«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ТУРАЛЫ

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару жүйесі мынадай басқару қағидаттарын сақтауға құрылған:

1) еншілес және тәуелді ұйымдар органдарының (акционер (қатысушы)), Директорлар кеңесі/Байқаушы кеңес, атқарушы орган), қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың құзыреттері мен өкілеттіктерін нақты ажырату;

2) еншілес және тәуелді ұйымдардың (акционер (қатысушы)), Директорлар кеңесі / Байқаушы кеңес, атқарушы орган), қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін нақты ажырату.

«Самұрық-Энерго» еншілес және бағынысты ұйымдарының операциялық қызметтерінің негізгі бағыттары компанияның ұйымдық құрылымында көрсетілген. Негізгі бөлімшелердің өзара іс-қимылдары мен басқару қағидаттары компанияның ішкі құжаттарында белгіленген.

Өндіруші компаниялар

Жылу электр станциялары

«Алматы электр станциялары» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Алматы Электр Станциялары» акционерлік қоғамы («АлЭС» АҚ) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру қызметін жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. «АлЭС» АҚ халықты, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ететін жылу энергиясын өндіру бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылады.

Қазіргі кезде өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен Алматы облысының мұқтаждықтарын 70%-ға жабады.

«АлЭС» АҚ-ның құрылымына мына өндірістік департаменттер кіреді: ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3; Қапшағай СЭС; Алматы СЭС каскады, Батыс жылу кешені (БЖК), Отын тиеу және түсіру орталығы, «Энергожөндеу» өндірістік жөндеу кәсіпорны.

Басқарма Төрағасы: Мұхамед-Рахимов Н.Т

Толық ақпаратты компанияның www.ales.kz сайтынан қарауға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Тұтынушыларға жеткізу үшін электр және жылу энергиясын өндіру.

Жылу және электр энергиясын тікелей өндіру энергия көздерінің энергетикалық жабдықтарына энергия ресурстарын (отын, су) жеткізуден басталады. Энергетикалық қондырғыларда энергия ресурстарының энергиясы (отын, су) соңғы өнімге – электр және жылу энергиясына айналады. Өндірілген электр және жылу энергиясының бір бөлігін өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін энергия көздерінің өздері тұтынады, өндірілген энергияның қалған бөлігі электр және жылу энергиясын сатып алу-сатуға арналған шарттар негізінде сатылады. Электр және жылу энергиясын өткізу нарығы – Алматы өңірі.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге 1 522 (1 620) 4 073
EBITDA млн. тенге 12 290 11 147 14 326
EBITDA Margin % 20 17 22

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Белгіленген электр қуаты МВт 1 239 1235,7* 1 236
Электр энергиясын өндіру көлемі млн. кВт*ч 5 712 5 599 5 397
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 5 036 4 892 4 726
Жылу энергиясын өндіру көлемі тыс. Гкал 5 223 5 617 5 024
Жылу энергиясын сату көлемі тыс. Гкал 5 164 5 527 4 980
Негізгі тұтынушылар «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «КазФерроСталь» ЖШС, «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – Алматы Электрмен қамтамасыз ету дистанциясы», «Kaz Electro» ЖШС, «Алматы Жылу Желілері»» ЖШС, «INTA 2006» ЖШС, «Қуат» ЖШС, «Асыл Тас» ҚК» ЖШС, «ГРЭС» жылу кешені» ЖШС, «К.И. Шолпанбекова» ШҚ, «Жылу желілері» ЖШС, «Волна» ЖШС

*2018 жылы белгіленген қуаттың төмендеуі Талғар су электр станциясының сатылуымен байланысты

2019 жылы игерілген инвестиция көлемі – 7 078 612 мың теңге.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС – Павлодар облысының Екібастұз қаласынан солтүстікке қарай 16 км жерде Жангелді көлінің солтүстік жағасында орналасқан қуаты 4000 МВтжылу электр станциясы. Кәсіпорын – Қазақстан Республикасындағы қатты отынмен жұмыс істейтін ең ірі жылу электр станциясы және өңірдегі энергия өндіретін негізгі мекеме. Қазақстандағы ең ірі электр станциясы бола отырып, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС сонымен қатар қазіргі қуаты 3500 МВт құрайтын әлемдегі ең ірі көмір электр станциясының бірі болып табылады.

