Компанияның негізгі міндеті — дұрыс болжау және жоспарлау арқылы тәуекелі жоғары ортада өмір сүруді қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге тәуекелдерді мүмкіндіктерге айналдыру және болжанбаған болашаққа дайындалу.Компанияның қағидаттары, бағдарламалары, есептері, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы жаңа жобалары туралы барлық ақпарат https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/ sustainable-development корпоративтік сайтының «Орнықты даму» бөлімінде орналастырылады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл

Самұрық-Энерго» АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимылы Компанияның клиенттері мен қызметкерлерінің, серіктестері мен өнім берушілерінің дамуына және болашағына инвестициялар салуға дайындығына, Қоғамның да, жергілікті қоғамдастықтың да орнықты дамуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Компанияның қатысу аумағы үшін маңызды аудандарға әлеуметтік инвестициялар салуға, сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерге барабар және икемді жауап беру үшін барлық адамдармен өзара іс-қимыл жасауды дамытуға негізделген.

Компания 2019 жылы өз қызметі процесінде өзара іс-қимылды жүзеге асыратын әлеуетті стейкхолдерлердің толық тізбесін анықтап, стейкхолдерлер үлесін, олардың мүдделерін сипаттай отырып, және қабылданған Митчел, Агла және Вуд моделіне сәйкес оларды бағалап, стейкхолдерлер картасын өзектендірді.

«Самұрық-Энерго» АҚ стейкхолдерлер картасы

Шартты белгілер:

Ішкі стейкхолдерлер — ұйым қабылдайтын шешімдерге тікелей немесе маңызды.

Сыртқы стейкхолдерлер — ұйым қабылдайтын шешімдерге жанама әсері бар.

Ескертпе: Шеңбердің көлемі ұйымның стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау дәрежесін көрсетеді. Шеңбердің ең кіші көлемі өзара іс-қимыл жасаудың шектеулі дәрежесін көрсетеді. Шеңбердің көлемі ұлғайғанда өзара іс-қимыл жасаудың дәрежесі ұлғаяды.

Коммуникациялық стратегия миссиясы: Мақсатты аудиторияға толық, барынша ашық және қызмет нәтижелері туралы жедел ақпаратты ұсына отырып, Компанияның жағымды имиджін қамтамасыз ету.

Коммуникациялық стратегия пайымы: Компанияны қоғамдық пікірдегі көшбасшылар санатына шығара алатын және Қазақстанның энергетикалық секторының даму мәселелеріне әсер ете алатын тиімді құрылған коммуникациялық арналар.

Сонымен қатар, Компания ақпаратты ашу қағидаттарын, тәртібін, мерзімдерін, тізбесі мен тәсілдерін, ақпарат түрлерін, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылды, ақпаратты қорғау шараларын, ашылатын ақпараттың сапасына мониторинг жүргізу мен бақылауды анықтау арқылы Ақпараттық саясатты өзектендірді.

«Самұрық-Энерго»АҚ-ның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Компания жыл сайын өзара іс-қимыл жоспарын әзірлейді. Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспары және жақсарту жөніндегі ұсыныстары бар мүдделі тараптармен кері байланыс механизмдерінің жұмысы бойынша есеп жыл сайын Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады.
2019 жылдың нәтижелері бойынша Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары бойынша іс-шаралар толық көлемде орындалды.

Компания өз қызметі аясында мынадай ұлттық және халықаралық ұйымдарға, қауымдастықтарға/ұйымдарға мүше болып табылады:

ТМД Электр энергетикалық кеңесі (бұдан әрі — ТМД ЭЭК). Қадағалаушы ретінде қатысуды 2012 жылдан бастады. ТМД ЭЭК-ге мүшелік ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергия жүйелерін шоғырландыру процесіне қатысуға, оның ішінде ұжымдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; энергия жүйелерінің параллель жұмыс істеуін камтамасыз етуге; ортақ электр энергетикасы нарығын құруға, энергетика саласында халықаралық шарттарды әзірлеуге; электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, техникалық ережелерді біріздендіру мен үйлестіруге және т.б. процестерге қатысуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы. (бұдан әрі — ҚЭҚ). 2011 жылдан бастап мүше болып табылады. ҚЭҚ-қа мүше болу ақпарат алмасуға және электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру мен дамытуға, сондай-ақ конференцияларға, семинарлар мен өзге де шараларға қатысуға мүмкіндік береді.

«KAZENERGY» қауымдастығы. 2009 жылдан бастап Қауымдастықтың мүшесі болып табылады. KAZENERGY қауымдастығына мүшелік ҚР-ның инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен іс-шараларға, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру шараларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуға, сондай-ақ құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық мәселелер бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі — ҚР ҰКП). (бұдан әрі — ҚР ҰКП). 2013 жылдан бастап ҚР ҰКП-ның мүшесі болып табылады. ҚР ҰКП-ға мүшелік кәсіпкерлік ортамен байланысты нығайтуға, электр энергетикасы бизнесін дамытуға, оның ішінде ҚР заңнамалық базасын жетілдіру аясында дамытуға ықпал етеді.

