Атқарушы орган

Компанияның күнделікті міндеттерін жедел және тиімді шешуді, сондай-ақ даму стратегиясы мен жоспарын іске асыруды қамтамасыз етудегі шешуші рөл Басқарма түріндегі алқалы атқарушы органға тиесілі.

Басқарма мыналарды:

1) өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына, Қоғамның Жарғысына және ішкі құжаттарына, Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асыруды;

2) тәуекелдерді дұрыс басқару және ішкі бақылауды;

3) жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындау үшін ресурстар бөлуді;

4) компания қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

5) компания қызметкерлерінің мүддесі мен адалдығы ахуалын құруды, корпоративтік мәдениетті дамытуды қамтамасыз етеді.

31.12.2019 ж. жағдай бойынша Басқарма құрамы:

1. Б.Т.Жоламанов

2. С.С Түйтебаев

3. М.А.Ұлданов

4. М.Ә. Әмірханов

5. А.Қ.Рысқұлов

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 28 ақпандағы шешімімен (№02/20 хаттама) Басқарма мүшесі М.А. Әмірханов өз өкілеттігін тоқтатты.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 27 наурыздағы шешімімен (№03/20 хаттама) Р.Қ. Қарағайшиев «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды.

Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы

Басқарма Төрағасы

Туылған жылы: 1966 жыл 23 желтоқсан

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Компанияның бірінші басшысы болып табылады және Қоғамның атқарушы органына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz

Түйтебаев Серік Сүйінбекұлы

Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі.

Туылған жылы: 1958 жыл 27 мамыр

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша: компаниялар тобының өндірістік-техникалық қызметін үйлестіру және республикалық бюджет қаражатын компаниялар тобының жұмыс көлемінің уақытылы және сапалы орындалуына қатысты мақсатты игеруі бойынша жұмыстарды бақылау бойынша үйлестіреді және оған бақылау жасайды; қолданыстағы өндірісті және күрделі құрылысты Жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасының мәселелерін қарайды; «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында тарифтік науқанның уақтылы жүргізілуін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметті бақылайды.

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz

Қарағайшиев Руслан Қазбекұлы

Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі.

Туылған жылы: 1978 жыл 30 сәуір

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Компанияның құқықтық мәселелерін, тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылау жүйесін бақылауды және үйлестіруді, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарларын жасауды және іске асыруды, тұрақты дамуды басқаруды, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл саясатын жүзеге асыруды, корпоративтік басқару жүйесін Қоғамда және Қоғамның еншілес ұйымдарында жетілдіруді жүзеге асырады.

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады:www.samruk-energy.kz

Ұлданов Марат Асқарұлы

Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі

Туылған жылы: 1980 жыл 29 желтоқсан

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Сату стратегиясын әзірлеу мен іске асыру, Қоғамда халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша жұмысты, Компанияның экспорттық әлеуетін жылжыту жөніндегі шараларды үйлестіреді; электр энергиясы мен көмірдің жаңа нарықтарын дамыту бойынша сауда операцияларын және Қоғамның инвестициялық жобаларын Мемлекеттік индустриялық-инновациялық дамудың бағдарламасына, республикалық және аймақтық индустрияландыру карталарына қосуды қамтамасыз етеді.

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады www.samruk-energy.kz

Рысқұлов Айдар Қайратұлы

Управляющий директор по экономике и финансам, член Правления

Туылған жылы: 1981 жыл 20 қыркүйек

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Компанияның қаржылық-экономикалық мәселелері, активтер мен пассивтерді басқару, қаржы тарту, бухгалтерлік есеп және есеп беру саласындағы қызметін үйлестіреді, Даму стратегиясының орындалуын бақылайды.