Кешен қуаты 500 МВт болатын сегіз энергия блогынан тұрады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ИСП жобасының 2-кезеңі – «Іске асыру» бойынша жұмыстар аяқталды: бұл компания дамуының көптеген сценарийлерін жылдам есептеп, модельдеуге және олардың ішінен ең оңтайлы сценарийді ұсынуға жедел түрде мүмкіндік беретін өндірістік және қаржылық жоспарлау мен модельдеу жүйесі.

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бойынша жобаның нақты қаржылық пайдасы 2018 жылы 910,665 млн теңге және 2019 жылы 1 203.176 млн теңгені құрады.

Бас директоры: Жиенбаев Е.Е

Толық ақпаратты компанияның www.gres1.kz сайтынан қарауға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Кәсіпорын Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерін электр энергиясымен қамтамасыз етеді, электр энергиясының бір бөлігі (5%) Өзбекстанға экспортталады.

Тұтынушыларға жеткізу үшін электр және жылу энергиясын өндіру. Экспортты қоспағанда, электр энергиясы станцияның шиналарынан жеткізіледі (ҚР-РФ шекарасында).

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге 3 859 18 072 6 406
EBITDA млн. тенге 36 826 58 979 47 870
EBITDA Margin % 41 47% 44

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Белгіленген электр қуаты МВт 4 000 3 500 3 500
Электр энергиясын өндіру көлемі млн. кВт*ч 14 797 19 121 18 301
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 14 103 18 340 17 642
Жылу энергиясын сату көлемі мың. Гкал 8,2 59,9 132,3
Тұтынушылар саны (коммерциялық және басқа) 72 72 72
Негізгі тұтынушылар Богатырь Көмір» ЖШС, «Энергия ағыны» ЖШС, «Оңтүстік Жарық» ЖШС, «Алматыэнергосбыт» ЖШС, «Теміржолэнерго» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Жетісу Энерготрейд» ЖШС, «Тau-Ken Temir» ЖШС, «Қазминералз Бозшакөл» ЖШС, «KEGOC» АҚ

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 12,664,568 мың теңгені құрады.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 50%, «Самұрық-Қазына» АҚ – 50%)

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ – Қазақстанның Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы Екібастұз ГРЭС-1-ден кейінгі белгіленген қуат көлемі 1000 МВт болатын екінші жылу электр станциясы.

2018 жылғы 27 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» АҚ және «Интер РАО» ЖАҚ арасында «ЕГРЭС-2» АҚ жарғылық капиталындағы 50 % акцияны сатып алу-сату туралы шарт (бұдан әрі – Мәміле) жасалды.

2019 жылдың 13 желтоқсанында Мәмілені жабу бойынша барлық іс-шаралар аяқталды және 2019 жылғы 14 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 50% акцияға меншік құқығы тіркелді.

Осылайша, қазіргі уақытта «ЕГРЭС-2» АҚ-ның акционерлері – «Самұрық-Энерго» АҚ – 50% және «Самұрық-Қазына» АҚ – 50%.

Басқарма Төрағасы: Асташов В.А.

Толық ақпаратты компанияның www.gres2.kz сайтынан қарауға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ өндірген электр энергиясы тұтынушыға станцияның шиналарынан жеткізіледі. Сатып алушы өз есебінен, өз бетімен Сатушының қатысуынсыз, өңіраралық, ал қажет болған жағдайда өңірлік деңгейдегі желілер арқылы электр энергиясын жеткізу нүктесінен тұтыну нүктелеріне қабылдау мен жеткізуді қамтамасыз етеді.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Өлшем бірлігі млн. тенге (19 092) (6 823) (3 063)
EBITDA млн. тенге 12 594 16 250 17 170
EBITDA Margin % 37 42% 42

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Белгіленген электр қуаты МВт 1 000 1 000 1 000
Электр энергиясын өндіру көлемі млн. кВт*ч 5 495 5436,5 4 928,5
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 5 208 5 161 4 689,5
Жылу энергиясын босату көлемі мың. Гкал 66,515 78,622 82,8
Негізгі тұтынушылар «Трансэнерго» АҚ, «АХҚЗ» АҚ, «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Лотос-Ақтөбе» ЖШС, «Гоар» ЖШС, «Завод ЖБИ-25» ЖШС, «АС Газ Логистик» ЖШС, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөбе Құрылыс Комбинаты» ЖШС, «КСМ» өндірістік бірлестігі» ЖШС, «Актобеэнергоснаб» ЖШС, «Энергожүйе» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ, «Трансэнерго» АҚ

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 804 491 мың теңгені құрайды.

