Омбудсмен

Пошталық мекенжайы: o.bekbas@samruk-energy.kz

Телефон: +7 (7172) 69-23-56

Омбудсмен тәуелсіз тарап ретінде әрекет ете отырып, Компанияда корпоративтік құндылықтар мен мәдениетті, кәсіби мінез-құлық пен іскерлік этиканың жоғары стандарттарын орнықтыруға және дамытуға ықпал етеді.

Омбудсмен жұмысының негізгі принциптері тәуелсіздік, бейтараптық, туралық және құпиялылық болып табылады.

Тәуелсіздік:

1) Омбудсмен өз қызметі және өзінің көзқарастары тұрғысынан тәуелсіз;

2) Омбудсмен өзі қадағалайтын Компанияда өзінің тәуелсіздігі мен бейтараптығына нұқсан келетін басқа лауазымдарды атқара алмайды.

Бейтараптық және туралық:

1) Омбудсмен өтініштерді қараған кезде өзін бейтарап, әділ әрі тәуелсіз ұстайды;

2) Омбудсмен қақтығысушы (дауласушы) тараптардың ешқайсысына жақтаспайды;

3) Омбудсмен арыздарды қараған кезде жеке материалдық және (немесе) материалдық емес мүдделерді көздемеуі тиіс.

Құпиялылық:

1) Омбудсмен өтініш білдірген адамның рұқсатынсыз ақпаратты ашпайды, тіпті бұл жағдайда да түпкілікті шешімді өз қарауы бойынша қабылдайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген жағдайлар ғана айрықша жайттар болып табылады;

2) Омбудсмен саясатта бар және тәжірибеде қалыптасқан негізгі үрдістер, анықталған проблемалар туралы ұсынымдар қабылдаған кезде өзіне өтініш білдірген тұлғалардың аттарын атамайды.

Омбудсменнің міндеттері:

1) еңбек дауларын, қақтығыстарды, әлеуметтік-еңбек сипатындағы проблемалық мәселелерді шешуге, сондай-ақ қызметкерлердің іскерлік этика қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу;

2) қадағалайтын Компанияның рейтингі мен имиджін арттыруға, қақтығыстар мен даулардың алдын алуға, оларды реттеуге жәрдемдесу;

3) Компанияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің арасында бейресми қарым-қатынасты қамтамасыз ету, осы негізде проблемалар мен жетілдіруге арналған бағыттарды, Компанияның саясаты мен рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды уақытылы анықтау;

4) Омбудсмен Директорлар кеңесінің/Байқаушы кеңестің, ал болған жағдайда Директорлар кеңесінің/Байқаушы кеңестің жанындағы Аудит комитетінің қарауына өздері анықтаған жүйелі сипаттағы және тиісті (кешенді шаралар) қабылдауды талап ететін проблемалық мәселелерді шығарады, оларды шешу үшін сындарлы ұсыныстарды ұсынады.

Омбудсмен Директорлар кеңесі бекіткен Омбудсмен туралы ереже негізінде іс-әрекет етеді. 2019 жылы Ережеге «Самұрық-Энерго» АҚ Омбудсменінің еншілес және бағынысты ұйымдардың омбудсмендерімен өзара іс-қимылын реттейтін нормаларына қатысты жаңартулар енгізілді.

2019 жылдың нәтижесі бойынша Омбудсменге түрлі сипаттағы ауызша өтініштер, барлығы 20 өтініш келіп түсті. Барлық өтініш білдірушілер өз сауалдары бойынша толық та тиянақты жауап алды. Өтініштер мен оларға берілген жауаптар тұтастай алғанда Компанияның әлеуметтік тұрақтылығына жағымсыз әсерін тигізбеді. Омбудсменге нәсілдік, діни ұстаным, ұлттық, жыныстық, жас ерекшелік, саяси және басқа да кемсітушілікке қатысты ешбір өтініш жасалған жоқ. Осыған орай жазбаша өтініштер де жасалмады.

Ішкі аудит

Ішкі аудит қызметінің миссиясы Директорлар кеңесі мен Басқармаға тәуекелдерді бағдарлау негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу, ұсыныстар әзірлеу және білім-тәжірибелермен алмасу арқылы олардың Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне тиісінше ықпал ету болып табылады.
ІАҚ қызметінің негізгі мақсаты Директорлар кеңесіне тәуекелдерді басқару жүйесін, ішкі бақылау мен корпоративтік басқаруды жетілдіруге бағытталған тәуелсіз, объективті аудиторлық кепілдіктер мен кеңестер беру болып табылады.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 44 жоспарлы және 6 жоспардан тыс. аудиторлық тапсырмалар орындалды, оның ішінде:

— энергия ресурстары мен энергия тиімділігін басқару процестерінің, өндірістік жабдықтарды қолдану және пайдалану процестерінің аудиті;

— трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысын бағалау;

— өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау процестерінің аудиті;

— басшы қызметкерлердің НҚҚ көрсеткіштерін орындау дәрежесін бағалау;

— АТ аудиті және адам ресурстарын басқару процестерін бағалау

Жүргізілген аудиторлық тексерулердің қорытындысы бойынша 295 ұсыныс берілді, оның ішінде:

— А санатындағы 76 ұсыныс (шұғыл басымдыққа ие ұсынымдар);

— В санатындағы 102 ұсыныс (жедел басымдық);

— С санатындағы 117 ұсыныс (орташа басымдық).

