Комплаенс

Компания бизнес этикасының жоғарғы стандарттарын, іскери дағдылар мен қандай да болмасын бір юрисдикцияда бизнес жүргізудің басқадай шарттарына тәуелсіз ашықтық пен заңдылықты ұстанады.

Комплаенс бағытының негізгі міндеті «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінде туындайтын комплаенс-тәуекелдерді анықтау, бағалау, болдырмау және бақылау іс-шараларын жүргізу, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру және комплаенс тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.

Қызметтің жұмысы Компанияда халықаралық стандарттарға және осы саладағы үздік тәжірибеге сәйкес комплаенс-жүйені құруға бағытталған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, халықаралық ұйымдардың ұсынымдарына және комплаенс функциясы халықаралық зерттеулерінің талаптарын сақтауға ерекше назар аударылады.

Комплаенс жүйесін дамыту аясында Компания өз жұмысының тиімділігін жоғары деңгейде ұстауға, Компанияның ауқымды стратегиялық мақсаттарын ескере отырып, тәуекелдерді басқаруда бизнес-бағдарлы және белсенді болуға ұмтылады.

Негізгі нормативтік құжат – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды реттейтін құжаттар: Мінез-құлық кодексі, Сәйкестік тәуекелдерін басқару саясаты, Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын шешу саясаты, Бастамашыл ақпарат беру саясаты. Бұл құжаттарда Компания күнделікті өмірде де, стратегиялық жобаларды іске асыру кезінде де сыбайлас жемқорлықты кез келген нысанда және көріністерде қабылдамайтынын жария түрде мәлімдейді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету рәсімдері Компанияның бизнес процестер регламенттерінде бекітілген.

Реттеуші органдардың ұсыныстарын сақтай отырып және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс корпоративтік бағдарламаларын дамыту саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерін зерттей отырып, Компания мынадай қағидаттарға негізделген өз ұстанымын қалыптастырды:

✔ Комплаенс жүйесін дамытуға басшылық тарапынан белсенді қызығушылық таныту және қолдау көрсету. Компанияның Директорлар кеңесі комплаенс бағдарламасын іске асыру туралы есептерді кезеңдік негізде қарайды.

✔ Компания сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және одан әрі өзектендіру бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.

✔ Компания анықталған тәуекелдердің деңгейі мен сипатына жауап беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша рәсімдерді әзірлейді және енгізеді, ішкі саясат пен рәсімдерді жетілдіреді және өзектендіреді.

✔ Компания қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкестік қағидаттары мен стандарттарын оқыту бағдарламасын іске асырады және қолдайды.

✔ Компанияны сыбайлас жемқорлыққа тарту тәуекелін азайту мақсатында Компанияда контрагенттерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға қатысты да адалдықты (Duediligence) тексеру рәсімдері әзірленді.

✔ Компанияда бизнес-үдерістердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізіледі.

✔ Компанияда Деллойт тәуелсіз компаниясы қызмет көрсететін бірыңғай «жедел желі» жұмыс істейді.

2019 жылы Компания комплаенс бағдарламасын дамыту және комплаенс-мәдениетін нығайту шеңберінде төмендегідей жобалар мен бастамаларды іске асырды:

✔ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша үдерістерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізілді.

✔ 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ негізгі еншілес және тәуелді ұйымдарында (қамту 76%) және 100% бөлімшелерінде тәуекелдерді бағалау жүргізілді.

Қоғам мен ЕТҰ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мейлінше ұшыраған мынадай процестер анықталды:

Қоғамның комплаенс тәуекелдерін басқару саясатының талаптарына сәйкес, кез келген сыбайлас жемқорлық сызба үшін төзімділіктің нөлдік деңгейі белгіленген және әрбір жағдайда комплаенс тәуекелдің салдарлары мен пайда болу себептерін мейлінше азайту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Қоғам мен ЕТҰ-ның жауапты бөлімшелерінің Белгіленген, комплаенс тәуекелдерін мейлінше азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуі.

✔ Компанияның Директорлар кеңесі жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, оның орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.

✔ «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласында оқыту іс-шаралары өткізілді. Атап айтқанда, жаңадан қабылданған қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тақырыбы бойынша бейімдеу тренингтерінен өтті, Корпоративтік орталық пен еншілес және тәуелді ұйымдар қызметкерлеріне күндізгі оқу (оқу жоспарына сәйкес) өткізілді.

✔ Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының PR қызметкерлері үшін «Компанияның және оның қызметкерлерінің тыныс-тіршілігіндегі Комплаенс идеология» тақырыбында оқыту жүргізілді.

