«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіру саласында

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру көлемі 2019 жылы 30,2 млрд кВтс құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының электр энергиясын өндіру үлесі Қазақстан БЭЖ-і бойынша электр энергиясы өндірісінің жалпы көлемінде 28,5%-ды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру динамикасы, млрд кВтс

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК-терінің Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру үлесі

2019 жылғы ҚР бойынша электр энергиясының жалпы өндірісіндегі «Самұрық-Энерго» АҚ үлесі

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік көрсеткіштері
ЕТҰ атауы 2017(нақты) 2018(нақты) 2019(нақты) 2018 ж. 2019 ж. ауытқу 2020 (болжам) 2021 (болжам)
Электр энергиясын өндіру көлемі, млн кВтс1
«Алматы Электр Станциялары» АҚ 5 712,4 5 599,1 5 397,4 96% 5 340,8 5 342,0
«Экибастұз ГРЭС-1» ЖШС 14 797,0 19 121,6 18 301,5 96% 18 825,8 19 297,0
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 5 495,5 5 436,5 4 928,5 91% 4 626,4 5 503,7
«Шардара СЭС» АҚ 359,4 348,7 464,8 133% 550,7 596,0
«Мойнақ ГЭС» АҚ 1 226,5 1 036 951,5 92% 906,0 906,0
«Samruk-Green Energy» ЖШС 3,2 3,2 3,3 103% 3,8 22,2
«БЖЭС» ЖШС 166,4 157,9 153,3 97% 160,5 172,2
EWP 107,5
«Энергия Семиречья» ЖШС 63,9 255,5
Барлығы 27 760,3 31 703,1 30 200,3 95% 30 477,9 32 202,0
Электр энергиясын сату көлемі, млн кВтс
«Алматы Электр Станциялары» АҚ 5 036,0 4 891,7 4 725,8 97% 4 702,4 4 695,7
«ЕкібастұзГРЭС-1» ЖШС 14 103,5 18 340,0 17 642,5 96% 17 696,1 18 332,2
о.і. экспорт 4 705,5 3 757,9 966,6 26% 1500,0 1500,0
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 5 207,9 5 160,8 4 689,5 91% 4 403,4 5 248,2
«Шардара СЭС» АҚ 354,8 344,6 466,2 135% 550,2 586,2
«Мойнақ СЭС» АҚ 1 213,0 1 034,4 952,3 92% 893,2 893,2
«Samruk-Green Energy» ЖШС 5 495,5 5 436,5 4 928,5 91% 4 626,4 5 503,7
«БЖЭС» ЖШС 3,1 3,1 3,2 104% 3,6 21,3
EWP 106,4
«Энергия Семиречья» ЖШС 56,4 225,7
Барлығы 26 862,2 29 932,2 28 632,1 96% 28 736,6 30 278,7
Қуатты сату көлемі,МВт
«Алматы Электр Станциялары» АҚ 817,4 818,0 818,0
«ЕкібастұзГРЭС-1» ЖШС 501,9 1 562,0 1 827,0
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 846,8 779,0 625.0
«Шардара СЭС» АҚ 41,6 61,0 61,0
«Мойнақ СЭС» АҚ 280,9 298,0 298,0
Барлығы 2 488,6 3 518,0 3 629,0
Электр энергиясын жеткізу көлемі, млн кВтс2
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 6 527,9 6 795,9 6 961,3 102% 7 008,0 7 113,0
Барлығы 6 527,9 6 795,9 6 961,3 102% 7 008,0 7 113,0
Электр энергиясын сату көлемі, млн кВтс3
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 5 767,5 5 904,3 6 218,2 105% 5 912,0 5 918,0
Барлығы 5 767,5 5 904,3 6 218,2 105% 5 912,0 5 918,0
Жылу энергиясын өндіру көлемі, мың Гкал1
«Алматы Электр Станциялары» АҚ 5 223,3 5 616,8 5 024,5 89% 5 025,2 5 207,4
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 66,5 78,6 82,8 105% 76,0 76,0
«ЕкібастұзГРЭС-1» ЖШС 8,2 59,9 132,3 221% 286,4 286,4
Барлығы 5 298,0 5 755,3 5 239,6 91% 5 387,6 5 569,8
Көмір сату көлемі, млн тонна 40,9 45,2 44,7 99% 41,7 46,4

Ескертпе:

1. салыстыру мақсаттары үшін 2017 жж. э.э мен ж.э өндіру көлеміне «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның 2017 жылы сатқан көлемі қосылмайды.

2. салыстыру мақсаттары үшін 2017 жж. э.э жеткізу көлеміне «ШҚ АЭК» АҚ мен «МЭБК» АҚ-ның 2017 жылы сатқан көлемі қосылмайды.

