Электр энергиясы мен көмір нарығына шолу

Энергетикалық саланы реттеуді мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Уәкілетті орган нысанындағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2004 жылғы 9 шілдедегі №588-II «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде электр энергетикасы саласында басшылық жасайды.

Уәкілетті орган нысанындағы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2009 жылғы 4 шілдедегі №165-IV «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде ЖЭК саласына басшылық жасайды.

Мемлекеттік орган нысанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, табиғи монополиялар салаларында, о.і. электр энергиясын беру, жылу энергиясын өндіру, жеткізу, үйлестіру және қамтамасыз ету бойынша реттелетін қызметтерге қатысты мемлекеттік саясатты іске асырады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес көмір өнеркәсібі саласына басшылық жасайтын мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстандағы электр энергиясының моделі

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯ НАРЫҒЫ

Бөлшек сауда (1 МВт-қа дейін)

✔ Бөлшек сауда тұтынушыларына электр энергиясын тарататын және қамтамасыз ететін ұйымдар

Көтерме (1 МВт-тан жоғары)

✔ Қатысушылары электр энергиясын өзара келісілген шарттарда сатып алатын және сататын орталықсыздандырылған нарық
✔ Операторы «Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» АҚ болып табылатын орталықтандырылған нарығы
✔ Күн сайынғы негізде теңгерімсіздікті жою үшін теңгерімделген нарық (имитациялық режимде қызмет етеді)
✔ Электр энергиясын беруді және қуаттарды резервке қоюды қоса алғанда жүйелік қызметтердің нарығы

Қуат нарығы моделі

Қазақстан электр энергиясының балансы

2019 жылы ҚР электр станцияларының белгіленген қуаты 22 936,6 МВт-ты құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1034 МВт-ға артық.

ҚР электр станцияларының қолда бар қуаты 19 329,7 МВт-ты құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 434,8 МВт-ға артық, о.і. Солтүстік аймақта – 193,2 МВт-ға, Батыс ¬аймақта – 149,6 МВт-ға, Оңтүстік аймақта – 92 МВт-ға өсті.

Қазақстандағы электр энергиясын өндіру әсіресе жылу электр станцияларында жүзеге асырылды – 81%, су электр станциялары – 9%, ЖЭК үлесі шамамен 1,8%-ды құрады.

Солтүстік өңірде елде өндірілетін электр энергиясының 77%-ы өндіріледі. Мұнда негізгі көмір кен орындары мен су-энергетикалық ресурстар орналасқан. Электр энергиясының артылғаны энергия тапшы оңтүстік өңірге жеткізіліп, Ресей Федерациясына экспортталады.

Оңтүстік аймақ солтүстік аймақтан жеткізілетін қуат есебінен жабылатын электр энергиясының тапшылығымен сипатталады.

Батыс аймақта электрді тұтынудың елеулі үлесін өздерінің өндіруші көздері бар мұнай-газ саласының кәсіпорындары құрады. Ел аумағы бойынша Батыстың Қазақстанның Солтүстігі мен Оңтүстігімен электр байланыстары жоқ.

Жүйелік оператордың деректері бойынша 2019 жылы Қазақстанның электр станциялары 106 030 млн кВтс.электр энергиясын өндірді, бұл 2018 жылғы деректермен салыстырғанда 0,7%-ға артық. Өндірудің өсімі Қазақстан БЭЖ-інің Солтүстік аймағында байқалады.

Қазақстан СЭС-інде электр энергиясын өндіру 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 358,1 млн кВт/сағ(3,5%) азайды. Станциялардың жұмыс тәртібі су шаруашылығы балансымен және гидрологиялық жағдаймен анықталды.

Қазақстанның ЖЭС және ГТЭС-те электр энергиясын өндіру тиісінше 840 млн кВт/сағ (1%) және 144 млн кВт/сағ (1,6%) азайды.

Соңғы үш жылда Қазақстанда электр энергиясын тұтыну өсімі байқалады. Республиканың солтүстік аймағында тұтыну 2% – ға, оңтүстік аймақта 3% – ға, батыс аймақта 0,2% – ға артты.

2019 жылдың есепті кезеңінде 2018 ж. ұқсас кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын тұтынудың ең жоғары өсімі Алматы облысы бойынша 374,2 млн кВтс (3 %), Жамбыл облысы бойынша – 151,9 млн кВтс (4%), Қарағанды облысы бойынша – 671,8 млн кВтс (4%), Шығыс Қазақстан облысы бойынша-259,2 млн кВтс (3%) мөлшерінде байқалады.

Электр энергиясы өндірісінің артуы ЖЭС пен ГТЭС өндірісінің артуымен, сондай-ақ ЖЭК жаңа қуаттарының енгізілуімен байланысты.

Қазақстан Республикасы бойынша электр энергиясының көрсеткіштері, млн кВтсағ

ҚР бойынша көрсеткіштер 2017 ж. 2018 ж. Δ 2018/ 2017 2019 ж. Δ 2019/ 2018
1 Э/э тұтыну 97 856,7 103 228,3 5 % 105 193,1 2 %
2 Э/э өндіру, о.і.: 102 383,6 106 797,1 4,3 % 106 029,8 0,9 %
ЖЭС 82 424,8 86 795,1 5 % 85 955 0,9 %
ГТЭС 8372,6 9 119,3 9 % 8 975,6 0,9 %
СЭС 11 157,9 10 343,0 0,9 % 9 984,9 0,9 %
ЖЭС 338,5 400,5 18 % 701,9 75 %
КЭС 89,8 137,9 54 % 409,4 197 %
БГҚ 0 1,3 3 131 %
3 Сальдо-ағын «+» тапшылық, «-» артықшылық о.і.: –4 527 –3 568,8 0,8 % –836,7 0,2 %
Ресей –4 528,2 –3 566 0,8 % 125,7 –0,04 %
Орталық Азия 1,2 –2,8 –133 % –962,4 –34 371 %

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда ЖЭК-ті пайдалану объектілерінің электр энергиясын өндіру көлемі 2019жылы 2,4 млрд кВтс құрады немесе 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 44,4% – ға өсті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖЭК пайдаланылатын 90 нысан жұмыс істейді.

