Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау

Компанияда тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі тиімді жұмыс істейді және үнемі жетілдіріліп отырады.

Жыл сайын Директорлар кеңесі Компанияның тәуекелге тәбетін сандық және сапалық тұрғыдан анықтайды, тәуекел-тәбет негізгі қызмет түрлеріне қойылатын шектеулерді қамтиды және тоқсан сайын оның сақталуына бақылау жасалады.

Жыл сайын Тәуекелдер тізілімі, Тәуекелдер картасы, НТК (негізгі тәуекел көрсеткіштері) және Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, Компанияның Директорлар кеңесіне қарауға және бекітуге ұсынылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2019 жылға арналған тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізілген нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіне тән 34 тәуекел анықталып, сәйкестендірілді, РКК-нің шекті мәні жаңартылды, тәуекел иелері тәуекел факторлары мен оларды азайту шараларын өзектендірді. 2018 жылы орын алған кейбір оқиғаларға байланысты (екінші деңгейлі банктердің рейтингтерінің төмендеуі, ұлттық валютаның әлсіреуі), Компания қызметіне әсер етуі мүмкін әлеуетті факторлар (электр энергиясын тұтынудың төмендеуі, энергия тасымалдаушылардың тозуының артуы), сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері бойынша есептерінің негізінде Тәуекелдер тізіліміндегі тәуекелдер қайта бағаланды. Осы қайта бағалау нәтижелері бойынша 2019 жылға арналған Тәуекелдер картасының негізгі аймағына 13 тәуекел кірді:

Тоқсан сайын негізгі тәуекелдерді басқару туралы тоқсан сайынғы есептер жасалады және оларды азайту жоспарлары Қоғамның Директорлар кеңесіне қарауға және бекітуге ұсынылады (Компанияның Тәуекелдер комитеті және Директорлар кеңесінің Аудит комитетімен алдын ала келісілгеннен кейін).

Компанияның Директорлар кеңесі Компанияның қызметінің негізгі түрлері бойынша белгіленген шектеулерді сақтамауды және Компанияны Тәуекелдер картасындағы негізгі тәуекелдердің теріс өзгерістерін белсенді талқылайды.

2019 жылғы негізгі өзгерістер (негізгі тәуекелдерді митигациялау)

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының іске асырылатын/перспективалық инвестициялық жобалары мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекелдері (өзгеріссіз)

Инвестициялық жобалар бойынша игерілмеу жөніндегі негізгі ауытқу «РУСАЛ» БК («Богатырь Көмір» ЖШС-ның тең акционер (50%) Ресей компаниясына қатысты АҚШ-тың санкциялары себебінен ЕАДБ-ның циклдық-ағындық технологияларға көшу жобасын іске асыру үшін заемдық қаржыландыруға рұқсатты уақытша тоқтату себебі бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС бойынша туындады

Шаралар: жобаны іске асыру үшін баламалы заемдық қаржыландыруды іздеу жүргізіледі

Қызметтік міндеттемелерді орындау барысында қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне зақым келтірген өндірістегі жазатайым оқиғалардың тәуекелі (өзгеріссіз)

2019 жылдан бастап еңбек қызметіне байланысты 10 жазатайым оқиға, оның ішінде өлімге әкеп соққан 1 жағдай тіркелді

Шаралар: «Еңбекті және Қоршаған Ортаны Қорғау» департаментінің Жұмыс жоспарына сәйкес

Валюталық тәуекел (өзгеріссіз)

Валюталық міндеттемелерді төмендету

Шаралар: валютаның құнын белгілеудің өзгерістерін мониторингілеу, ағымдағы заемды қайта қаржыландыру жөніндегі шаралар

Кредиттік тәуекел (өзгеріссіз)

Екінші деңгейдегі банктердегі тұрақсыз жағдай

Шаралар: банк-контрагенттер үшін шектеулердің сақталуын мониторингілеу, сондай-ақ ЕДБ тұрақтылығын тұрақты бағалау

Қоғамның ұзақ мерзімді даму стратегиясын орындамау/уақытылы өзектендірмеу тәуекелі (ықтималдылық бойынша төмендету)

Компанияның 2018–2028 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын өзектендіру

Шаралар: Компанияның Даму стратегиясын және белгіленген НҚК-ларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингілеу

Сыртқы кредиторлардың ковенантын және листингтік талаптардын бұзу тәуекелі (ықпал ету бойынша төмендету)

Шаралар: ковенанттың, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің сақталуын мониторингілеу, қарыздық жүктеменің және пайыздық төлемдердің деңгейін төмендету жөніндегі шаралар

Электр энергиясын сату жоспарын орындамау тәуекелі (өзгеріссіз)

Шаралар: электр энергиясын көтерме нарығына жеткізудің тәуліктік кестелерін қалыптастыруға күн сайын қатысу және орталықтандырылған сауда-саттықтарға қатысу, ҚР-ның көтерме нарығының тұтынушыларын тарту

Трансформациялау бағдарламасын іске асырумен байланысты тәуекел (ықтималдылық бойынша арттыру)

Бизнесті трансформациялау бағдарламасының Жол картасының мерзімдерінен кешігу

Шаралар: Жол картасының орындалуын мониторингілеу

Өндірістегі авариялар және апаттар тәуекелі (өзгеріссіз)

Шаралар: күрделі және ағымдағы жөндеулерді орындау, құралдардың техникалық жағдайын мерзімдік куәландыру, кәсіпорындардың оперативтік персоналына нұсқаулықтар мен аварияға қарсы оқыту жүргізу

Тарифті құру тәуекелі (ықтималдылық бойынша төмендету)

Еншілес ұйымдардың қуатқа жеке тарифтерді алуы

Шаралар: «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының тарифтік саясатын мониторингілеу, уәкілетті органдарда тарифтердің қажетті деңгейін мониторингілеу, заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс топтарына қатысу

Қоғам тобының адам ресурстары тәуекелі (ықтималдылық бойынша арттыру)

Шаралар: Кадрлық резервпен жұмыс істеу, электр энергетикалық және көмір салалары үшін басым мамандықтар бойынша мамандарды даярлау мәселелері бойынша білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, Компанияның қызметкерлері үшін оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастыру, меритократия қағидаттарын ендіру, мотивация жүйесін дамыту

Санкциялар тәуекелі (ықтималдылық бойынша төмендету)

UC Rusal санкцияларын алып тастау

Активтерді сату және қайта құру тәуекелі

Шаралар: 2019 жылы «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «АЭС» ЖШС жалпы алғанда Компанияны жекешелендіру аясында Компанияның периметрінде аталған активтерді сақтай отырып, жекешелендіруге жататын активтер тізімінен алынып тасталды

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігіне тұрақты түрде бағалау жүргізіліп отырады – 2018 жылы тәуелсіз аудиторлық компаниясы корпоративтік басқаруға диагностика жүргізді, оның нәтижесінде Компания тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру шараларын қамтитын Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарын әзірледі. Директорлар кеңесі тоқсан сайын осы жоспардың орындалуын бақылайды.

Әлемдік жоғары технологиялар мен жетілдірілген әлемдік тәжірибе кезеңінде көптеген кәсіпорындар бизнес туралы дәстүрлі түсініктерді бұзатын және жаңа шешімдерді қажет ететін өзгерістерге жиі ұшырайтын күрделі нарықтық ортаға тап болады.

Нәтижесінде, кәсіпорындар күнделікті процестерді басқаруда қиындықтарға тап болады, бұл ықтимал тәуекел аймағын тудырады және кәсіпорындардың икемділігін арттыру үшін жаңа немесе жетілдірілген жүйелер жасауды қажет етеді.

Компанияның стратегиясына сәйкес Компанияның корпоративтік басқаруды жетілдіру аясындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің басым бағыттарының бірі Трансформациялау бағдарламасы аясында «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыру болып табылады.

2019 жылдың ортасынан бастап «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ операциялық қызметіне берілді.

«Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы мынадай өзгерістерге сәйкес 3 біріктірілген кіші жүйеден тұрады:
— тәуекелдерді басқару жүйесі (жүйені жетілдіру);
— ішкі бақылау жүйесі (жүйені дизайнды бағалау және бақылау процедураларының жедел тиімділігі тұрғысынан тестілеу бөлігінде жүйені жетілдіру);
— қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі (жүйені енгізу).

«Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын тиімді іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының корпоративтік басқару жүйесін тәуелсіз диагностикалау аудитінің нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің (BB рейтинг) тиімділік рейтингін көтеруге көмектеседі.