3. салыстыру мақсаттары үшін 2017 жж. э.э сату көлеміне «ШЭТ» ЖШС-ның 2017 жылы сатқан көлемі қосылмайды.

ЖЭС. ЖЭО-да э.э өндіру көлемі (млн кВтс)

2019 жылы электр энергиясын өндіру көлемі 30 200,3 млн кВтс құрады (2018 ж. қарағанда 1 502,8 млн кВтсағ немесе 5%-ға төмендеді). Көлемдердің негізгі төмендеуі «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС өндіру көлемінің 820 млн кВтс-қа кемуі нәтижесінде болды.

СЭС өндіру көлемінің 33 млн кВтсағ-ға төмендеуі «Мойнақ СЭС» АҚ, Қапшағай КЭС-нде су ағынының төмендеуі есебінен болды, бұл ретте «Шардара СЭС» АҚ бойынша өсім №1,2 гидроагрегаттарын пайдалануға беруге байланысты. БЖЭС электр энергиясын сатудың 4,6 млн кВтсағ-қа төмендеуі желдің орташа жылдамдығының төмендеуі есебінен болды.

СЭС, ЖЭК, КЭС-терде электр энергиясын өндіру көлемі (млн кВтсағ)

Алдағы кезеңге болжам:

2020 жылға арналған болжам бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 2019 жылғы деңгейде болмақ. 2021 жылы 1 724,1 млн кВт/сағ электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайту негізінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ электр энергиясын өндіру көлемінің өсуі есебінен болады деген болжам жасалды.

ЖЭК пайдаланатын «Самұрық-Энерго» АҚ Энергия өндіруші ұйымдарының электр энергиясын өндіру үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясы көлемінің 1,1%-ын және Қазақстан Республикасындағы ЖЭК электр энергиясының жалпы көлемінің 14,3% – ын құрады («Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясын өндіру көлемі 342,5 млн кВтсағ құрады).

«Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК электр энергиясын өндіру көрсеткіштерінің төмендеуі Қазақстанда ЖЭК жаңа қуаттарын енгізу салдарынан ЖЭК басқа объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты.

2019 жылы жылу энергиясын өндіру көлемі 5 239,6 мың Гкал құрады, бұл 2018 жылғы көлем деңгейіне қарағанда 515,8 мың Гкал-ға немесе 9% – ға азаю, негізінен «Алматы Электр Станциялары» АҚ жылу энергиясын өндіру көлемінің 592 мың Гкал-ға немесе 11% – ға азаюы есебінен болды.

Δ 2019/2018 жж.
Атауы 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. ҚР-дағы үлесі, % млн. кВтсағ %
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК электр энергиясын өндіруі 367,7 355,4 347,5 14,5% - 7,9 –2,2%
«АлЭС» АҚ-ның шағын СЭС каскады 198,2 194,4 190,9 8,0 % –3,5 –1,8 %
«Samruk-Green Energy» ЖШС 3,1 3,1 3,3 0,1 % 0,2 6,5 %
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС 166,4 157,9 153,3 6,4 % -4,6 -2,9 %

Жылу энергиясын өндіру көлемінің өзгеру динамикасы, мың Гкал

Электр энергиясын жеткізу көлемі (млн кВтсағ) және желілердегі шығындар (%)

Алдағы кезеңге болжам:

2020 жылға арналған жоспарда жылу энергиясын өндіру көлемі негізінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-да жылу энергиясын өндіру көлемінің өсуі есебінен 2019 жылдың фактісімен салыстырғанда 2,8%-ға ұлғаяды деген болжам бар.

Электр энергиясын беру көлемі – 6 961 млн кВтсағ құрады, 2018 жылғы көлем деңгейіне қарағанда ұлғайды (165 млн кВтсағ ұлғайды). “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-та электр энергиясын беру көлемінің ұлғаюы 2019 жылғы жазғы кезеңдегі жоғары температураға байланысты Алматы аймағының тұтыну деңгейінің өсуі есебінен болды

2019 ж. қорытындысы бойынша желілердегі шығындар 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда азайды. Жалпы, “Алатау Жарық Компаниясы” АҚ-ның шығын деңгейі ТМжБҚҚК белгілеген нормативтен төмен.

Алдағы кезеңге болжам:

Электр энергиясын беру және тарату көлемі бойынша 2020 жылы 2019 жылғы фактімен салыстырғанда 1% - ға ұлғаю күтілуде.

Есепті кезең ішінде энергия өндіруші ұйымдарда электр энергиясын сату көлемі 6 218 млн кВтс құрады, бұл «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның тұтынушылар санының өсуіне байланысты 2018 ж. салыстырғанда 314 млн кВтсқа немесе 5%-ға артық.

