2018–2028 жылдарға арналған даму стратегиясы

Даму стратегиясы

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018–2020 жылдарға арналған даму стратегиясын Директорлар кеңесі 2018 жылғы 28 тамызда бекітті (ДК №08/18 хаттамасы).

«Самұрық-Энерго» АҚ стратегиясы компанияның жұмыс істеу жағдайына әсер ететін сыртқы орта мен энергетика саласының негізгі үрдістерін ескере отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы ұстанымдарына негізделеді. Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін анықтау PESTEL-талдау, макроэкономикалық және салалық үрдістерді талдау, сондай-ақ ішкі ортаны талдау негізінде құрылды.

Макроэкономикалық үрдістер

Бүгінгі таңда әлемдік энергетика алдында энергетикалық трилемманың компоненттері: электр энергиясының экономикалық қолжетімділігі, жабдықтау сенімділігі және экологиялық тұрақтылық арасындағы оңтайлы теңгерімді табу бойынша ауқымды міндет тұр. Бұл ретте, трилемма құрауыштарын теңгерудің басымдығы, әдетте, көп жағдайда елдің даму деңгейімен айқындалады және дамушы елдер жағдайындағы электр энергиясының экономикалық қол жетімділігінен дамыған елдер жағдайындағы экологиялық тұрақтылыққа ығысады.

Жаһандық энергетикалық трилемма және ел дамуындағы императивті Негізгі

Негізгі қауіп-қатерлер

Қазіргі уақытта Компанияның алдында оның ағымдағы жағдайының, сыртқы ортаның сипаттамалары мен даму үрдістерінің салдары болып табылатын бірқатар негізгі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлер тұр.

Негізгі сыртқы қауіп-қатерлер
1

Қуат нарығын ендіру

Электр қуаты нарығы аясында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолда бар электр станцияларының үздіксіз жұмысы үшін өндіруші жабдықтың тозу деңгейін қысқарту жөніндегі болжамдар. Жаңа қуаттарды салу және жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңғырту, қайта құру болжанады.

2

ЕАЭК жалпы электр энергиясы нарығын қалыптастыру

ЕАЭК-тың жалпы электр энергетикалық нарығын енгізу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Кеңеске қатысушы елдердің нарықтарына жеңілдетілген қолжетімділікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар электр энегиясының сыртқы жеткізушілері үшін ішкі нарықтың ашықтығын атқарады.

3

Бос қуаттардың болуы

Қазақстан Республикасында генерацияның едәуір бөлігі өзара байланысты, яғни электр энергиясын жеткізуші үлестес компанияларға жатады. Өзара байланысты генерация құрамындағы энергия блоктар жалпы алғанда еркін нарықта жұмыс істейтін электр станцияларымен салыстырғанда жүктеменің ауқымды деңгейімен сипатталады және олардың кепілді өткізу нарығы бар. Байланысты генерацияны дамыту Компанияның өткізуді кеңейту жөніндегі нарықтық мүмкіндіктерін шектейді (белсенді бәсекелестер, біліктіліктің жеткіліксіздігі, электр энергиясын өңіраралық беруге арналған жоғары тарифтер).

4

Көмірді сату көлемдерінің төмендеуі

Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін меншіктік станциялар жүктемелерінің төмендеуі көмірді сату көлеміне жағымсыз әсер етеді. ҚР-дағы бөгде тұтынушылардың Екібастұз көмірін тұтынудың өсу әлеуеті шектеулі. РФ-ға жеткізу көлемі ауыспалы сипатқа ие, ол РФ-да электр энергиясын тұтынудың өсуімен байланысты. Сонымен қатар, Ресей көмір станцияларын ішкі өндірушілердің көміріне немесе табиғи газға ішінара ауыстыру бойынша РФ саясаты жалғасуда

5

Экологиялық заңнама талаптарын күшейту

Қазіргі уақытта әлемде қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендетуге арналған тұрақты тренд байқалады. Қазақстан Республикасының экология саласындағы халықаралық қатынастардың белсенді қатысушысы ретінде және Самұрық-Энергоның экологиялық және әлеуметтік жауапты компания ретінде қабылдаған міндеттемелері қоршаған ортаны қорғау саласындағы үрдістерге проактивті әрекет жасау қажеттілігін белгілейді.