Су электр станциялары және жаңартылатын энергия көздері

«Шардара СЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

Шардара су электр станциясы – Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан, ол Нарын-Сырдария каскадын тұйықтайды.

Гидроторап мақсаты кешенді – ирригация, су тасқынына қарсы күрес, балық өсіру, ауыз сумен қамтамасыз ету, Оңтүстік Қазақстанды энергиямен жабдықтауды оңтайландыру. Су электр станциясында судың қозғалмалы массаларының механикалық энергиясы СЭС ғимаратындағы көптеген қосымша жабдықтармен бірге орналастырылған гидротурбиналар мен гидрогенераторлардың көмегімен электр энергиясына айналады.

Басқарма Төрағасы: Берлібаев А.А.

Толық ақпаратты компанияның www.sharges.kz сайтынан алуға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Шардара СЭС» АҚ электр энергиясын өндіреді және энергия өндіретін ұйым болып табылады. Алыс қашықтыққа тасымалдау және шығындарды азайту үшін (материалдарды үнемдеу үшін) 10кВ генератор кернеуі трансформатор арқылы 110кВ-қа дейін артады.

Электр энергиясын тасымалдайтын ұйым болып табылатын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС желісіне ЭКТҚ-110кВ арқылы электр энергиясын жеткізеді. Әрі қарай электр энергиясы энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, одан соң тұтынушыларға жеткізіледі.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге 1 706 1 526 (692)
EBITDA млн. тенге 2 330 2 174 909
EBITDA Margin % 68 66 40

Өндірістік қызмет қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Белгіленген электр қуаты МВт 100 100/50* МВт с 01.03.2018 ж. 50/63* МВт*- с 27.05.2019 ж.
Электр энергиясын өндіру көлемі млн. кВт*ч 359,4 348,7 464,8
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 354,752 344,6 466
Негізгі тұтынушылар «Энергия ағыны» ЖШС, «Оңтүстік – Жарық» ЖШС, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казсбытгрупп» ЖШС, «Энергоснаб ХХІ» ЖШС, «Югэнергоимпульс» ЖШС, «ГарантЭнерго» ЖШС

* гидроагрегаттарды жаңғыртуға байланысты белгіленген қуаттың өзгерісі

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 5 097 096 мың теңгені құрайды.

«Мойнақ СЭС» АҚ

«Мойнақ СЭС» АҚ

Қуаты 300 МВт Мойнақ су электр станциясы Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі электр энергетикасын дамыту бағдарламасына сәйкес салынды. Ол Алматы облысы Райымбек ауданы Шарын өзенінде орналасқан.

Бұл – бүгінде Қазақстан БЭЖ-інің оңтүстік өңірінде (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары) электр энергиясының тапшылығын азайтумен, энергияның жоғарғы жүктемелерін жабумен және энергия жүйесіндегі қуатты реттеумен байланысты міндеттерді сәтті шешетін серпінді жобалардың бірі.

Кәсіпорынның жоба бойынша орташа жылдық электр қуатын өндіру көлемі 1,027 млрд кВт/сағ құрайды. Станцияда қолданылатын қазіргі заманғы технологиялық қондырғылар электр энергиясын өндіру процесін мейлінше автоматтандыруды және оның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Станцияда техникалық параметрлері мен тиімділігі жоғары соңғы үлгідегі гидроагрегаттар орнатылған.

Басқарма Төрағасы: Асылов А.Н.

Толық ақпаратты компанияның www.moynak.kz сайтынан алуға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Мойнақ СЭС» АҚ электр энергиясын өндіреді және энергия өндіретін ұйым болып табылады. Энергия көздерінен тұтынушыларға электр энергиясын босату жасалған шарттарда келісілген көлемде 110 кВ желілері бойынша жеткізіледі.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге 3 076 (5 296) 186
EBITDA млн. тенге 9 118 8 060 7 386
EBITDA Margin % 84 79 75

Өндірістік қызмет қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Белгіленген электр қуаты МВт 300 300 300
Электр энергиясын өндіру көлемі млн. кВт*ч 1 226 1 036 951*
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 1 213 1 034 952*
Ірі тұтынушылар «Жетысуэнерготрейд» ЖШС, «Алматыэнергосбыт» ЖШС

* 2019ж. э/э өндіру көлемінің төмендеуі Бестөбе су қоймасына жиналатын су ағыны көлемінің төмендеуімен және ең төменгі мөлшерге жетуімен, су қоймасы ғимаратының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін су ресурстары көлемін жинақтау қажеттілігіне негізделеді.

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 187 626 мың теңгені құрайды.