Атауы Нақты 2018 ж. Нақты 2019 ж. Ауытқу %
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС
Тұтынушылар саны, о.і.: 817 025 844 234 27 209 103%
Халық 785 393 811 295 25 902 103%
Заңды тұлғалар 31 632 32 939 1 307 104%
Сату көлемі, млн кВтс 5 904 6 218 314 105%

Алдағы кезеңге болжам:

2020 ж. жасалған болжамда электр энергиясын сату көлемі 2019 ж. деректер деңгейінен 5%-ға азаяды. 2021 ж. болжамында электр энергиясын сату көлемі
2020 ж. болжаммен салыстырғанда 0,1%-ға артады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның қуат нарығына қатысуы

2019 жыл ішінде «Самұрық-Энерго» АҚ электр станциялары «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында өткізілетін электр қуатының сауда-саттығына қатысты.

2019 жылғы 28 қарашадағы қуатты орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша Компанияның электр станциялары айына 590 мың теңге/ МВт бағамен 2148,7 МВт электр энергиясын сатты.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту, экспортты дамыту және ілгеріту, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына сәйкес, «Мойнақ СЭС» АҚ және «АлЭС» АҚ қуатқа жеке тарифтерді алды.

Қуат көлемі «Шардара СЭС» АҚ үшін 61 МВт және «Мойнақ СЭС» АҚ үшін 298 МВт құрады. Жеке тарифтер салынған электр станцияға пайдаланылған заемдық құралдарды қайтаруды («МГЭС» АҚ), сондай-ақ инвестициялық бағдарламалар («АлЭС» АҚ) үшін бұрын алған мақсатты заемды қайта қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қуат нарығы аясында, «Самұрық-Энерго» 2019 жылы аяқталған «Сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін ендіру» трансформациялау бағдарламасының жобасын іске асырды. Жаңа модельді ендіру нәтижесінде жоба аясында Сауда үйі негізінде сату бөлімі және коммерциялық диспетчерлеу бөлімі құрылды. Оның есебінен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес ұйымдарының сауда қызметтерін толық орталықтандыру қамтамасыз етілді. Жаңа операциялық модельге сәйкес режимдер мен тәуліктік графиктерді басқару, экспорттық жеткізілімдер, KEGOC, КОРЭМ мен басқа құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау Холдинг деңгейінде жүзеге асырылады.

Орталықтандырылған басқару электр өндіруші компаниялардың оңтайлы жүктемесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Самұрық-Энерго» компаниялар тобына кіретін электр станцияларының электр энергиясын сату көлемдерін арттыру бойынша барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Сауда үйі Қазақстан мен көрші елдердің электр энергиясы нарығының субъектілерімен байланыс орнатады, сондай-ақ еншілес және тәуелді электр станциялары жүктемелерінің жұмысына сүйене, мәлімдеген көлемдерді оңтайлы үйлестіре отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының тәуліктік кестелерін қалыптастыру арқылы коммерциялық диспетчерлеуді жүзеге асырады.

2019 ж. қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ тұтынушыларына электр энергиясын сату көлемі 28,6 млрд кВтсағ құрады. Бұл ретте, өткен жылға қарағанда ішкі нарықта электр энергиясын сату көлемі 1,5 млрд кВтсағ немесе 105,7%-да құрады.

2019 жылы электр энергиясын сату көлемін, экспорттық әлеуетті пайдалануды арттыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Орталық Азияның электр энергиясы нарығына шығу бойынша жұмыс тиімді жүргізілді. Қорытынды бойынша Өзбекстанға 966,5 млн кВтсағ экспортталды.

Көмір нарығы

BP Statistical Review of World Energy деректеріне сәйкес, 2019 жылғы жағдай бойынша Қазақстан дәлелденген көмір қорының көлемі бойынша әлемде сегізінші орынға ие – 25,6 млрд тонна немесе жалпы әлемдік – 2,5%.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2019 жылы еліміздегі көмір өндіру көлемі 111 млн тоннаны (көмір концентратын есепке алмағанда) немесе 2018 жылдың ұқсас көрсеткішіне қарағанда 98%-ды (113,7 млн тонна көмір) құрады.

Қазақстанда энергетикалық көмір нарығы біршама бөлшектенген – ірі ойыншылар «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ мен «РУСАЛ» БК), «ЕЭК» АҚ(«ERG»), «Шұбаркөл Көмір» АҚ («ERG»), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қаражыра» АҚ, «Ангренсор Энерго» ЖШС болып табылады.

№ р/с Облыс 2017 жыл 2018 жыл 2019 жыл Δ, %
1 Павлодар 62 467,9 70 325,2 68 364,9 97
2 Қарағанды 35 909 34 987,3 34 217,1 98
3 Шығыс Қазақстан 6 867 8 290 8 157,7 98
4 Өзге 721 100,9 343,5 340
ҚР бойынша барлығы 105 964,9 113 703,4 111 083,2 98

Көмір сатудың жалпы сызбасы

Қазақстандағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның ірі тұтынушыларының арасында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Степногорск қалаларының энергия жүйелері, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 бар.