Түйіндеменің толық нұсқасымен мына сайтта танысуға болады www.samruk-energy.kz

Басқарма қызметі

Негізгі қаралған мәселелер

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша: ЕТҰ ішкі нормативтік құжаттары, ЕТҰ қызметкерлерінің жалпы саны, ұйымдық құрылымы, штаттық кестесі, лауазымдық жалақыларының сызбалары, Компаниялар тобы қызметкерлерінің жалақылары бекітіліп, ЕТҰ инвестициялық жобалары, ЕТҰ жарғылық капиталдары мөлшерлерінің өзгеруіне қатысты мәселелер, ЕТҰ жарғыларына өзгерістер енгізу, «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерінің ЕТҰ органдарында дауыс беруіне қатысты ұстанымдарын анықтау және басқаларына қатысты мәселелер қаралды.

«Самұрық-Энерго» АҚ бойынша: «Самұрық-Энерго» АҚ ІНҚ, оның ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сыртқы әлеуметтік жобалардағы өзара іс-қимыл жасау регламенті, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Өзгерістерді басқару стандарты, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қағидасы, «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі бақылауды ұйымдастыру және өткізу қағидасы, «Самұрық-Энерго» АҚ Жастар саясаты туралы ереже және т.б. бекітілді.

Басқарма мүшелеріне сыйақы беру

Компания Басқармасының қызметін бағалау және сыйақы беру шарттары мен тәртібін белгілеу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің қызметін бағалау және оларға сыйақы беру қағидалары» жұмыс істейді.

Қағида мынадай қағидаттарға сүйенеді:

1) сыйақының Компания мен оның акционерінің мүдделеріне сәйкес келетін міндеттердің орындалуымен өзара байланыстылығы;

2) сыйақы мөлшерін анықтау қағидаттарының қарапайымдылығы мен ашықтығы;

3) сыйақы мөлшерінің Компания қызметінің нәтижелеріне және қызметкерлердің нәтижелілігіне тәуелділігі.

Атқарушы органның басшысы мен мүшелерін Директорлар кеңесі бағалайды. Бағалаудың негізгі критерийі алға қойылған ҚНК-ге қол жеткізу болып табылады.

2019 жылы негізгі басқарушы персоналға берілген сыйақы мөлшері 139 906 мың теңгені құрады, соның ішіне атқарушы орган мүшелерінің негізгі жалақысы, жыл қорытындысы бойынша жыл сайынғы сыйақы және басқа да қысқамерзімді төлемдер енді.

Басқарма комитеттері

Басқарма жанында сарапшыларға мейлінше күрделі мәселелерді шешуде көмек көрсету үшін құрылған консультативтік-кеңесші органдар жұмыс істейді.

Барлық комитеттер Қоғам Басқармасына есеп береді және осы органдар туралы ережелерге сәйкес өздеріне Басқарма берген құзырет шегінде әрекет етеді.

Тәуекелдер жөніндегі комитет

Комитет Басқармаға Компанияның тәуекелдерін басқару және ішкі бақылау саласында шешімдер қабылдауына көмектеседі, тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін, ішкі бақылауды ұйымдастыру, жүргізу, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тәуекелдерді анықтауға, өлшеуге, бақылауға және басқаруға арналған процестерді дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсыныстар дайындайды. Комитет сонымен бірге осы салалардағы жұмыстардың үйлестірілуін бақылау бойынша ұсыныстар әзірлеумен айналысады.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы – Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор;

Комитет төрағасының орынбасары – Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор; Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор; Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор; Қаржы контролері; «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаментінің директоры; Ішкі Аудит қызметінің жетекшісі (дауыс беру құқығынсыз); «Комплаенс» қызметінің басшысы (дауыс беру құқығынсыз).

2019 жылғы есеп
Отырыс саны 4
Қаралған мәселелер саны 9
Қатысуы, % 84
Негізгі мәселелер

• Негізгі тәуекелдер туралы сипаттама мен талдауы берілген Тәуекелдерді басқару жөніндегі есепті, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018 жылғы 4-тоқсандағы, 2019 жылғы 1, 2 және 3-тоқсандағы тәуекелдерді азайту жоспарлары мен бағдарламалары бойынша мәліметтерді туралы ақпаратты алдын ала мақұлдау туралы;