БҰҰ Жаһандық шарты. 2011 жылдан бастап мүшелік етеді. БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылу аясында Компания өз стратегиясында және күнделікті қызметінде Жаһандық шарттың он қағидатын ұстанатыны туралы хабарлайды.

Стейкхолдерлермен Кері байланыс механизмі

Компания үшін сыртқы және ішкі стейкхолдерлердің барлығының тыңдалуы өте маңызды. Компания өзінің беделін бағалайды және өз қызметкерлері мен стейкхолдерлерінен ең жоғары этика және адалдық стандарттарын және барлық заңнамалар нормаларын сақтауын талап етеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да, шынайы хабарлама қалдырған кез-келген адамды қудалаудан және жауапқа тартудан қорғайтын стейкхолддерлер үшін мынадай кері байланыс құралдары жұмыс істейді:

1. Жедел желі 24/7

Барлық стейкхолдерлерге арналған. Желіге жасырындығы мен құпиялылығын сақтауға кепілдік бере отырып, сыртқы тәуелсіз оператор қызмет көрсетеді.

8 800 080 30 30телефон нөмірі арқылы;

sk.hotline@deloitte.kz электрондық поштасы арқылы.

2. «Кері байланыс» нысаны https://www.samruk-energy.kz/ru/feedback-all. корпоративтік сайтында орналастырылған.

3. Жергілікті қоғамдастықтар, мердігерлердің қызметкерлері не жобаға қатысы бар тұлғалар https://www.samruk-energy.kz/ru/obratсайтында өз пікірін білдіре алатын, енгізілетін инвестициялық жобаларға байланысты тұлғалар санаты үшін «Кері байланыс» нысаны.

4. Акционерлер мен инвесторлар үшін Кері байланыс. Анкета инвестора: https://www.samruk-energy.kz/ru/shareholder/ independent-registrar

5. Деректерді көрсете отырып, туындайтын мәселелер бойынша өтініштер мына сайтта https://www.samruk-energy. kz/ru/company/contact-information

6. Омбудсмен Электрондық поштасы арқылы: o.bekbas@samruk-energy.kz Телефон нөмірі арқылы: 8/7172/69-23-56

Кері байланыстың механизмдері:

– қақтығыс жағдайларға уақытылы әрекет етуге және шешуге;

– сыртқы мүдделі тараптардың, қоғамдастықтардың және жеке азаматтардың алаңдаушылықтарға қатысты алдын алу шараларын талдауға және қабылдауға;

– Компанияның беделін нығайтуға және әлеуметтік кәсіпорын ретінде оған деген сенімін сақтауға мүмкіндік береді.

Компания 2018 жылы кері байланыстың барлық қолжетімді арналары бойынша келіп түсетін өтініштерді зерттеу тәжірибесін енгізді. Өтініштерді талдау және мониторингілеу Компанияға барлық мүдделі тараптардың алаңдаушылығын зерттеуге, жүйелі проблемалық мәселелерді анықтауға, кейіннен әрекет ету үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл бойынша қолданыстағы механизмдердің тиімділігін айқындауға мүмкіндік береді.

Өтініштердің статистикасы*

*«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының ағымдағы қызметіне жатпайтын өтініштер шоғырландырылды

Көрсетілген өтініштер қозғайтын аспектілер, ең көп өтініш берілген өңірлерді анықтау, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына жүгінген тұлғалар санаты, өтініштердің мәні бойынша статистика және шағымдарды талдау бойынша талданды. Әрбір шағымға белгілі бір санат берілді.

Шағымдардың саны

Өткен жылмен салыстырғанда шағымдардың жалпы саны 15,5%-ға өсті. Өтініштер мен шағымдардың көбеюі, ең алдымен, мына есептерді ұсынумен кері байланыс құралдарының кеңінен таралуына байланысты: «Комплаенс» қызметінің есептері, Жылдық есепті жариялау кезіндегі шағымдар туралы есеп беру, ішкі семинарлар мен кездесулер аясында кері байланыс құралдарын еске түсірудің өсуі және т.б.

Талдау нәтижесінде Компанияға келіп түскен барлық өтініштерге жауаптар уақтылы берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақтылы жауап бермегені үшін айыппұл салу туралы ақпарат түскен жоқ. Жауаптар мүдделі тараптар үшін қолайлы тәсілдермен берілді. Өтініштердің құпиялығы мен жасырындығы сақталды. Қудалау фактілері тіркелмеген.

Мүдделі тараптардың өтініштері бойынша қорытындылар Компанияның Директорлар кеңесіне жіберілді, онда ұсыныстар жасалып, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау сапасын жақсарту бойынша шаралар әзірленді.