, Катар мемлекеттік халықаралық энергетикалық компаниясының мүшесі.

Андреас Сторзел

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Германия Федеративтік Республикасы

Туған жылы: 12 қазан 1963 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 24 маусым 2019 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Аудит комитетінің мүшесі; Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі.

Корпоративтік басқару, стратегиялар, қаржы, инвестициялар, бірігу және жұтылу салалары бойынша сарапшы.

Қосалқы атқаратын жұмысы және ДК-ге мүшелік:

2020 жылдан бастап – Market Design, NEOM Атқарушы директоры, Сауд Арабиясы.

2019–2020 жылдан бастап – Grid & Infrastructure, innogy SE Бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті, Германия.

2014–2018 жж. – innogy Middle East&North Africa бас директоры, Дубай, БАӘ.

Хоакин Галиндо Велез

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Азаматтығы: Испания Корольдігі

Туған жылы: 27 тамыз 1957 жыл

Бірінші сайланған уақыты: 24 маусым 2019 жыл

Компанияның, өнім берушілер мен бәсекелестердің акцияларына иелік етпейді.

Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы, Тағайындаулар және сыйақы комитетінің мүшесі, Аудит комитетінің мүшесі; Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі.

Мына салалар бойынша сарапшы:

Дәстүрлі және жаңартылған электр энергиясын өндіру

O&M және Энергетикалық менеджмент

Инжиниринг және құрылыс

Стратегиялық даму

Бизнесті дамыту/p>

Экологиялық сұрақтар

Интеграция және трансформация бағдарламалары

Қосалқы атқаратын жұмысы және ДК мүшелігі:

Испания Директорларлар Институтының мүшесі (ICA),

Испания Энергетикалық Клубтың мүшесі

Директорлар кеңесінің мүшелері өз қызметінде төмендегідей қағидаттарды ұстанады:

01) Өз құзыреттері шегінде іс-әрекет ету – Директорлар кеңесінің мүшелері Жарғымен бекітілген өкілеттіктері негізінде шешім қабылдайды және әрекет етеді;
02) Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстарына қатысуға және оларға даярлық жасауға жеткілікті уақыт бөлу;
03) Ұйымның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және тұрақты дамуына ықпал ету;
04) Іскери этиканың жоғарғы стандарттарын ұстану және Компания қызметкерлеріне үлгі болу;
05) Мүдделер қақтығысын болдырмау;
06) Тиісті ақыл-парасаттылықпен, біліктілікпен және байқампаздықпен жұмыс істеу.

Директор лауазымы терең практикалық білімді, тәжірибені және үнемі жетіліп отыруды талап етеді. Осы мақсаттарда «Самұрық-Энерго» АҚ-да корпоративтік басқару жүйесіндегі басты процестердің бірі ретінде Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін бағалау көзделген. 2019 жылы PWC тәуелсіз сарапшылары Директорлар кеңесінің қызметіне бағалау жүргізді. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмыс жоспарларын әзірлеу кезінде ескерілді.

Директорлар кеңесі, оның комитеттері мүшелігіне үміткерлерді ұсыну және іріктеу тәртібі, сонымен қатар әр түрлі факторларды ескере отырып, ұсыну мен іріктеу кезінде қолданылатын өлшемдер, оның ішінде гендерлік әртүрлілікті, тәуелсіздікті, кәсіби біліктілік пен тәжірибені қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, олар Директорлар Кеңесі туралы ережеге, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына .оративтік басқару кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжаттар Директорлар кеңесі мүдделер қақтығысының алдын алу және оларды басқару үшін қолданатын рәсімдерді реттейді.

Кеңестің қазіргі құрамында Тәуелсіз директорлардың болуы Компания мүддесіне сай келетін объективті шешімдердің қабылдануына кепіл болып табылады.

Тәуелсіз директорларды сайлаудың басты шарты кәсіби шеберлік пен дербестікті жеткілікті дәрежеде игеру болып табылады, яғни қандай да болмасын тараптың ықпалынсыз шешімді дербес қабылдай білу дағдысы болуы шарт. Тәуелсіз директорлар Компанияда ең озық әлемдік тәжірибе стандарттарын қолдану үшін өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөліседі. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінің Комитеттерін басқарады және халықаралық басқарутәжірибелерін енгізеді.

Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелерді (қаржылық және қаржылық емес есептілікті даярлау, мүдделілік бар мәмілелердің жасалуы, атқарушы органның құрамына кандидаттарды ұсыну, атқарушы орган мүшелеріне сыйақы белгілеуді) талқылауға белсенді түрде қатысады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның Тәуелсіз директорлары тәуелсіздік талаптарына толықтай сәйкес келді.

Директорлар кеңесінің қызметі

Негізгі қаралған мәселелер

2019 жылы Компанияның Директорлар кеңесі 199 мәселені қарады.

Директорлар кеңесі тоқсан сайынғы негізде тәуекелдерді басқару; корпоративтік басқаруды жетілдіру; акционердің болжалы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; инвестициялық жобалар бойынша инвестицияны игеру; даму жоспарының орындалуы; Компанияны тәуекелділіктің жасыл аймағына шығару бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанушылық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс туралы есептерді қарады.

Қоғамның жаңа редакциядағы Ақпараттық саясаты, Қоғамның маңыздылық матрицасы, Омбудсмен туралы ереженің жаңа редакциясы бекітіліп, Тұрақты даму саласындағы бастамалар жоспарының 2018 жылғы орындалуы туралы есеп қаралды, Мінез-құлық кодексіне өзгерістер енгізілді, 2019–2020 жылдарға арналған Қоғамның қаржылық көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі түзетуші іс-шаралар жоспары бекітілді, Қоғам Басқармасы туралы ереженің жаңа редакциясы, Қоғамның Орнықты даму саласындағы нұсқаулығының жаңа редакциясы және Қоғамның Орнықты даму саласындағы бастамалар жоспары, Қоғамның Инвестициялық саясаты жаңа редакцияда бекітілді, Директорлар кеңесі жанындағы Комитетер жаңа құрамда жасақталды, Қоғамның Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Қоғамның Комплаенс тәуекелдерін басқару саясаты жаңа редакцияда бекітілді, сондай-ақ Қоғамның Корпоративтік қақтығыстар және мүдделер қақтығыстарын реттеу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Директорлар кеңесін маңызды қаржылық және қаржылық емес мәселелер туралы хабардар ету рәсімі қолданыстағы заңнамаға және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес реттеледі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша аталған жағдайлар орын алған жоқ.

Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру

Директорлар кеңесінің құрамындағы Жалғыз акционердің өкілдері мен Басқарма Төрағасы сыйақы алмайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарғаны үшін Тәуелсіз директорлар жылдық тіркелген сыйақы, сондай-ақ комитет мүшесі ретінде Қоғамның Директорлар кеңесі комитетінің әрбір тікелей отырысына қатысқаны үшін қосымша сыйақы алады.

Тәуелсіз директорға оның тұрғылықты жерінен тыс жерде өткізілген «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына баруына байланысты (жол жүру, тұру, тәуліктік шығыстар) шығыстары өтеледі.

Барлық тәуелсіз директорларға 2019 жылы төленген сыйақы мөлшері 240 000 АҚШ долларын немесе 91 339 605 теңгені құрады.

Директорлар кеңесі комитетті

Кеңес белгілі бір міндеттерді орындау үшін және келіп түскен мәселелер мен қабылданатын шешімдерге тиісті көңіл бөліп, оларды барынша тереңінен зерделеу және сапалы нәтижеге жету мақсатында өкілеттігін өз комитеттеріне береді.

Компанияның Директорлар кеңесінің жанында: Аудит комитеті, Тағайындаулар және сыйақы комитеті, Стратегиялық жоспарлау комитеті, сондай-ақ Қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау комитеті жұмыс істейді.

Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмыс қорытындылары бойынша есеп

Аудит комитеті

Комитет қызметінің мақсаты Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасаудың тиімді жүйесін белгілеуге қатысты мәселелерді тереңдете зерттеу үшін Директорлар кеңесіне жәрдем көрсету, оның ішінде қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығы, ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқарудың сенімділігі мен тиімділігіне бақылау жасау, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуына бақылау жасау, сыртқы және ішкі аудиттің тәуелсіздігін бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет құрамы:

Лука Сутера – Аға тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;

Андреас Сторзел – Тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;

Хоакин Галиндо – Тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Негізгі қаралған мәселелер

Қаржылық есептілікті әзірлеу мәселелері бойынша атқарушы органмен, сыртқы аудиторлармен кездесулер өткізілді. Ішкі аудит қызметі, «Комплаенс» қызметі және «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаменті жұмыстарының мәселелері қаралды.

Тағайындаулар және сыйақы комитеті

Тағайындаулар және сыйақы комитеті Директорлар кеңесінің консультативтік-кеңестік органы болып табылады, ол Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес Директорлар кеңесінің мүшелерін, Басқарма құрамын, Корпоративтік хатшыны, сондай-ақ басқа қызметкерлерді тағайындау және оларға сыйақы белгілеу мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Комитет құрамы:

Лука Сутера – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;

Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;

Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Негізгі қаралған мәселелер

Есептік мерзім ішінде Директорлар кеңесіне «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша Байқаушы кеңес/Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау мәселелеріне қатысты ұсыныстар берілді. Компанияның Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директорын қызметке тағайындау туралы, Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директордың лауазымдық сипаттамасы мен оны бағалауды (Job description) бекіту туралы, Компанияның жаңа редакциядағы ұйымдық құрылымын бекіту туралы ұсыныстар берілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелері, Ішкі аудит қызметінің жетекшісі және Корпоративтік хатшы қызметінің негізгі көрсеткіштерінің нақты мәні, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшелері, Ішкі аудит қызметінің жетекшісі мен Корпоративтік хатшысының мотивациялық НҚК-сі қаралды.

Стратегиялық жоспарлау комитеті

Стратегиялық жоспарлау комитетінің мақсаты Компания қызметінің басым (даму) бағыттарын, стратегиялық мақсаттарын (даму стратегияларын) әзірлеу, Компанияның инвестициялық жобаларын, шеберлік жоспарларын және Компанияның ұзақ мерзімді келешектегі қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін іс-шараларды іске асыру, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қоса алғанда, орнықты дамуды басқару жүйесін ендіру мәселелері бойынша ұсынымдар беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет құрамы:

Лука Сутера – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;

Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;

Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Негізгі қаралған мәселелер

Тоқсан сайын мынадай: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Корпоративтік басқаруды жетілдіру және Корпоративтік басқару кодексін ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, Компанияның 2018–2028 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қарау туралы, Компанияның 2019–2023 жылдарға арналған акционердің болжалдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, Компанияның Даму жоспарыңың орындалуы туралы, Компанияның инвестициялық жобалары бойынша инвестициялардың игерілуі туралы, Компанияның Трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есептер қаралды.

Жалғыз акционердің қарауына Компанияның Маңыздылық матрицасы мен Стейкхолдерлер картасын, Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережесінің жаңа редакциясын бекіту туралы, Компанияның 2019–2023 жылдарға арналған Цифрландыру стратегиясын алдын-ала қарау туралы мәселені шығару.

Қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті

Комитет қызметінің мақсаты қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне ұсыныстар әзірлеу, бағалау мен талдаулар жүргізу арқылы Компания қызметінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет құрамы:

Лука Сутера – тәуелсіз директор, Комитет төрағасы;

Андреас Сторзел – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі;

Хоакин Галиндо – тәуелсіз директор, Комитет мүшесі.

Негізгі қаралған мәселелер

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттану саласындағы жұмыс туралы есепті тоқсан сайын қарау. Компанияның Экологиялық саясатының жаңа редакциясы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқиғаларға жауапты тұлғаларды, кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуға арналған мораторийді 2022 жылға дейін ұзарту туралы, Оқиғалар мен бұзушылықтарды тіркеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесінің тұжырымдамасы туралы мәселелер қаралды.