6

ЖЭК-ті дамыту жөніндегі реттегіш ортаның өзгеруі

ЖЭК объектілерін салу үшін аукциондық сауда-саттық тетігі ендірілді. Аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін қаржылық қамтамасыз етуді енгізу қажет болатын белгіленген шекті аукциондық бағалардан бастап электр энергиясына бағаны төмендету қағидаты бойынша жүргізіледі.

7

Бизнесті цифрландыру

Қазіргі уақытта әлемде өндірістік және операциялық процестерді цифрландыру тренді байқалады, ол уақыт шығындарын оңтайландыруға, операциялық тиімділікті арттыруға және автоматтандырылған режимде алынатын талдау деректерін дамытуға әсер етеді.

Негізгі ішкі қауіп-қатерлер
1

Жекешелендіру бойынша кешенді жоспар

1.2016–2020 жылдарға арналған Кешенді жекешелендіру жоспары аясында Компанияның активтерін әділ нарық баға бойынша сатуды қамтамасыз ету қажеттігі.

2

Операциялық тиімділікті арттыру

Компанияның операциялық тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігі.

ПАЙЫМДАУ

Тиімділігі жоғары технологиялық операциялық энергетикалық компания – Қазақстан энергетикасының көшбасшысы.

МИССИЯ

Акционерлер үшін құндылық қалыптастыру, орнықты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, энергия ресурстарын сенімді жеткізу, жоғары технологиялық даму жолымен артып отырған сұранысты қанағаттандыру.

«Самұрық-Энерго» АҚ жағдайының SWOT-талдауы

Күшті жақтары

✔ Өндіруде өзіндік құны төмен энергеткалық көмірдің мол қорының болуы
✔ Қазақстан Республикасындағы қуат көздері тозуының жалпы деңгейіне қарағанда тиімді энергетикалық қуаттар
✔ Мемлекет және Қор тарапынан қолдау

Әлсіз жақтары

✔ Белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің төмен болуы
✔ Баға ұсыныстарын басқару мүмкіндіктерінің төмен болуы

Мүмкіндіктер

✔ Жыл сайын электр тұтыну көлемінің өсуі, бәсекеге қабілеттіліктің артуы және инвестициялық бағдарламаны іске асыру есебінен электр энергиясын өндіру көлемінің артуы
✔ Экспорттық әлеуеттің дамуы
✔ Нарық қажеттілігіне сәйкес қуат балансын оңтайландыру (ЖЭС, ЖЭО, СЭС, ЖЭК)
✔ Стратегиялық серіктеспен бірлесіп, ЖЭК-өндірісінің дамуы
✔ Көмірді пайдалану бағыттарын, оның ішінде байыту есебінен кеңейту

Қауіптер

✔ Тарифтерді ұстап тұру жөніндегі мемлекеттік саясат («тарифтік тыныштық» қағидасы)
✔ Байланысты өндіруді сақтау және кеңейту
✔ Өндіруші қуаттардың сұранысы мен ұсыны- старының арасындағы айырмашылықтың өсуі
✔ Экологиялық заңнаманы шамадан тыс. күшейту
✔ ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын дамыту есебінен Қазақстан Республикасының нарығына қолжетімділікті арттыру
✔ Көрші елдердегі геосаясаттың тұрақсыздығы
✔ УВалюталардың айырбас бағамының әлсіреуі себебіненн ірі инвестициялық жобалардың қымбаттауы

Стратегиялық мақcаттар

Қатысушы нарықтарда энергия ресурстарының сенімді әрі бәсекеге қабілетті жеткізілімін қамтамасыз ету

Акционерлік капиталдың құнын арттыру

Орнықты даму

Стратегиялық бастамалар

Сату тиімділігін арттыру

Қызмет тиімділігін арттыру

Инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асыру

Корпоративтік басқару және орнықты даму

Міндеттер

✓ Электр энергиясы мен көмірді ішкі нарықта өткізуді арттыру
✓ Электр энергиясы мен көмірді сыртқы нарықта өткізуді арттыру

✓ Жумыс істеп түрған қуаттардың операциялық тиімділігін арттыру
✓ Инновациялық дамыту және цифрландыру
✓ Қаржылық тұрақтылықты арттыру
✓ ПАктивтердің мақсатты қурылымына өту
✓ Компанияның трансформациялау бағдарламасын іске асыру

✓ Инвестициялық жобаларды іске асыру

✓ Тиімді корпоративтік басқару
✓ Адам капиталын дамыту
✓ Орнықты даму саласында бастамаларды іске асыру

Негізгі стратегиялық міндеттерді іске асыру қорытындылары

✔ Ішкі және сыртқы нарықтарды электр энергиясы мен көмірді өткізудің ұлғаюы

Компанияда 28,6 млрд кВтсағ көлемінде электр энергиясын жеткізу қамтамасыз етілді, оның ішінде 966,3 млн кВт.сағ көлемінде Өзбекстанға экспортталды.