Барлық аудиторлық тапсырмалар Ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына сәйкес орындалды. Жүргізілген аудиторлық тексерулер нәтижесінде ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берілді.

Аудиторлық тапсырмалардың басымдығы ең жоғары деген тәуекелдерді анықтау арқылы, сондай-ақ Жалғыз акционер мен «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің аудит жүргізуге қатысты сауалдарын талдау негізінде белгіленді.

Компаниядағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру аясында 2019 жылы ІАҚ төмендегідей іс-шараларды орындау және өзектендіру жұмыстарын жалғастырды:

— ІАҚ стратегиялық жоспары;

— сапаны қамтамасыз ету және арттыру бағдарламасы;

— ішкі бақылауды тестілеуге негізделген аудиторлық тексерулерге көшудің үш жылдық жоспары.

Бұған қоса, ІАҚ тұрақты негізде сыртқы аудитор ұсынымдарының орындалуына мониторинг жүргізіп, ІАҚ ұсынымдарының орындалуы бойынша өткізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалайды.

Компанияның 2-ші қорғаныс желісімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру аясында ІАҚ тоқсан сайынғы негізде 2-қорғаныс желісіне енетін құрылымдық бөлімшелермен («Комплаенс» қызметі, «Тәуекел менеджменті және Ішкі бақылау», «Құқықтық қамтамасыз ету», «Қауіпсіздік» және «Қаржылық бақылау» департаменттері) кездесулер өткізді. Кездесулердің қорытындысы бойынша:

— 2-ші және 3-ші қорғаныс желілері тарапынан жүргізілетін тексерістер кезінде назар аударуды қажет ететін ақпараттармен алмасып оларды талқылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді,

— рұдайы ақпарат алмасып, сол ақпаратты одан әрі сақтау мақсатында ішкі электронды поштаны іске қосу туралы шешім қабылданды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ІАҚ қызметі Қоғамның Директорлар кеңесі тарапынан «ТИІМДІ» деп бағаланды.

Компанияда ISO 9001: 2015 халықаралық стандартына сәйкес корпоративтік менеджмент жүйесі енгізілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен үміттерін ескере отырып, Компанияны тиімді және нәтижелі басқаруды қамтамасыз етеді.

Корпоративтік басқару жүйесінің ISO 9001: 2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растау үшін Қоғам жыл сайын сыртқы аудиттен өтеді. Бұл TÜV NORD CERT процедураларына сәйкес, активтерді басқару бойынша корпоративтік қызметтер тұрғысынан басқару жүйесінің көлемін растау арқылы жүзеге асырылады.

2019 жылдың қараша айында Компания 2-ші сыртқы бақылау аудитінен сәтті өтті. Өткізілген бақылау аудитінің қорытындысы бойынша корпоративтік менеджмент жүйесінің дамуы мен жұмысының жағымды жақтарын атап өтіліп, оны одан әрі жетілдіру бойынша ұсынысмдар берілді.

Сыртқы аудит

Компанияның аудиторлық ұйымын таңдау «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген «Самұрық – Қазына» АҚ мен дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен «Самұрық – Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың Аудиторлық ұйымды таңдау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудиторлық ұйымды таңдаудағы негізгі критерийлер қызметтің сапасы мен құны болып табылады.

2012 жылдан бастап Компанияның сыртқы аудиторы PricewaterhouseCoopers (бұдан әрі – PwC) әлемдік фирмалар желісі болып табылады.

PwC аудиторлық және кеңес беру қызметін ұсынуда жетекші орынға ие: аудит бойынша клиенттер қатарына FTSE 100 және Fortune 500 рейтингтеріне енген компаниялардың жартысына жуығы кіреді.

Әлемнің түрлі елдерінде отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарына көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында PwC фирмасы аясында Дүниежүзілік Энергетикалық Қызмет құрылды, онда 4,000-нан астам маман жұмыс істейді.

Неғұрлым толық ақпаратты www.pwc.kz сайтынан алуға болады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Аудиторлық ұйымдардың қызметін тарту саласындағы саясатына сәйкес, Компания әр бес жыл сайын аудит үшін негізгі жауапкершілік арқалайтын серіктесті ауыстыру принципін қолданады. 2016–2017 жылдары аудит үшін Бауыржан Бұрханбеков негізгі жауапты серіктес болды. 2018 жылдан бастап негізгі серіктес – Дана Іңкәрбекова.

Бұған қоса «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында аудиторлық ұйымның қызметкерлерін жұмысқа қабылдау шарттары ерекше. Сонымен, Компанияның міндетті аудитіне Компанияның Басқарма мүшесі, басқарушы директоры немесе бас аудиторы лауазымына тағайындалған (сайланған) күнінің алдындағы екі жылда аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде екі жыл бойына қатысқан аудиторлық ұйымның қызметкерін тағайындау мүмкін болған жағдайда, мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында Аудит комитетінің алдын ала мақұлдауын алу талап етіледі.

PwC Компанияның мына ЕТҰ-ларында аудит жүргізеді:

Аудиторлық ұйымға 2019 жылы көрсетілген аудиторлық қызметі үшін төленген сыйлықақы