2019 жылы 2018 ж. салыстырғанда ірі ГЭС электр энергиясы өндірісінің төмендегені байқалады, ал шағын ГЭС, ЖЭС, СЭС және БГҚ объектілерімен электр энергиясын өндіру өсті.

Қазақстан Республикасында электр энергиясының экспорты-импорты

2019 жылы Қазақстандағы электр энергиясын экспорттау-импорттау бағыты Ресей Федерациясы болды (Ресей Федерациясына экспорт – 1273,6 млн кВт.сағ, Ресей Федерациясынан импорт – 1407,1 млн кВт.сағ).

«KEGOC» АҚ – 1 215,6 млн кВтс электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу мақсатында. Есепті кезеңде 1 138,6 млн кВтс көлемінде РФ-дан электр энергиясының импорты электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу мақсатында жүзеге асырылды.

2018 жылға қарағанда Қазақстан Республикасының электр энергиясы импортының ұлғаюы Ресей Федерациясынан теңгерімдеуші электр энергиясы көлемінің ұлғаюы есебінен болды.

Қазақстан Республикасында электр энергиясының экспорты-импорты, млн кВтсағ
Δ 2019/2018 жж.
Атауы 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. млн. кВт*ч %
Қазақстанның экспорты 5 795,8 4 882,4 2 240,8 –2 641,6 –54,1 %
Ресейге 5 788,1 4 876,3 1 273,6 –3 602,7 –73,9 %
ЕГРЭС-1 4 705,5 3 758,0 0,0 –3 758,0 –100,0 %
«СевКазЭнерго» АҚ 62,2 68,7 58,0 –10,7 –15,6 %
«КЭЛ» ЖШС 0,0 0,0 0,05 0,05
«KEGOC» АҚ (теңгерімделген нарық) 1 020,4 1 049,6 1 215,6 166,0 15,8 %
Орталық Азияның БЭЖ-ге 7,7 6,1 967,1 961,0 15 733,7 %
ЕГРЭС-1 0 0,0 963,4 963,4
«Қырғызстан ҰЭЖ» үшін «KEGOC» АҚ 7,7 6,1 3,7 –2,4 –38,8 %
Қазақстанның импорты 1 268,9 1 313,6 1 695,7 382,1 29,1 %
Ресейден 1 259,9 1 310,2 1 407,1 96,8 7,4 %
«ИНТЕР РАО» ЖАҚ 283,3 291,7 268,4 –23,2 –8,0 %
«ИНТЕР РАО» ЖАҚ (сатып алу шарты) (ТЭН) 976,6 1 018,6 1 138,6 120,1 11,8 %
Орталық Азияның БЭЖ-ден 8,9 3,3 288,6 285,3 8 545,2 %
Сальдо-ағын «+» тапшылық, «-» артықшылық –4 527,0 –3 568,8 –545,1 2 794,2 –78,3 %

Электр энергетикасы нарығындағы бәсекелес орта

«Самұрық-Энерго» АҚ электр энергиясын өндіруші компанияларының бәсекелес ортаға электр энергиясын өндіру көлемі 2019 жылы 52,5 млрд кВтс құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда (52,2 млрд кВтс) 1,2 млрд кВтс аз.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның неғұрлым ірі бәсекелестерінің 2019 жылғы көтерме нарықтағы электр энергиясын өндіру үлесі

АҚ «Самұрық-Энерго»
ERG
ЖШС «Казахмыс Энерджи»
ЖШС «ККС»
АҚ «ОАЭК»
Өзгелер

Қазақстанның ірі өндірушілерінің электр энергиясын өндіруі, млн кВтс

Атауы 2017 ж. 2018 ж. 2019 ж. Ауытқу ҚР-дағы үлесі, %
1 «Самұрық-Энерго» АҚ 27 760,3 31 703 30 200,3 –1 502,8 28,5 %
2 ERG 19 264,6 19 573,9 18 545,0 –1 028,9 17,5 %
3 ОАЭК» 7 299,9 7 025,7 7 032,8 7,1 6,6 %
4 «Қазцинк» ЖШС 7 437,1 3 271,6 3 093,2 –178,4 2,9 %
5 «Казахмыс Энерджи» ЖШС 6 756,3 6 437,0 7 443,6 1 006,6 7,0 %
6 «ККС» ЖШС 6 102,5 6 376,8 6 645,4 268,6 6,3 %
7 «Жамбыл ГРЭС» АҚ 2 552,3 1 792,4 1 878,8 86,4 1,8 %

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ тобы бойынша электрэнергиясын өндіру 2018 жылмен салыстырғанда 4,7% –ға төмендеді.Сонымен қатар, негізгі бәсекелестер бойынша аталған көрсеткіш – «Қазақмыс Энерджи» ЖШС: 7%, ККС – 6,3%,ERG – 17,5% құрады.