• «Самұрық-Энерго» АҚ Шоғырландырылған тәуекелдер тізілімін, шоғырландырылған тәуекелдер картасын, әр негізгі тәуекелге қатысты төзімділік деңгейлерін анықтайтын негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2020 жылға арналған негізгі тәуекел көрсеткіштерінің паспортын алдын ала мақұлдау туралы;

• «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2020 жылға арналған тәуекелге тәбетін алдын-ала мақұлдау туралы;

• «Самұрық-Энерго» АҚ-да және еншілес ұйымдарда (периметр бойынша) 2020–2021 жылдарға арналған «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыру жоспарын алдын ала мақұлдау туралы;

• Департаменттің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті қарау туралы;

• Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы есепті және Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарынбекіту туралы;

• Департаменттің 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.

Қызметті жоспарлау және бағалау комитеті

Комитеттің негізгі мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметінің тиімділігін арттыру, оның ішінде олардың активтері мен шығындарының құрылымын оңтайландыру, ҚНК-ге мониторинг жүргізу, Даму жоспарларын, қаржылық есептілікті қарау

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы – Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;

Комитет төрағасының орынбасары – Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор; Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; «Қаржылық Бақылау» департаментінің директоры; «Баға Мониторингі және Санаттарды Басқару» департаментінің басшысы; Ішкі Аудит Қызметінің аудиторы (дауыс беру құқығынсыз).

2019 жылғы есеп
Отырыс саны 27
Қаралған мәселелер саны 53
Қатысуы, % 100%
Негізгі мәселелер

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2020–2024 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын қарау туралы.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының Жылдық бюджетінің жобасын қарау туралы.

Бекітілген бюджетке түзетулерді келісу туралы.

Инвестициялық-инновациялық кеңес

Кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша инвестициялық және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Осы мақсаттар үшін Кеңес инвестициялық және инновациялық қызмет, инвестиция алды және инвестициялық жобалар сатысының белгіленген кезеңдерін іске асыру, келесі сатыға көшуге қатысты ұсыныстар әзірлейді, Компанияның басқа заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін), оның ішінде жер қойнауын пайдаланумен байланысты объектінің жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алудағы басымдық құқығын іске асыру аясында сатып алу және иеліктен шығару, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобын сыртқы заңды тұлғалармен біріктіру, инвестициялық жобалар аясында заңды тұлғаларды құру бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы Басқарма Төрағасы;

Комитет төрағасының орынбасары – Өндіріс және Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Дамыту және сату жөніндегі басқарушы директор; Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор; Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор; Қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; Жобалау Офисінің Басшысы; «Комплаенс» қызметінің басшысы – дауыс беру құқығынсыз сарапшы ретінде; «Самұрық-Энерго» АҚ Ішкі Аудит Қызметінің бас аудиторы – дауыс беру құқығынсыз сарапшы ретінде;

Тәуелсіз сарапшы – «Алматы энергетика және байланыс университеті» ҰАҚ өкілі.

2019 жылғы есеп
Отырыс саны 10
Қаралған мәселелер саны 19
Қатысуы, % 90%
Негізгі мәселелер

«Қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайта отырып, Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту» жобасының инвестиция алды кезеңін мақұлдау туралы.

«Алматы облысы бойынша сымдарды СИП-ке ауыстыра отырып, 10-6/0,4 кВ электр желілерін қайта құру» жобасын іске асыру барысы туралы.

Кредит комитеті

Кредит комитетінің негізгі міндеттері кредит (заемдар), қаржылық көмек және кепілдік бере отырып тарту арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ активтері мен пассивтерінің құрылымын тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеумен байланысты мәселелер бойынша уақытылы және сапалы шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет құрамы:

Комитет төрағасы Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор;

Комитет мүшелері – Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; «Қазынашылық және Корпоративтік Қаржы» департаментінің директоры; «Тәуекел Менеджменті және Ішкі Бақылау» департаментінің директоры; Жобалау Офисінің басшысы; Қаржы контролері.

Тәуелсіз сарапшы – «Комплаенс» қызметінің басшысы.