«Өскемен СЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 89,99%)

2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының республикалық меншігіне берілді.

Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070001 Өскемен қаласы Аблакетка кенті.

«Бұқтырма СЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 90%)

«Бұқтырма СЭС» АҚ жұмыс көлемінің меншікті шамасы бойынша да, сондай-ақ электр энергиясын өндіру құнының көрсеткіштері бойынша да үнемді су электр станциясы болып табылады.

СЭС-тің белгіленген қуаты 675 МВт-ны құрайды, орташа жылдық өндіру – 2,77 млрд кВтсағ. СЭС Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі ең жоғарғы жүктемелерді жабады. 2002 жылы Бұқтырма бөгеті бетон сапасының барлық күтілетін параметрлерден артық болуына байланысты әлемдегі ең мықты бөгет болып танылды.

Негізгі қызмет түрі:меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару, өзге машиналарды, жабдықтарды және материалдық құралдарды жалға алу.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070825, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Серебрянск қаласы, Графтио көшесі, 5.

Бұқтырма СЭС-тің мүліктік кешені жалға берілген (концессия).

«Шүлбі СЭС» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 92,14%)

2017 жылы қазанда AES Suntry Power Limited компаниясымен концессия шарты тоқтатылып, активтер Қазақстан Республикасының республикалық меншігіне берілді.

Негізгі қызмет түрі: ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы – Қазақстан Республикасы, Өскемен қ., Аблакетка кенті (заңды мекен-жайы). Атқарушы органның орналасқан жері: 071426 Семей қ., Шүлбі пос.

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС – жаңартылған энергия көздерін қолдау туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық дайындық кезеңдерінен өткен және 2015 жылы 14 тамызда пайдалануға берілген Қазақстандағы баламалы энергия көздерін дамыту саласындағы алғашқы жоба.

Компанияның жел паркі Ақмола облысында, Ерейментау қаласына жақын жерде орналасқан, экология үшін қауіпсіз жұмыс істейтін, біртұтас қуаты 2,05 МВТ құрайтын 22 жел турбинасынан тұрады. Іске қосылған сәттен бастап ЖЭС 760 млн кВт*с-дан астам электр энергиясын өндірді. Барлық өндірілетін электр энергиясының 100%-ы Қазақстанның Ұлттық электр желісі – «KEGOC» АҚ-ға келіп түседі.

Осы уақыт ішінде 85 метрлік құрылымдардың айналмалы жүздері 22 миллиард теңгеден астам электр энергиясын өндірді.

Орналасқан жері: Заңды және нақты мекенжайы:010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Cұлтан қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көш. 20/2.

Бас директоры: Ізбасханов М.К.

Толық ақпаратты компанияның www.pves.kz сайтынан алуға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіру және оны сатумен «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС айналысады.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге (23) 436 1 017
EBITDA млн. тенге 3 421 3 201 3 532
EBITDA Margin % 78% 72% 77%

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Бегіленген электр қуаты МВт 45 45 45
Электр энергиясын өндіру көлемі млн. кВт*ч 166 158 153
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 166 157 152*

*Төмендеу желдің орташа жылдамдығының төмендеуі есебінен болды

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 34 727 мың теңгені құрайды.

«Ereymentau Wind Power» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның негізгі қызметі «Ерейментау қ. ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асыру және бұдан әрі электр энергиясын өндіру болып табылады.

Жоба ең көп дегенде 20 жел мұржасынан, әр мұржаға іргелес тұрған кран негіздерінен, ішкі жолдардан, ішкі электр желілерінен, диспетчерлік пункттен және энергия жүйесіне қосылатын қосалқы электр станцияларынан тұрады.

Жел электр станциясын Ерейментаудан оңтүстікшығысқа қарай жалпы алаңы 1242 га учаскеге салу жоспарланып отыр. Учаске қыраттардан, жарқабақтардан, негізінен солтүстікке қарай ағып жатқан болмашы жылғалардан тұрады. Қыраттардың үстіңгі бөліктері мен басы – кәдімгі дала жайылымдары, ал төменгі бөлігі мен алқаптар орман учаскелері мен гидрофильді өсімдіктерден тұрады. Неғұрлым жазық болып келетін жапсарлас аумақ бытыраңқы суаттардан тұрады.

Бас директоры: Оралов Е.Е.

Толық ақпаратты компанияның www.ewp.kz сайтынан алуға болады.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге (207) (167) (179)
EBITDA млн. тенге (141) (161) (176)
EBITDA Margin %

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 213 122 мың теңгені құрайды.