✔ Қызметтің тиімділігін арттыру

Аталған тапсырма бойынша өндірістік шығындарды оңтайландыру бойынша бірқатар шаралар іске асырылды, оның ішінде:
«ГРЭС-1» ЖШС-дағы отынның (көмір, мазут) үлесті шығыны мен технологиялық мұқтаждықтарға арналған су шығындары азайтылды, соның нәтижесінде үнемділік шамамен 1 млрд теңгені құрады.
Отын-энергетикалық ресурстарға (дизельдік отын, бензин) арналған шығындарды оңтайландырудан түсетін пайда шамамен 1 млрд теңгені құрады.
Жабдықтың техникалық жай-күйін ескере отырып жүргізілетін жөндеуге жұмсалатын шығыстарды оңтайландырудан түсетін пайда шамамен 1 млрд теңгені құрады.

✔ Инновациялық даму және цифрландыру

«Екібастұз кен орнының (ҒЗТКЖ) жоғары күлді көмірлерін жағу үшін қазандық агрегаттарының оттық құрылғыларының технологиясы» жобасын іске асыру шеңберінде Назарбаев Университеті базасында ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды.
«Қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесі» жобасы бойынша қазіргі уақытта Қытайда жабдықты жеткізушілердің арасында инжинирингтік талдау жүргізілді, сондай-ақ Қытайда Екібастұз көміріне тиісті зертханалық сынақтар жүргізілді.
Цифрландыру бойынша жобаларға ағымдағы инфрақұрылымның дайындығы тұрғысынан алғашқы тексеру жүргізілді, қорытындысы бойынша Цифрландыру бағдарламасының тұжырымдамасы қалыптастырылды. Сондай-ақ «Қуатты реттеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу» жобасы іске қосылды.

✔ Қаржылық тұрақтылықты арттыру

Компания жүргізген іс-шаралар шеңберінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қарызды басқару және қаржылық тұрақтылық саясатында көзделген қарыз/EBITDA, EBITDA/пайыздық сыйақы бойынша шығыстар,Қарыз/СК қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізілді және тиісінше тәуекелдің жасыл аймағына қол жеткізілді.

✔ Инвестициялық бағдарламаны тиімді іске асыру

Компания инвестициялық бағдарламаны тиімді орындауға және меншікті капитал кірістілігінің талап етілетін деңгейін сақтауға ұмтылады. Қазіргі уақытта іске асыруды аяқтаудың орташа мерзімі бар іске асырылатын неғұрлым маңызды жобалар «Екібастұз ГРЭС-1 қуатын кеңейту және қайта жаңарту (№1 блокты қалпына келтіру)», «№3 энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту», «Богатырь «(ЦАТ) кесігінде көмір өндіру, тасымалдау, орташалау мен тиеудің циклдік-ағымдық технологиясына көшу жобасын іске асыру», «Қуаты 50 МВт-тық Ерейментау ЖЭС салу», «Алматы облысының Шелек ауылы ауданында қуаты 60 МВт ЖЭС салу» болып табылады.«Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы аяқталу кезеңінде.

Стратегиялық НҚК-ларды орындау

Атауы Нақты 2017 Нақты 2018 Нақты 2019 2020 болжам 2021 болжам
1 Таза табыс, млрд теңге –27,9 3,2 6,8 7,0 37,9
2 Қарыз /EBITDА (ара қатынасы) 4,64 3,18 3,31 3,04 1,98
3 ROACE, % –1,20 2,99 3,43 3,63 7,55
4 Таза активтердің құны (NAV), млрд теңге 382,9 385,3 392,1 399,1 437,1
5 Корпоративтік басқару рейтингі В ВВ ВВВ
6 ҚР электр энергиясы нарығындағы үлесі,% 28 29,7 28,5 26,8 28,4
7 LTIFR 0,17 0,28 0,33 0,23 0,22

Тұтастай алғанда Компанияның Стратегиялық көрсеткіштері 2018–2021 жж. кезеңде жақсара түспек. Бұл өсімнің негізгі себептері ретінде ішкі нарықта электр энергиясы мен қуатты сату көлемдерінің ұлғаюын, қуатқа жеке тарифтің белгіленуін, технологиялық қажеттілікке жұмсалатын отын мен су көлемдерінің қысқаруын,ТЭР-энергиямен жабдықтау шығынының оңтайландырылуын, сондай-ақ қарыз жүктемесінің төмендеуін тап өтуге болады.

