Есеп туралы

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінде орнықты даму қағидаттарын ұстанатынын мәлімдейді. Компания бұл Есепті мүдделі тараптармен қарым-қатынас тәсілдерінің бірі ретінде қарастырады.

Осы Есепті әзірлеу барысында мүдделі тараптардың пікірлері, соның ішінде GRI Standardts: Негізгі нұсқаға сәйкес барлық негізгі аспектілер қамтылды.

Есепте стандартты элементтердің орналасуын көрсететін кесте қоса ұсынылып отыр. Осы Есепті дайындау кезінде Компания «Есептілік бойынша ғаламдық бастама» есептілігі мен электр энергетикасы саласындағы GRI салалық хаттамасының (Electric utility, EU) әзірлеу қағидаттарын, есептілікке қойылатын БҰҰ Ғаламдық шартының, Корпоративтік басқару кодексінің және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты талаптарын ескерді.

Есептегі болашаққа қатысты келтірілген деректер болжамдық сипаттағы ақпаратқа негізделген. «Есептеледі», «болжам жасалады», «күтіледі», «бағаланады», «ниет білдіреді», «жоспарлайды» сияқты сөздер, «жоспар» белгісі бар көрсеткіштер және оларға ұқсас ұғымдар аталған жағдайда болжамды мәлімдемелер туралы айтылатынын көрсетеді. Нақты болған нәтижелер болжалды мәлімдемелердегі жоспарлы және мақсатты көрсеткіштерден, болжанатын нәтижелерден, бағалардан және ниеттерден елеулі түрде ерекшеленуі мүмкін.

Болжалды мәлімдемелер Есеп шыққан мерзімге қатысты көрсетіледі. Компания өз қызметінің болжалды мәлімдемелердегі күтілетін нәтижелеріне шын мәнінде қол жеткізілуіне кепілдік бермейді, сондықтан олар барынша ықтимал немесе типтік сценарий ретінде қарастырылмауы тиіс және қарастырылмайды.