«Samruk-Green Energy» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Samruk-Green Energy» ЖШС – жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіру бойынша қызметтерді ұсынады. Кәсіпорын шалғай аудандарды орталықсыздандырылған электр қуатымен қамтамасыз ету мүмкіндігін жүзеге асырады.

2015 жылдан бастап қуаты 2 МВт КЭС ТМД мен Орталық Азиядағы бірінші өнеркәсіптік ауқымдағы EnergyPod электр энергиясын жинақтау технологиясын қоса алғанда, ЖЭК инновациялық технологияларын сынауға арналған алаң болып табылады.

2019 жылы Серіктестік қуаты 0,4 МВт күн электр станциясының құрылысын аяқтады. Жоба Қапшағай қаласындағы қуаты 2МВт СЭС инфрақұрылымының негізінде жүзеге асырылды. Жаңа станцияны салу кезінде отандық Әлеуметтік көрсеткіштер Орташа жалақы 2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 164 218 мың теңгені құрады.Тауар өндірушіні қолдау үшін «Astana Solar» ЖШС шығарған қазақстандық кремний негізіндегі фотоэлектрлік модульдер қолданылды. Серіктестік 2020 жылы Қапшағай ауданында қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу жоспарларын іске асыру бойынша жұмысты бастайды

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қапшағай қ., Индустриальная к., 35/2

Бас директоры: Бөкенов Т.Ш.

Толық ақпаратты компанияның www.samruk-green.kz сайтынан алуға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі.

Электр энергиясы «АЖК» АҚ желісі арқылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 165-IV Заңына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШСатына босатылады.

2015 жылғы 2 наурыздағы №164, күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша білікті шартты тұтынушыға электр энергиясының тиісті үлесін есеп айырысу және қайта бөлу, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын есеп айырысу және қаржы орталығының орталықтандырылған сатып алу-сату қағидаларына сәйкес, Есеп айырысу-қаржы орталығы Серіктестікке электр қондырғыларын кешенді сынау басталған күннен бастап 15 (он бес) жыл ішінде өндірілген және Серіктестік нысандарының энергия жеткізуші ұйымдарының электр желісіне босатылған электр энергиясының толық көлемін төлейді.

Сонымен қатар тіркелген тариф 2014 жылғы 27 наурыздағы №271 бекітілген тарифтер мен аукционның шекті бағаларын айқындау қағидаларына сәйкес жыл сайын индекстелуге жатады.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге (21) (4) (42)
EBITDA млн. тенге 15 20 36
EBITDA Margin % 10 14 23

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Белгіленген электр қуаты МВт 2 2 2,4
Электр энергиясын өндіру көлемі млн. кВт*ч 3,215 3,232 3,327
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 3,101 3,117 3,246

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 164 218 мың теңгені құрады.

«Энергия Семиречья» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 25%, ZENITH GLOBAL FZE – 75%)

«Энергия Семиречья» ЖШС – электр энергиясын өндіру және сату, жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, объектілерді жобалау және салу қызметін көрсететін кәсіпорын. Кәсіпорын 2009 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде «Келешекте қуаты 300 МВТ-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» үшін құрылды.

Жақын арада «Жоңғар қақпасы 72 МВт» жобасы аясында Жоңғар қақпаларындағы желді мониторингілеуді аяқтау, сондай-ақ Шелек энергия торабын дамыту («Самұрық-Энерго» АҚ мен HYDROCHINA CORPORATION арасындағы Келісімді іске асыру) көзделіп отыр.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіру және оны «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС арқылы сату.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Байсейіт ауылы, Абай көшесі 92 үй.

Бас директоры: Айдаров А.А.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіру және оны «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС арқылы сату.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге (43) (26) 22
EBITDA млн. тенге (81) (83) (123)

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 3 931 858 мың теңгені құрады.

«Казгидротехэнерго» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100 %)

Т«Казгидротехэнерго» ЖШС — Алматы облысындағы жиынтық қуаты 60.8 МВт болатын төрт шағын СЭС (ҮАК-1, ҮАК-2, СЭС-19, СЭС-29) салу жобаларын іске асыратын компания.

Серіктестіктің қызметі ЖЭК-ті пайдалана отырып электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-ті пайдаланатын объектілерді, дербес техникалық құрылғыларды және онымен байланысты құрылыстарды жобалауға, салуға бағытталған.

Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы қ., Қонаев көш.21 Б үй, «Сәт» Бизнес орталығы, офис № 62А.

