Қосымша

Есеп туралы

Компания Есептің мазмұны мен сапасын анықтауда мынадай тәсілдерді ұстанады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл және оның маңыздылығы.

Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасау – бұл Компанияның әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына ұмтылысы.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың мақсаты Компанияның стратегиялық дамуы мен оның қызметін жетілдіру жолдарын дұрыс таңдау, сонымен қатар мыналарды:

— ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың қажеттіліктерін, үміттері мен пікірлерін;

— мүдделі тараптар тұрғысынан қиындықтар мен перспективаларды;

— ішкі және сыртқы мүдделі тараптарды толғандыратын неғұрлым маңызды мәселелерді тану, анықтау және талдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, одан барлығы да – Қоғам да, оның мүдделі тараптары да ұтатын орнықты даму деңгейіне жетуге жәрдемдесу болып табылады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасаудың негізі Компанияға елеулі әсер ететін стейкхолдерлерді және олардың Қоғамға тәуелділік дәрежесін анықтау, маңызды матрица мен мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарын құру болып табылады («Орнықты даму» бөлімін қараңыз).

Компания өз қызметі туралы жылдық есепті шығарғаннан кейін жыл сайын жылдық есепте ашылған ақпараттың теңгерімділігі мен толықтығын тексереді, сонымен қатар Компания мен оның мүдделі тараптарының қызметіне елеулі әсерін тигізетін және келесі есептілік циклында жылдық есепті қалыптастырған кезде ескерілуі тиіс тақырыптар мен аспектілерді анықтайды.

Аталған іс-шараларды іске асыру үшін біз пікірлерді жинақтадық, сондай-ақ мүдделі тараптардың, оның ішінде Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесі мүшелерінің, қаржы институттарының, клиенттердің, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіби қоғамдастықтардың, еншілес ұйымдардың, топ-менеджменттің және басқа негізгі қызметкерлердің және т.б. мүдделері кеңінен ескерілді.

Біз мыналарды қамтитын құрылымданған процесті қолдандық:

— Маңызды тақырыптардың тізімін анықтау. Компания мен оның мүдделі тараптарының қызметі үшін орнықты даму тұрғысынан маңызды және Компания қызметінің ерекшеліктерін, жалпы үрдістерді, шетелдік және қазақстандық компаниялардың тәжірибелерін, GRI халықаралық стандарттарын, Компанияның Даму стратегиясын, Корпоративтік басқару кодексін, тәуекелдер тіркелімін және т.б. ескеретін тақырыптардың барынша толық тізімін қарастырды. Тізім Компанияның орнықтылығымен байланысты 39 тақырыпта (аспектіні) қамтыды.

— Компания мен оның мүдделі тараптарының қызметі үшін тақырыптар мен аспектілердің маңыздылығы мен басымдығын анықтау мақсатында сыртқы және ішкі стейкхолдерлерден сауалнама алу; Бұдан бөлек, барлық стейкхолдерлерді барынша қамту мақсатында Компания Компанияның 2018 жылғы жұмысының қорытындылары бойынша Жылдық есептің жарияланған интерактивті нұсқасы аясында барлық мүдделі тараптар үшін онлайн-сауалнаманы орналастырды https://ar2018.samruk-energy.kz/ru/index.html

— Компания мен оның мүдделі тараптары үшін маңызы бар орнықты даму тақырыптары және олардың стейкхолдерлердің мүдделілік деңгейіне қатысты жағдайы мен Компанияның қызметіне әлеуетті ықпалы туралы көрнекі түсінік беретін маңыздылық матрицасын өзектендіру. Көлденең осі бойынша Компания үшін аспектілердің маңыздылығының бағасы, тігінен – стейкхолдерлер үшін аспектілердің маңыздылығының бағасы келтірілді. Мүдделі тараптар мен Компания үшін 4 балдан жоғары маңыздылық бағасын алған тақырыптар 2019 жылы неғұрлым маңызды болып танылды және Компанияның жылдық есебінің мәтінінде көрсетілді.

Талдау Компания мен оның мүдделі тараптары үшін бұрынғыдай инновацияны дамытумен, энергия тиімділігімен, экологиялық міндеттемелерге сәйкестікті қамтамасыз етумен, материалдарды, энергия мен суды тиімді пайдаланумен, қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және қызметкерлер мен мердігерлердің денсаулығын сақтаумен, парниктік газдар мен басқа да ластағыштардың шығарындыларын азайтумен, бопсалар мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне қарсы іс-қимыл жасаумен байланысты тақырыптар маңызды болып қала беретінін көрсетеді.

