«Экология» санаты

Әлемде электр және жылу энергиясы дәстүрлі түрде отынның қазбалы түрлерін пайдалану арқылы өндіріліп келді. Көмір, газ және мазутты жаққан кезде пайда болатын химиялық реакциялар тиісті бақылау болмаға жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін бірқатар заттардың табиғи жолмен түзілуіне алып келеді. Мұндай бақылау үшін Қазақстанда табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау құқығы түрінде мемлекеттік реттеу жүйесі жұмыс істейді.

ҚР Экологиялық кодексімен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының негізгі өндірістік қызметі арнайы табиғат пайдалану ретінде жіктеледі және тиісті талаптар мен нормативтермен реттеледі. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әрбір еншілес және тәуелді компаниясы алынған экологиялық рұқсат пен арнайы табиғат пайдаланудың басқа да шарттары шеңберінде қоршаған табиғи ортаға өзінің әсері үшін жауапты болады.

ҚР экологиялық заңнамасы табиғатты пайдаланушылар үшін экономикалық ынталандыру тетіктерін қолдана отырып, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріназайтуларына себеп болады. Сонымен бірге, «СамұрықЭнерго» АҚ экологиялық тұрғыдан жауапты компания бола отырып, тек ішкі заңнамамен ғана шектелмейді, сонымен қатар неғұрлым амбициялық халықаралық стандарттарға жақындауға ұмтылады. Орнықты даму қағидаттарын және озық әлемдік тәжірибені басшылыққаала отырып, Компания өзі үшін мақсаттары мен міндеттері Компанияның Даму стратегиясында ескерілген экологиялық саясатты анықтады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік қызметті жүзеге асыратын компаниялар тобы бойынша ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты енгізілді. ЭМЖ шеңберінде барлық ЕТҰ-да маңызды экологиялық аспектілеранықталады, экологиялық қатерлер мен мүмкіндіктерді бағалау және басқару жүргізіледі, рөлдер мен міндеттер бөлінеді, қоршаған табиғи ортаға теріс әсерді азайту мақсаттары белгіленеді, авариялық жағдайларды жою жоспарлары әзірленеді және т. б.

Табиғи ортаға залал келтірмейтін шаралар ретінде өндірістік экологиялық бақылау арқылы өндірістік процестердің тиімділігін тұрақты экологиялық бағалау жүргізіледі. Бақылау қоршаған ортаға эмиссиялар деңгейін, зиянды өндірістік факторларды өлшеуге және есептеуге негізделген. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз зертханаларды тарта отырып жүргізіледі. Өндірістік мониторинг объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ болып табылады.

Өндірістік мониторинг объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ болып табылады. Сонымен қатар, алдын-алу шараларына міндетті экологиялық сақтандыру және тарату қорлары жатады.

Сондай-ақ жаңа технологияларға: кезекті экологиялық және энергетикалық аудит аясында мамандар ұсынатын ЖЭК дамыту, отынсыз тұтату және энергия үнемдейтін басқа технологияларға ерекше назар аударылады. Ұлттық сарапшылар алдағы уақытта көмірдің Қазақстанда электр энергетикасын дамыту үшін ең сенімді стратегиялық отын түрі рөлін атқарады деген болжамын ескере отырып, біз көмір химиясын дамытуды және көмірді кешенді түрде терең өңдеуді қолдаймыз. Осы мақсатта Компания «Назарбаев Университеті» ДББҰ-мен бірлесіп «Таза көмір технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасын құрды.

2019 жылы қоршаған ортаны қорғаудың кешенді бағдарламасын іске асыру мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

— апаттық төгілулер мен басқа да эмиссия түрлерінің болмауы;

— ЖЭК және СЭС өндірісінің үлесі — «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобы өндірген жалпы өнімінің 9,5 %-ы — 2019 жылы станцияны жаңғырту жобасы шеңберінде «Шардара СЭС» АҚ екі гидроагрегаты пайдалануға берілді, Қапшағай қаласында «Samruk Green Energy» ЖШС-ның 416 кВт СЭС пайдалануға берілді — бұл «таза» генерация үлесінің өсуіне алып келеді;

— отын станцияларының өндіру үлесін төмендету және ГЭС өндіру үлесін ұлғайту есебінен 2018 жылмен салыстырғанда Самұрық-Энерго компаниялар тобы бойынша СО2 үлестік шығарындысын 1% — ға төмендеуі;

— шаңның нақты шығарындыларын (ұшпа күлді) 2%-ға, NOx шығарындыларын 3% -ға азайту;

— көмір өндіру көлемінің төмендеуі және НОШ-ты жақсарту есебінен күл мен күл-қож қалдықтары түзілуінің нақты көрсеткішінің 2018 жылмен салыстырғанда 6%-ға төмендеуі.

Экологиялық талаптарға сәйкестілік

Қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу үшін заңнамада инспекторлық экологиялық тексерулер көзделген, олардың нәтижелері бойынша заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар қойылуы мүмкін.

2019 жылы уәкілетті орган «АлЭС»АҚ ЖЭО-3 экологиялық заңнамасының сақталуына жоспардан тыс. инспекторлық тексеру жүргізді. Тексеру аяқталғаннан кейін СО, NOx және SO2 бойынша ластаушы заттардың шығарындылары нормативтерінің (г/сек) артқаны үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға қатысты уәкілетті орган Бақылау субъектісіне бару арқылы экологиялық талаптардың сақталуына профилактикалық бақылау жүргізді. ОКЦ-ның ЛЗ шығарындыларының көздерін аналитикалық бақылау нәтижелері бойынша органикалық емес шаң бойынша рұқсат етілген шекті шығарындылардың белгіленген нормативтерінің 70–20% (көмір тозаңы) артуы тіркелген, сондай-ақ шығарындыларындағы ЛЗ мөлшері белгіленген нормативтерден асатын автокөлік құралдарын пайдалану фактілері анықталды.