Бас директоры: Буханов М.Е.

«Теплоэнергомаш» ЖШС

(«Казгидротехэнерго» ЖШС – 95%

«Теплоэнергомаш» ЖШС-ның негізгі мақсаты – Үлкен Алматы каналында жалпы қуаты 12 МВт болатын екі электр станциясын салу.

Сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек өзенінде жиынтық қуаты 26 МВт (Алматы облысы) СЭС-те ҮАК 1,2 мен 19 СЭС-ін салу жоспарланып отыр.

Негізгі қызмет түрі: жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру және сату.

Орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 13, «Нұрлы Тау» БО, 1В-к., 505-оф.

Бас директоры: Адилов Е.Х.

Таратушы және өткізуші компаниялар

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 90,29 %)

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 2,5 миллион халықты электр энергиясымен қамтамасыз ететін өңірлік ірі электр желілік компания, ол 29 мың км-ден астам электр желілерін, 35 кВ және одан жоғары 209 қосалқы станцияны және 7011 трансформаторлық қосалқы станцияларды басқарады.

Желілерге Алматы қаласы бойынша жеті АЭС және Алматы облысы бойынша он АЭС қызмет көрсетеді, қызмет көрсету ауданы 102 382 шаршы км. «АЖК» АҚ-ның басты міндеті – халықты сенімді және сапалы электр энергиясымен жабдықтау.

Алматы өңірінде электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру мақсатында 2007–2018 жж. аралығында 38 қосалқы станция салынып, жаңғыртылды, трансформатор қуатының өсімі 3500 МВА-ны құрады.

Басқарма Төрағасы: Үмбетов М.А.

Толық ақпаратты компанияның сайтынан алуға болады. www.azhk.kz

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Өңірлік электр желілік компаниялар электр тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу функцияларын өз баланстық тиесілілік шегінде жүзеге асырады. «АЖК» АҚ электр желілік компаниясы 220/110/35/6-10/0.4 кВ кернеу кластары бар Алматы энергия торабы электр желілерінің негізгі бөлігін құрайды.

Ол Алматы облысында орналасқан және солтүстігінде Балқаш көлінің жағасынан оңтүстігінде Қырғызстан шекарасына және батысында Жамбыл облысының шекарасынан шығысында Қытай шекарасына дейін созылып жатыр. Энергия өндіретін ұйымдардан электр энергиясын соңғы тұтынушыға жеткізу.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге 5 436 5 860 2 719
EBITDA млн. тенге 15 023 15 980 12 408
EBITDA Margin % 39 40 33

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
ЭЖЖ-220 кВ км 469,64 457,79 457,79
ЭЖЖ-110 кВ км 2 878,02 2 898,21 2 881,76
ЭЖЖ-35 кВ км 2 593,75 2 602,87 2 881,76
ЭЖЖ-10 кВ км 10 910,57 10 854,8 10 903,46
ЭЖЖ –6 кВ км 1 744,31 1 744,9 1 765,65
ЭЖЖ-0,4 кВ км 10 934,98 10 972,05 11 659,81
ҚС-220 кВ шт 9 9 8
ҚС-110 кВ шт 94 95 95
ҚС-35 кВ шт 104 105 106
Электр энергиясын жеткізу млн. кВт*ч 6 528 6 796 6 961
Тұтынушылар коммерциялық және басқа) саны шт 17 21 21

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 11 426 091 мың теңгені құрады.

«Алматыэнергосбыт» ЖШС

(«Самұрық-Энерго АҚ – 100%)

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС – электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығының барлық субъектілерінің алдында өз тұтынушыларының мүдделерін білдіретін кәсіпорын.

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысы өңіріне (Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары және Қапшағай қаласы) электр энергиясын кепілді жеткізуші болып табылады.

2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС клиенттерінің арасында 32 мыңнан астам заңды тұлға және 810 мыңға жуық жеке тұтынушы бар.

Компанияның басты ұстанымы – клиенттерге бағдар ұстау. Ұйымның құрылымына 17 аудандық бөлімше мен Байланыс орталығы кіреді.

Энергия жеткізуші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу және энергиямен жабдықтау туралы шарттардың негізінде түпкілікті тұтынушыға сату. Электр энергиясына тарифтерді қалыптастыру Табиғи монополияларды реттеу комитетінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Клиенттердің қанағаттану дәрежесі жыл сайын өсіп келеді және 100 %-ға жуықтады.