Көмір алу үшін электр станциялары өз беттерімен Екібастұз станциясынан («Богатырь Көмір» ЖШС) белгіленген станцияға дейін көмір тасымалдауды ұйымдастырады, сол үшін көмір тасымалдауға вагон иелерін (операторларды) тартатын түрлі экспедиторлармен шарттар жасасады.

Биржа мәмілелерінің қорытындылары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеу екі түрлі жолмен: теміржол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Тұтынушылар ауылдық жергілікті жерлердегі ұсақ қазандықтар болып табылады, олар үшін Екібастұз көмірі төлқұжаттық отын болып табылады.

2019 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның үлесі Қазақстанда өндірілетін барлық көмірдің 40,4%-ын, Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмір көлемінің 64%-ын құрады.

Көмір өндіру

2019 жылдың қорытындылары бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС 4 486 548 мың тонна көмір өндірді, бұл 2018 жылға қарағанда (44 865 мың тонна) 0,04%-ға аз. 2019 жылы көмірді сату көлемі 2018 жылғы сату көлемінен 1%-ға төмен.

Барлығы 44 685 мың тонна сатылды, о.і.:

— ҚР ішкі нарығына 33 792 мың тонна, бұл 2018 жылға қарағанда (35 572 мың тонна) 5% -ға аз;

— экспортқа (РФ) – 10 893 млн тонна, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (9 587 мың тонна)13,6 %-ға көп.

Богатырь-Комир көмірін сату, (мың тонна)

Экспорттау

Ішкі нарық

Көмірді экспортқа сатудың 1 306 мың тоннаға немесе 14%–ға артуы Рефтинск МАЭС тарапынан сұраныстың артуымен байланысты.

Тұтынушыларға көмір сату
№ р/c Облыс Сату көлемі, мың тонна Δ, %
2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. 2019/2018 жж.
1 «АлЭС» АҚ 3 256 3 299 3 338 101,2%
2 «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС 3 301 3 521 3 417 97,0%
3 «Астана-Энергия» АҚ 3 525 3 640 3 779 103,8%
4 «Павлодарэнерго» АҚ ПЖЭО-2,3 1 895 3 289 3 004 91,3%
5 «Степногор ЖЭО» ЖШС 869 984 986 100,2%
6 «ЕГРЭС-1» ЖШС 8 850 11 559 10 937 94,6%
7 «ЕГРЭС-2 станциясы» АҚ 3 456 3 285 3 203 97,5%
8 «Bassel Group LLS» ЖШС 544 605 622 103,0%
9 «СевҚазЭнерго» АҚ 2 806 2 672 2 949 110,4%
10 «Екібастұз жылу энергия» ЖШС 0 513 499 97,3%
11 «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК 295 323 281 87,1%
12 Комтұрмыс 1 399 1 519 775 51,0%
ҚР ішкі нарығындағы барлығы 30 701 35 572 33 792 95%
13 Рефтинск ГРЭС 9 936 9 564 10 893 113,9%
РФ-қа экспортқа барлығы 10 157 9 587 10 893 113,6%

Ішкі нарықта көмір сату көлемін ұлғайту 1 779 мың тоннаны құрады (5%), ол «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ мен ГРЭС Топар ЖШС мұқтаждықтарының азаюымен байланысты.

Алдағы кезеңге болжам:
— 2020 жылға жасалған болжам бойынша көмірді сату көлемі «Богатырь» кесігінде циклдық-ағынды технология объектілерін салу бойынша жобаны іске асыруға байланысты 2019 жылдың фактілеріне қарағанда 2,9 млн тоннаға немесе 6,7%-ға азаяды.

Жобаның мақсаты – көмірді тиеудің темір жол технологиясынан авто-конвейерлікке өту, бұл:

— көмір өндіру бойынша «Богатырь» кесігінің қуатын жылына 32 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, «Богатырь Көмір» ЖШС жалпы қуатын жылына 50 млн тоннаға дейін ұлғайтуға әкеледі («Богатырь» кесігі 40 млн + «Северный» кесігі 10 млн тонна);

— еңбек өнімділігін 25%-ға арттыруға;

— көмір өндірудің өндірістік өзіндік құнын 12%-ға төмендетуге;

— вагондар айналымының орташа уақытын 14,3 сағаттан 5,4 сағатқа дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

2021 ж. арналған болжам бойынша көмірді сату көлемі 11%-ға немесе 2020 жылға қарай 4,7 млн тоннаға ұлғаятын болады.