Айтарлықтай маңызды айыппұлдардың ақшалай құны және экологиялық заңнамалар мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны

Барлық айыппұлдар уақытында төленді. Түзету іс-шаралары орындалды.

Барлық жағдайлар шағымдармен жұмыс істеудің ішкі тетігіне сәйкес қаралды және пысықталды.

ҚР Экологиялық Кодексінің 81‑бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті экологиялық аудитін жүргізу үшін негіз болып табылады:

1) жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнен қоршаған ортаға келтiрiлген, құжат бойынша расталған елеулi залал;

2) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды тұлғаны қосу, бөлу және бөлiп шығару түрiнде қайта ұйымдастыру;

3) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы — заңды тұлғалардың банкроттыққа ұшырау.

2019 жылы аталған заңды негіздердің болмауына байланысты Самұрық-Энерго тобының кәсіпорындарында міндетті экологиялық аудит жүргізілген жоқ.

2019 жылы қоршаған ортаны қорғау тақырыбына жеке және заңды тұлғалардың 7 өтініші тіркелді, оның 6‑ы «АлЭС»АҚ атына түсті.

Түрі бойынша қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар мен инвестициялар

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның I-ІІІ санаттағы әрбір ЕТҰ-да уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бар, оны орындау арнайы табиғатты пайдаланудың міндетті шарты болып табылады.

«Су және ағынды сулар» аспектісі

Қазіргі уақытта әлемде таза судың жетіспеуіне байланысты дағдарыс бар; сарапшылар проблеманың шиеленісуі оған тиісті көқарас болмайынша түзелмейді деп болжайды. Сонымен, 2018–2028 жж. онжылдығын Біріккен Ұлттар Ұйымы судың орнықты дамудағы алатын рөліне арнап, халықаралық онжылдықты жариялады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік қызметінде бұл жаңартылатын табиғи ресурс СЭС пен ЖЭС-те электр қуатын өндіру үшін генератор роторын айналдыруға мүмкіндік беретін күш ретінде, сонымен қатар жылу гиясын ЖЭО мен қазандықтарға беру және тасымалдау кезінде жылу тасығыш ретінде қолданылады.

Сонымен қатар, су қоймаларын толықтыруға, күл жағажайларын суаруға, күл үйінділеріндегі су деңгейін ұстап тұруға және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде су электр станциялары мен жылу электр станциялары бар екенін ескере отырып, біз сумен өзара әрекеттесуді суды пайдалану және суды тұтыну бойынша бөлеміз. Сонымен бірге, алынған су көлемінің 98,5% -ы су электр станцияларында суды пайдалану, ал 2% -ы суды тұтыну ретінде жіктеледі.

Суды пайдалану және суды тұтыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, ол су объектілері аймақтарындағы санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтауға және жақсартуға бағытталған: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары әзірленген жобалар мен уәкілеттімемлекеттік органдармен келісілген және арнайы рұқсатберілген құжаттармен регламенттелген нормативтерге сәйкес өндірістік қажеттіліктермен анықталған көлемде су жинайды.

Осылайша, технологиялық қажеттіліктерге арналған судың негізгі көздері: Шарын өзені және Бестөбе су қоймасы (Мойнақ ГЭС), Сырдария өзені мен Шардара су қоймасы (Шардара ГЭС), Қ.Сәтпаев атындағы арна (Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ), Шідерті арнасы («Екібастұз ГРЭС-2» АҚ) Үлкен Алматы көлі және Үлкен Алматы өзені бассейні (Каскад ГЭС), Қапшағай су қоймасы (Қапшағай ГЭС) болып табылады.

Екібастұз станцияларындағы табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында толтырылатын салқындатқыш су қоймалары және тура ағынды гидравликалық күл шығару жүйесі бар кері су беру жүйелері қолданылады, Алматы станцияларында, кері су беру жүйелерінен басқа, күл мен қож қалдықтарын жоюдың бірегей технологиясының арқасында күл үйінділерінен шыққан ағынды сулар қайта пайдаланылуда.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындарының ағынды суы өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардан тұрады. Ағынды сулардың негізгі көлемі өнеркәсіптік ағынды сулар болып табылады, олар табиғи объектілерге тасталмайды. Олар күл және қож қалдықтарын күл үйінділеріне шығару үшін гидротехника ретінде қолданылады.

Ағынды сулардың сапасы мен көлемі заңнамамен реттеледі және ағызылғанға дейін ағынды сулар бекітілген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес тиісті тазартудан өткізіледі. Сонымен қатар, жер үсті сулары ортасына, сарқынды суларға бақылау, бақылау ұңғымаларының желісі арқылы судың және жер асты суларының температуралық режимінің өзгеру процестеріне мониторинг, ТӨҚ жүйесінің жабдықтары мен құбырларына жөндеу тұрақты жүргізіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның су ресурстарын қорғау саласындағы негізгі міндеттері әсерді азайту, соның ішінде:

— тұщы суды тұтынуды азайту;

— ағынды сулардың ағып кетуін және ағынды сулардағы зиянды заттардың шоғырлануын азайту;

— қайта пайдаланылатын су үлесін (су айналымын) арттыру болып табылады.

Суды пайдалану