Бас директоры: Жарылқасымов Е.Т

Толық ақпаратты компанияның www.esalmaty.kz сайтынан алуға болады.

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Энергия жеткізуші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу және энергиямен жабдықтау туралы шарттардың негізінде түпкілікті тұтынушыға сату. Электр энергиясына тарифтерді қалыптастыру Табиғи монополияларды реттеу комитетінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге 1 374 42 (1 185)
EBITDA млн. тенге 2 002 361 (1 499)
EBITDA Margin % 2,12 0,37 (1,5)

Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Электр энергиясын сату көлемі млн. кВт*ч 5 767,5 5 904,3 6 218
Электр энергиясын сату бойынша орташа тариф тенге/кВт*ч 16,38 16,42 16,11
Тұтынушылар тобы 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Халық 770 245 785 393 811 295
Тұрмыстық емес тұтынушылар, оның ішінде: 30 203 31 632 32 939
– Өнеркәсіптік және оларға теңестірілген тұтынушылар 1 866 1 932 1 934
– Бюджеттік ұйымдар 1 238 1 234 1 228
– Өзге тұтынушылар 27 099 28 466 29 777
БАРЛЫҒЫ: 800 448 817 025 844 234

2019 жылы игерілген инвестициялар көлемі 75 043 мың теңгені құрайды

ӨНДІРУШІ ЖӘНЕ СЕРВИСТІК КОМПАНИЯЛАР

«Богатырь Көмір» ЖШС

(Forum Muider B.V. – 100%)

«Богатырь Көмір» ЖШС – ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша әлемдегі аса ірі кәсіпорындардың бірі. «Богатырь-Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 59 пайызы және ҚР-дағы жалпы көмір өндіру көлемінің 40,4 пайызы тиесілі.

«Богатырь Көмір» ЖШС бойынша бекітілген көмір қоры шамамен 2,9 млрд тоннаны құрайды. «Богатырь Көмір» ЖШС бойынша көмір қоры горизонтқа дейін минус 200 м (үстіңгі бетінен өлшегендегі тереңдігі 400м) бекітілген. Кәсіпорынның қазіргі қуаты жағдайында көмір қоры кемінде 70 жыл жұмыс жасауға жетеді.

1970 жылы пайдалануға берілген «Богатырь» кесігі 5,6,9,10 алаңдарда (учаскелерде) көмір қорын игереді. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 280 метрге жетті (белгі: Балтық теңізінің деңгейінен Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 80м горизонт).

«Северный» кесігі 1954 жылы пайдалануға берілді, көмір өндіру 1,2,3,4 алаңдарында (учаскелерде) жүргізіледі. Кесіктің тереңдігі үстіңгі қабатынан өлшегенде 230 метрге жетті (белгі: Балтық теңізінің деңгейінен Балтық шаралар жүйесі бойынша минус 30 м горизонт).

Екібастұз бассейнінің негізгі өнеркәсіптік қабаттары – орташа қуаты 160 м және жайғасу тереңдігі 670 метрге дейін 1, 2, 3, 4 қабаттар. Бассейн бойынша көмірдің жалпы қоры – 9 млрд тоннадан артық.

Бас директоры: Корсаков Н.Н.

«Богатырь Көмір» ЖШС «Богатырь» және «Северный» кесіктері бойынша бекітілген көмір қоры.

«Богатырь Көмір» ЖШС бойынша барлығы
Қабат Бекітілген қорлар
1 397,9
2 630,8
3 1 401,7
4 484,6
Барлығы: 2 915,0
Оның ішінде: «Богатырь» кесігі бойынша (5,6,9,10 учаскелер)
Қабат Бекітілген қорлар
1 198,1
2 332,8
3 739,4
4 278,7
Барлығы: 1 549,0
«Северный» кесігі бойынша (1,2,3,4 учаскелер)
Қабат Бекітілген қорлар
1 199,8
2 298,1
3 662,2
4 205,9
Барлығы: 1 366,0
Кәсіпорынның жеткізу тізбегі

«Богатырь Көмір» ЖШС орташа жану жылулығы ~ 4 000 ккал/кг, күлділігі ~43 %, ылғалдылығы ~5 % КСН маркілі көмірді өндіреді.

