2019 жылдың негізігі оқиғалары

Қаңтар

«Богатырь Көмір» ЖШС бірінші болып «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында энергия сервистік шарт жасасты

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның көмір кесіктерінде жыл сайын 7,7 млн кВт.с. немесе 207,8 млн теңгедей қаражатты үнемдеу – «Богатырь Көмір» ЖШС мен «PROLUX LED» ЖШС қазақстандық компаниясының арасында жасалған энергия сервистік шарттан күтілетін экономикалық тиімділік. Шарт аясында қазіргі уақытта қолда бар 1,5 мыңнан астам өнеркәсіптік шамдарды жарық диодты шамдарға ауыстыру жоспарлануда.

Ақпан

«АЖК» АҚ жүктемені «Горный гигант» қосалқы станциясынан жаңартылған «Ерменсай» қосалқы станциясына ауыстыру жобасын аяқтады

Жобаны жүзеге асыру болуы мүмкін апаттың алдын алуға және оңтүстік астананы электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар «Самал», «Қазақфильм», «Бағанашыл», «Таугүл» және басқа да жаңа тұтынушыларды қосу шектеулерін алып тастауға және электр энергиясын жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

«Ерменсай» қосалқы станциясынан 40 шақырым кабель желілері құрастырылып, жұмыс кернеуіне қойылды; ұзындығы 11 км-ден асатын екі әуе желісі қайта құрылды; электр энергиясын қабылдау, тарату және жеткізу үшін жоғары вольтты жабдық кеңейтіліп, жаңғыртылды; энергияны есепке алу жүйесі мен аварияға қарсы автоматика мен релелік қорғаныс құралдары қосымша орнатылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ рейтингі

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ рейтингін «ВВ» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты».

Наурыз

Трансформация бағдарламасының «Сатып алуды санаттық басқару» жобасы аяқталды

Жоба Компанияның операциялық басқаруына берілді. Сатып алуды санаттық басқару процесі сатып алу қызметін оңтайландыруды көздейді.

Жоба барысында сатып алудың 10 санаттық стратегиясы әзірленді. 2017–2019 жж. Аралығындағы нақты экономикалық тиімділік 2,5 млрд теңгені құрады.

Сәуір

«Шардара CЭС» АҚ-да станцияны түпкілікті жаңғырту аясында екінші гидроагрегат іске қосылды

СЭС-те технологиялық жабдықтарды сынау сәтті аяқталды және негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Станцияның технологиялық жабдықтары 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, жаңғырту жобасы басталған кезде жабдықтардың тозуы шамамен 100%-ды құрады. Қайта құру СЭС қуатын 26 пайызға – қазіргі 100-ден 126 МВт-ға арттыруға және су электр станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Оған қоса, жылына 57 млн кВт/сағ. өндірілетін болады, бұның энергия тапшылығы бар Түркістан облысын энергиямен қамтамасыз етудегі маңызы зор.

Мамыр

Қазақстандағы тұңғыш «ЭКГ-20» тау-кен экскаваторы

«Богатырь» кесігінде Қазақстандағы тұңғыш «ЭКГ-20» тау-кен экскаваторы салтанатты түрде пайдалануға берілді. «Богатырь Көмір» компаниясы техникалық паркін жаңарту бағдарламасы аясында «Уралмашзавод» кәсіпорнынан ең қуатты тау-кен машинасын сатып алды. Осындай сыныпты экскаватордың іске қосылуына байланысты кәсіпорынның өндірістік қуаты едәуір артатын болады.

Маусым

Сыртқы міндеттемелерді қайта қаржыландыру

«Мойнақ СЭС» АҚ-ның 136 млн АҚШ доллары сомасындағы валюталық міндеттемелері табысты қайта қаржыландырылды. Мәміле нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 50 млн АҚШ доллары сомасындағы кепілдігі босатылып, кредит портфеліндегі валюталық міндеттеме деңгейі 17%-дан 3%-ға дейін қысқарды.

«Өзбекістан Ұлттық электр желілері» АҚ-мен электр энергиясын сату-сатып алу шартына қол қойылды

Электр энергиясын сату көлемін ұлғайту және экспорттық әлеуетті пайдалану үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Орталық Азияның электр энергиясы нарығына шығу жұмыстары табысты жүргізілді. Нәтижесінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Өзбекістан Ұлттық электр желілері» АҚ арасында электр энергиясын сату-сатып алу шартына қол қойылды, құжат 2019 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін 1,01 млрд кВтс. Көлеміндегі электр энергиясының жеткізілуін көздейді.