Киберқауіпсіздік мәселелерімен және ақпараттық технологияларды дамытумен, компланс-тәуекелдерді басқарумен, өндірістік жарақатпен, тарифтік реттеумен, қаржылық тұрақтылықпен байланысты аспектілер жаңа болып табылады әрі олар 2018 жылдың Матрицасында жеке аспектілер ретінде қаралған жоқ.

Сонымен қатар 2019 жылы 2018 жылдың Маңыздылық матрицасымен салыстырғанда Компания мен оның мүдделі тараптары қалдықтарды басқару, жаңартылатын 165 энергия көздеріне салынатын инвестициялар, қоршаған ортаға салынатын инвестициялар мен жұмсалатын шығындар, компанияның беделін көтеру мен оған деген жағымды көзқарасты арттыру, энергия тұтынуды азайту және т.б. мәселелердің маңыздылығын атап өтті.

Ашық жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасаумен, қызметкерлерді жалдаумен, оның ішінде жергілікті халықтың арасынан алынған қызметкерлерді жалдаумен, тең мүмкіндіктермен, жергілікті өнім берушілерге жұмсалған шығындармен, мүдделі тараптардың сатып алу қызметін өзгертумен байланысты мәселелерді тараптар жоғары бағаламады, солай бола тұрса да, ол Компанияның есебінде көрсетілді.

2019 жылғы маңызды тақырыптар тізімі:

Маңызды тақырыптар
1. Инновациялық даму және цифрландыру 21. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жалпы шығыстар мен инвестициялар (түрлерге бөлгенде)
2. Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар 22. Материалдарды, энергия мен суды тиімді пайдалану
3. Қызметті атқару кезінде табиғи апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою 23. Экологиялық заңнамалар мен нормативтік талаптарды сақтау
4. Компанияның ел экономикасына қосқан үлесі (құрылған және бөлінген экономикалық құнды қосқанда) 24. Қалдықтарды басқару
5. Тарифтік реттеу 25. Ұйымның су бөгеті айтарлықтай әсер ететін су көздері
6. Қаржылық тұрақтылық 26. Бірнеше рет және қайта пайдаланылатын судың үлесі және жалпы көлемі
7. Тиімді инвестициялық қызмет 27. Ұйымның ағызған суы мен оның аумағының бетіндегі ағын айтарлықтай әсер ететін су объектілері
8. Жергілікті қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл 28. Биологиялық әртүрлілікті сақтау
9. Әлеуметтік бағдарламалар мен бастамаларды іске асыру 29. Қызметкерлерге әділ сыйақы беру және оларды әлеуметтік қолдау
10. Сатып алудағы өзгерістер 30. Қызметкердің кәсіби және тұлғалық өсуі
11. Сатып алудағы әлеуметтік жауапкершілік 31. Жергілікті кадрлардың үлесін арттыру
12. Қызметті жұзеге асыратын маңызды аймақтарда жергілікті жеткізушілерге жұмсалатын шығындардың үлесі 32. Қызметкерді жалдау
13. Бопсалау мен парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерімен күресу 33. Алуан түрлілік және тең мүмкіндіктер, оның ішінде гендерлік теңдік
14. Тәуекелдерді уақытылы сәйкестендіру және тәуекелдерді сапалы басқару 34. Шағым беру тетіктері
15. Комплаенс-тәуекелді басқару 35. Мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін жою
16. Қоғамға деген бедел мен оң көзқарастың артуы 36. Еңбек пен жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жою
17. Жаңартылатын энергия көздеріне салынатын инвестициялар 37. Халықаралық деңгейде жария етілген адам құқықтарының қорғалуын қолдау және оған құрметпен қарау
18. Энергия тиімділік 38. Қызметкерлер мен мердігерлердің қауіпсіздігі және олардың денсаулығын қорғау
19. Энергия тұтынуды азайту 39. Өндірістік жарақат
20. Парниктік газдар мен басқа ластаушы заттардың шығарындыларын (NOX, SOX, озонды бұзатын және басқа да маңызды ластағыштарды) азайту

Орнықты даму мәнмәтіні

Есеп Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектісі бөлігіндегі үлесі туралы ақпарат ұсынады.
Компанияның тұрақты дамуының экономикалық құрамдас бөлігі ұзақ мерзімді құнның өсуіне, акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қамтамасыз етуге, процестердің тиімділігін арттыруға, неғұрлым жетілдірілген технологияларды құру мен дамытуға инвестициялардың өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.