2019 жылғы есеп
Отырыс саны 10
Қаралған мәселелер саны 16
Қатысуы, % 89%
Негізгі мәселелер

«Шардара СЭС» АҚ, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі және «Самұрық-Энерго» АҚ арасында 2012 жылғы 24 тамызда жасалған кредиттік келісімге №7 өзгертулер мен толықтырулар туралы енгізу туралы қосымша келісім жасау туралы.

«Мойнақ ГЭС» АҚ мен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арасында жасалған Банктік қарыз шартына №25 қосымша келісім жасасуды мақұлдау туралы.

«Ereymentau Wind Power» ЖШС мен Еуразия даму банкі арасында Кредиттік шарт жасауды мақұлдау туралы

Кадрлар және сыйақылар комитеті

Комитет 2018 жылы құрылды. Комитет қызметінің мақсаты адам ресурстарын бсқару мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, кадр саясатының Компанияның Стратегиясына сәйкестігін талдау, бағалау және мониторингілеу, Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының басшы және басқарушы қызметкерлері лауазымдарының тізбесін қарастыру, Басқарма жүзеге асыратын тағайындауларды тағайындау немесе келісу болып табылады.

Комитет құрамы:

Комитет Төрағасы - Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директор;

Комитет Төрағасының орынбасары – Басқарма Төрағасы Офисінің басшысы;

Комитет мүшелері – Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор; Тәуекелдер және құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор; Басқарма Төрағасының кеңесшісі (қауіпсіздік бойынша); «Адам Ресурстарын Басқару» департаментінің директоры.

2019 жылғы есеп
Отырыс саны 13
Қаралған мәселелер саны 44
Қатысуы, % 100%
Негізгі мәселелер

Адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу (штаттық кестені/лауазымдық жалақы сызбасын, кадр саясатын бекіту бойынша ұсыныстар беру).

Басқарма жүзеге асыратын лауазымдарды тағайындау немесе келісу.

«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының 2019 жылғы 25 қарашадағы шешімімен (№35 хаттама) Басқарма жанындағы Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитеттің қызметін тоқтату туралы шешім қабылданды.

Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау комитеті

Комитет қызметінің мақсаты еңбекті және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты тәуекелдерді сәйкестендіру және басқару саясаттары мен жүйелердің тиімділігін бағалау мәселелері бойынша тиісті ұсыныстар беру арқылы Компанияның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәселелерді шешуде тиімді жұмысын қамтамасыз ету; өлімге әкеп соқтыратын барлық жазатайым оқиғаларды, сондай-ақ маңызды инциденттерді және мұндай оқиғалар мен инциденттер нәтижесінде жасалатын шараларды талдау; еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлігінде кез келген тәуеліз аудиторлық тексерістердің нәтижелерін зерттеу, қозғалатын мәселелерге жауап ретінде әзірленген кез келген стратегияларға және іс-қимыл жоспарларына шолу және мүмкін болған жағдайда Директорлар кеңесіне аталған мәселелерге қатысты ұсыныстар беру болып табылады.

Комитет құрамы:

Комитет Төрағасы – Басқарма Төрағасы

Комитет Төрағасының орынбасары – «Еңбекті және Қоршаған ортаны Қорғау» департаментінің директоры

Комитет мүшелері – «Генерация және Отын» департаментінің директоры; «ЖЭК және Тарату» департаментінің директоры; «Корпоративтік Басқару және Орнықты Даму» департаментінің директоры; «Еңбекті және Қоршаған ортаны Қорғау» департаментінің бас менеджері.

2019 жылғы есеп
Отырыс саны 4
Қаралған мәселелер саны 9
Қатысуы, % 95%
Негізгі мәселелер

«Самұрық – Энерго» АҚ компаниялар тобында еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару бойынша 2020 жылға арналған ісшаралар жоспарын қарау.

Кәсіпорынның «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің жеке жауапкершілік жүйесі» стандартын қарау.

Басшылар мен қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласында табыстарға қол жеткізуге көтермелеу, ынталандыру және мотивациялау мақсатында тиімді бағалау-мотивациялық жүйені әзірлеу, енгізу және тұрақты жетілдіру қажеттілігі туралы мәселелерді қарау.