Бұл ретте стратегиялық көрсеткіштерге ықпал ететін жағымсыз факторлар валюта бағамындағы кері өзгерістер, өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер бағасының өсуі болып табылады.

2019 жылы Таза табыстың оперативтік көрсеткішінің артуы өткен жылдың сәйкес кезеңінде 3,6 млрд теңгені немесе 213% құрады. Оң ауытқу активтердің құнсыздануынан болған шығындардың, бағамдық айырма бойынша шығыстардың қысқаруына және үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін пайда үлесінің ұлғаюына байланысты негізгі емес қызметтен шығыстардың азаюымен негізделген.

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық Энерго» АҚ қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізді (Қарызды және қаржылық тұрақтылықты басқару саясатында көзделген)және тиісінше жасыл тәуекел аймағына жетті. Осылайша, Қарыз/EBITDA стратегиялық көрсеткіш 3,5 ковенант кезінде 3,31 құрады.

2019 жылғы ROACE нақты көрсеткіш пайыздық мәнде 2018 жылғы көрсеткіштен 15%- ға жоғары. Көрсеткіштің жақсаруы Компанияның 2018–2019 жж. кезеңіндегі қарыздың 30,9 млрд теңгеге төмендеуімен байланысты.

2019 жылғы NAV таза активтерінің құны Компанияның 2019 ж. 6,8 млрд теңге мөлшерінде таза табыстың ұлғаюы нәтижесінде 2018 ж. салыстырғанда ұлғайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018 жылғы корпоративтік басқару диагностикасы нәтижелері бойынша жетілудің «орташа» ВВ деңгейіне сәйкес келетін Корпоративтік басқару рейтингі берілді, бұл Компанияның корпорвтивтік басқару жүйесі барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің көпшілігіне сәйкес келеді дегенді білдіреді.

Корпоративтік басқару рейтингінің мақсатты көрсеткіші 2020 жылы ВВВ деңгейінде белгіленді.

2018 жылғы фактісі бойынша Нарық үлесінің төмендеуі нарықта қалыптасқан сұранысқа байланысты, сондай-ақ РФ-қа экспорттың экономикалық мақсатқа сәйкестіліктің болмауына байланысты.

LTIFR көрсеткіші бойынша нашарлау барлық жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алудың ашық жүйесін енгізумен байланысты (анықталған жазатайым оқиғалар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартуға мораторий енгізу).

Трансформация бағдарламасы

«Самұрық-Энерго» АҚ стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізу мақсатында 2015 жылдан бастап Трансформация бағдарламасын жүзеге асырып келеді.

Трансформация бағдарламасы Компания дамуының оң бағыттарын айқындау мен белгілеуге, және де маңызды стратегиялық мақсаттардың бірі болып саналатын активтер құнын арттырудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

2015–2019 жж. Компания «Мақсатты процестерді енгізу»,«Сатылым процестерін дамыту және трейдингті енгізу»,«Жаңа корпоративтік қаржы моделін енгізу», «Жаңа АТ моделін енгізу», «Стратегиялық жоспарлау мен тиімділікті басқарудың жаңа моделін енгізу», «Мақсатты ұйымдық құрылымға көшу», «Сатып алуды санаттық басқару», «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу», «ТМҚ босату» жобаларын аяқтады.

Компания 2019 жылы Трансформация бағдарламасы аясында қаржылық пайдаға қатысты жоспарды үш рет асыра орындады, нәтижесінде 10,3 млрд теңге мөлшерінде таза табысқа ие болды.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ Жобалар портфелін жаңартты. Компания өндірістік қуатты ұлғайту үшін цифрландыру мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістік міндеттерге басымдық беру туралы шешім қабылдады. Жобалардың жаңартылған портфелі жалпы бюджеті 6,38 млрд теңге болатын және 2025 жылға дейін 27,52 млрд теңге сомасында таза пайда табуды көздейтін 4 жоба мен 13 іс-шараны қамтитын 7 бастамадан тұрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметі бойынша стратегиялық көрсеткіштердің мақсатты мәндеріне жету үшін 2020 жылы жоғарыда белгіленген барлық стратегиялық бастамалар мен міндеттер бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыратын болады.