Шілде

«Самұрық-Энерго» АҚ сату процестерін дамыту және трейдинг процестерін енгізу бойынша Трансформация жобасын аяқтады

Сату бөлімінің енгізілген мақсатты моделі барлық клиенттер үшін «бір терезе» қағидаты негізінде Корпоративтік орталық деңгейінде сату қызметін орталықтандыруды көздейді. Осылайша, компаниялар тобы өндірген электр энергиясын «Самұрық-Энерго» Сауда үйі, оның ішінде «КОРЭМ» АҚ алаңының орталықтандырылған сауда-саттық аукционында сатады.
2018–2019 жж. аралығында 5 миллиард теңгеден астам қаржылық кіріске қол жеткізілді.

Трансформация бағдарламасының АТ басқарудың жаңа моделін енгізу жөніндегі жобасы аяқталды

Жоба АТ-қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттыруға, АТ-ны басқарудың орталықтандырылған, ашық және тиімді моделін құруға және АҚ-стратегияларын қалыптастырудың кешенді нысанын енгізіп, Қоғам мен Жоба периметріне енетін 10 еншілес ұйымның АТ-инфрақұрылымының біртұтас архитектурасын құруға бағытталған.
«АТ-қызметтерін басқару» ақпараттық жүйесі әзірленіп, «Energy Solutions Center» ЖШС базасында АТ бойынша жалпы қызмет көрсету орталығы құрылды.

Қыркүйек

Алматы облысында жаңа күн электр станциясы салынды

Алматы облысында қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының құрылысы аяқталды. Станция «Алатау Жарық Компаниясы». АҚ желілеріне қосылған. Жобаны «СамұрықЭнерго» АҚ-ның құрамына кіретін «Samruk-Green Energy» ЖШС жүзеге асырды.
Жоба Қапшағай қаласында жұмыс істеп тұрған қуаты 2 МВт күн электр станциясының инфрақұрылымы негізінде жүзеге асырылды. Жаңа станцияны салу кезінде отандық тауар өндірушіні қолдау мақсатында «Astana Solar» ЖШС қазақстандық компаниясының фотоэлектрлік модульдері қолданылды.

Қараша

Орталықтандырылған сауда-саттық

«КОРЭМ» АҚ сауда алаңында электр қуатының 2020 жылға арналған орталықтандырылған сауда-саттығы жүргізілді. «Самұрық-Энерго» АҚ сауда-саттығының қорытындысы бойынша 2909,63 МВт қуат (сондай-ақ МГЭС 298 МВт, ШарГЭС 61 МВт, АлЭС 402 МВт, жалпы алғанда 3 670 МВт) сатылды.

Желтоқсан

Шардара СЭС-те 3-ші гидроагрегатты іске қосу операциясы басталды

Сырдария өзеніндегі су электр станциясын толығымен жаңғыртуға байланысты ауқымды жоба аяқталуға жақын. Күрделі қайта құру СЭС қуатын 26 пайызға – қазіргі 100-ден 126 МВт-ға арттыруға мүмкіндік береді. Харьков зауытының ескі гидротурбиналарын австриялық-германиялық Andritz Hidro GmbX компаниясы шығарған жаңаларына ауыстыру станция өнімділігін жылына 480-нен 537 млн кВт/сағ. ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында әрқайсысының қуаты 31,5 МВт болатын алғашқы екі гидроагрегаттың іске қосылуының арқасында Шардара СЭС жылдық өндіру жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

Екібастұз ГРЭС-2 Қазақстанның бақылауына көшті

«Самұрық-Қазына» АҚ Ресейдің энергетикалық компаниясы «Интер РАО» ЖАҚ-тан «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның 50 % акциясын сатып алуды аяқтады. 13.12.2019 жылы акциялар «Самұрық-Қазына» АҚ қарамағына өтіп, актив толығымен Қазақстан Республикасының бақылауына көшті.

«АЖК» АҚ Қазақстанда тұңғыш рет алты ауданда диспетчерлік пункттерді қайта құру жобасын іске асырды

Жоба желілерді жедел басқару тиімділігін едәуір арттырады, ЖЭО-да төтенше жағдайлардың дамуына жедел жауап қайтару мүмкіндігі пайда болады. Бейнеқабырға диспетчердің жұмыс орнынан SCADA жүйесі арқылы басқарылады және оған нақты уақыт режимінде болып жатқан барлық технологиялық процестерді сенімді түрде бақылауға мүмкіндік береді. Нақты уақыт режимінде АЭС коммутациялық жабдықтарының жай-күйі туралы барлық деректер қаланың тарату желілерінің Орталық диспетчерлік пунктіне жіберіледі.