✔ Корпоративтік БАҚ-тарда комплаенс тақырыбы белсенді түрде насихатталды. Жыл бойы ішкі корпоративтік порталда жаңалықтар, мақалалар, іс-шаралар аңдатпалары жарияланды, ықтимал тәуекелдер мен сыбайлас жемқорлық дау-дамайлары (әлемдегі және елдегі) туралы, сондай-ақ заңнаманы және ІНҚ-ны бұзу фактілері туралы «жедел желіге» хабарлау қажеттілігі туралы танымдық бейнероликтер, ақпараттар орналастырылды.

✔ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның барлық компаниялар тобы бойынша үлгі шарттарға жеткізушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, сондай-ақ Тапсырыс берушіге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және жедел желі арқылы сатып алу ережелерінің кез келген болжамды және нақты бұзушылықтары туралы хабардар ету міндеттемелерін көздейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер енгізілген.

✔ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бос орындарына конкурстық іріктеу ережесіне кандидаттарды «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының лауазымды тұлғаларымен үлестес болуға тексеру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

✔ «Корпоративтік мәдениетті диагностикалау және дамыту» жобасын іске асыру мақсатында Компанияның корпоративтік құндылықтары әзірленді. Директорлар кеңесі Мінез-құлық кодексіне енгізілген өзгерістерді бекітті.

✔ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында Компанияның «Комплаенс» қызметі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп Корпоративтік орталық негізінде корпоративтік орталық және ЕТҰ қызметкерлері үшін «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша оқыту іс-шарасын ұйымдастырды.

Мүдделер қақтығысын реттеу

Мүдделер қақтығысын басқарудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын, әрі сақталуы Компанияда жеке мүдделер мен байланыстардың ықпалымен шешімдер қабылдау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретін талаптарды анықтау мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізіледі.

2018 жылы Компанияның Директорлар кеңесі «Самұрық-Энерго» АҚ-дағы корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясатын жаңа редакцияда бекітті. Басшы лауазымдағы қызметкерлер заңға мойынұсынушылығы және әдепті мінез-құлқы арқылы үлгі болуға және Саясаттың орындалуын белсенді қолдауға міндетті. Жұмысқа қабылдау кезінде барлық қызметкерлер осы құжатпен танысып, Кадр сауалнамасын толтырып, оған қол қояды. 2019 жылы Директорлар кеңесі Саясатқа өзгерістер енгізді, құжат мүдделер қақтығысын декларациялау рәсімімен толықтырылды. Бөлім бастығы және одан жоғары тұрған қызметкерлер жыл сайын Мүдделер қақтығысы туралы сауалнаманы толтырады.

Алдын ала іріктеу процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Қоғамдағы бос лауазымдарға және еншілес және тәуелді ұйымдардағы басшы лауазымдарға кандидаттар (лауазымдар тізбесіне сәйкес) «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының лауазымды тұлғаларымен үлестестігіне орай тексеріледі.

«Комплаенс» қызметі мүдделер қақтығысының болуы жағдаятына қатысты тұрақты мониторинг жүргізеді, 2019 жылы 1 ықтимал мүдделер қақтығысы реттелді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері Алаяқтыққа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатымен 100% танысқан болатын. Саясат туралы білімді тестілеу нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің осы саладағы білімдері тексеру 100% қамтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен әдістер туралы ақпарат алып, оқу курстарынан өткен қызметкерлердің аймақтар және қызметкерлер санаттары бойынша бөлгендегі саны

Жыл сайын Қоғам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен ішкі құжаттардың талаптарын білу бойынша тексерулер жүргізіледі.

2019 жылы Компанияның Комплаенс қызметі «жедел желіге» түскен өтініштер бойынша 6 қызметтік тергеу, 10 комплаенс тексеру жүргізіп, еншілес және тәуелді ұйымдарда ішкі нормативтік құжаттар мен заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Еншілес және тәуелді ұйымдардағы тексерулер мен тергеулердің нәтижелері бойынша тәуекелдерді азайту бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ басшылар мен жоғары лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2019 жылдың қорытындылары бойынша компаниялар тобыында еншілес ұйым басшысының іс-әрекетінде орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша 1 іс тіркелді, қызметтік тергеу нәтижелері уәкілетті органға жіберілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, процестің ашықтығын және меритократия қағидаларын сақтауды болдырмау мақсатында Комплаенс қызметі Компания өткізетін конкурстық комиссияларға, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың басшы қызметкерлерін келісуге белсенді қатысады.

«Комплаенс» қызметі 2019 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерге уақтылы жауап қайтару және талаптарды сақтау мақсатында тұрақты түрде қадағалап отырды.