Кәсіпорын энергетикалық көмірді Қазақстан Республикасы ішкі нарығының өндіруші объектілеріне жеткізеді, Ресей Федерациясына экспортқа шығарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз етеді. Көмір Қазақстан Республикасының жылу электр станцияларына көмір жеткізудің тікелей шарты бойынша Ресей Федерациясының электр станцияларына трейдер арқылы сатылады.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді сату «Биржалық тауарлар тізбесін және тауарлық биржалар арқылы сатылатын ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №142 бұйрығына сәйкес тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Таза табыс/залал млн. тенге 21 960 28 334 26 917
EBITDA млн. тенге 34 506 41 441 40 415
EBITDA Margin % 43,3 45,5 43

Өндірістік қызметтің қорытындылары

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж.
Көмір өндірі көлемі МВт 40,4 44,9 44,8
ҚР-дағы көмір сату көлемі млн. кВт*ч 30,7 35,6 33,8
Өз ЭС-ға млн. кВт*ч 15,6 18,1 17,5
Сыртқы ЭС-ға тыс. Гкал 15,1 15,9 16,3
Көмірді экспорттау көлемі тыс. Гкал 10,2 9,6 10,9
Ірі тұтынушылар «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, ЖЭО-1, ЖЭО-2; «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-1, ЖЭО-2; «Қарағанды энергоорталығы» ЖШС, ЖЭО-1, ЖЭО-3; «СевКазЭнерго» АҚ Петропавл ЖЭО-2 «Павлодарэнерго» АҚ ӨЖЭО-2, Рефтинск ГРЭС-і

2019 жылы Forum Muider B.V. (50%) игерген инвестиция көлемі 8 297 791 мың теңгені құрады.

«Тегіс Мұнай» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Тегіс Мұнай» ЖШС-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Придорожное» кен орнында жер үсті инфрақұрылымын салу және жайластыру, «Придорожное» кен орнынан Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырына дейін газ құбырын салу, газды өндіру, өңдеу және сату болып табылады.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасай отырып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, Компания жобаланатын объектілердегі жобаның өнеркәсіптік және энергия өндіруші бөлімдеріне энергиялық тиімді технологияларды ендіру үшін ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институттармен бірлесіп жұмыс жасайды.

«Тегіс Мұнай» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобасы болып табылады, табыс алу 2020– 2021 жж. жоспарланып отыр.

Бас директоры: Уваков К. А.

2019 жылы игерілген инвестиция көлемі 91 009 мың теңгені құрады.

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС

(«Тегіс Мұнай» ЖШС – 100%)

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС 30.07.2018 ж. № 4631-УВС-МЭ Контракт негізінде Түркістан облысының Придорожное кен орнында газды барлау жұмыстарын жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығының иесі болып табылады. Жоба газ кен орнын әзірлеуді көздейді.

Негізгі міндет өңірде газ тапшылығының орнын толтыру, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік көмекті және бюджетке салық аударымдарын арттыру мақсатында кен орнын өнеркәсіптік пайдалану болып табылады.

Кен орны 1978 жылы табылды. 13 барлау ұңғымасын бұрғылау және сынақтан өткізу нәтижесінде Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссия 1100 м. және 2400 м тереңдікте 16,5 млрд текше м. көлемде табиғи газдың бар екенін тауып, растады.

«Маңғышлақ-Мұнай» ЖШС «Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобасы болып табылады, табыс алу 2020– 2021 жж. жоспарланып отыр.

Бас директоры: Каракушиков Е. А.

Толық ақпаратты компанияның: www.mangyshlak-munay.kz сайтынан ала аласыз.

«Energy Solutions Center» ЖШС

(«Самұрық-Энерго» АҚ – 100%)

«Energy Solutions Center» ЖШС – «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына әкімшілік қолдау көрсететін сервистік ұйым. Қызметтер тізбесіне мыналар кіреді:

✔ IT-инфрақұрылымды қолдау қызметтері;

✔ Интернет-ресурстарға қызмет көрсету;

✔ Көлік қызметтерін ұсыну;

✔ Жылжымайтын мүлікті басқару қызметтері (жалға алу, сатып алу, құрылыс);

Негізгі қызмет түрі: арнайы кеңсе қызметтері (персонал аутсорсингі), АТ -қызметтер, көлік қызметі.

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 15 А, Б блогы.

Бас директоры: Абдуллин А.М

Толық ақпаратты компанияның www.e-s-center.kz сайтынан ала алсыз.

Өндірістік қызмет қорытындысы

Қаржы көрсеткіштері

Көрсеткіш Өлшем бірлігі 2017 2018 2019
Таза табыс/залал млн теңге 51 89 3
EBITDA млн теңге 72 122 68
EBITDA Margin млн теңге 11 13 6

2019 жылы игерілген инвестиция көлемі 42 110 мың теңгені құрады.