Экологиялық құрамдасы биологиялық және физикалық табиғи жүйелерге әсер етуді барынша азайтуға, шектеулі ресурстарды оңтайлы пайдалануға, экологиялық, энергия 167 және материалдық үнемдеу технологияларын қолдануға, экологиялық қолайлы өнім жасауға, қалдықтарды барынша азайтуға, қайта өңдеуге және жоюға бағытталған.

Әлеуметтік құрамдасы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бағдарланған, олар өзгелердің қатарында: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және қызметкерлердің денсаулығын сақтауды, қызметкерлердің әділ сыйақы беруді және құқықтарын құрметтеуді, персоналдың жеке дамуды, қызметкерлер үшін әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды, демеушілік және қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын өткізуді қамтиды.

07

Сенімділік

Осы Есепті әзірлеген кезде ұсынылған ақпарат мүдделі тараптар аталған есепті тексеруге және оның мазмұнының шынайлылық дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретіндей алдын ала талданды және ашылды.
Деректердің дереккөздері мемлекеттік органдарға жыл сайын ұсынылатын ресми есептілік нысандары болып табылады. Бірқатар көрсеткіш ішкі аудит рәсімдері аясында компаниялардың жауапты өкілдері тексеретін ішкі есептілік нысандарына сәйкес жинақталды және есептелді.
Компанияның Есебінде ұсынылған өндірістік, әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді есептеу, жинау және шоғырландыру есептілік қағидаттарына және Қоғамның Орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі басшылықтың ұсыныстарына және корпоративтік басқару рәсімдеріне сәйкес жүргізілді. Орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің әрбір санаты бойынша сандық деректердің дәлсіздік ықтималдығы мейлінше азайды. Қатынастар мен үлестік шамалар абсолюттік мәндермен толықтырылды. Сандық деректер көпшілік қабылдаған өлшем бірлік жүйесін пайдалана отырып көрсетілген және стандартты коэффициенттер көмегімен есептелген.
Есеп барлық мүдделі тараптарға «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында қызметі мен жетістіктерінің нәтижелерін электрондық нұсқада, қағаз нысандарында және онлайн шолуға мүмкіндік береді. Компанияның алдыңғы Шоғырландырылған жылдық есепті жариялау күні– 2019ж. 30 шілде.

Есептің қамту және шекараларының салаларын шектеу

Осы Есепте көрсетілген Компанияның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2018 жылғы және 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2018 жылғы аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есептілік «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС («PwC») жүргізген тәуелсіз аудиттің нәтижесі болып табылады.

Осы Есеп аясында қаржылық-операциялық нәтижелер және орнықты даму мәселелері бойынша ақпарат келтірілді. 2019 жылғы сапалық және сандық мәліметтер 2017 және 2018 жылдары пайдаланылған деректер қайда қолданылған көрсеткіштерде ақпаратты салыстыру мен талдау мақсатында ұсынылған.

Компания GRI Standards сәйкес Есептің шекараларын анықтады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы есепті құру кезінде бірыңғай тәсіл мақсатында шоғырландыруда үлестік қатысу әдісі қолданылады. Сонымен қатар, қолданыстағы есеп саясатына сәйкес, негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді көрсету бастапқы құны бойынша, яғни қйта бағалаусыз жүргізіледі. Еншілес компаниялар сатып алу әдісі бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізіледі. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтер, сондай-ақ бизнесті біріктіру кезінде алынған міндеттемелер мен шартты міндеттемелер бақыланбайтын қатысу үлесінің мөлшеріне қарамастан сатып алу күнгі әділ құны бойынша көрсетіледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, үлестік қатысу әдісін пайдалану кезінде шоғырландырылған баланста «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан иелік ету үлесі 50% құрайтын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Forum Muider B.V.» көмір активтері компаниясы сияқты ірі компаниялардың айналымы алынып тасталды.

«Самұрық-Энерго» АҚ шоғырландырылған қаржылық нәтижесін қалыптастыру кезінде осы компаниялар бойынша пайда үлесі «үлестік қатысу әдісі және инвестициялардың құнсыздануы бойынша ескерілетін ұйымдардың пайда/шығын үлесі» бабында көрініс табады.

Компанияның 2019 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігінде «Самұрық-Энерго» АҚ келесі еншілес және тәуелді ұйымдарының көрсеткіштері пайдаланылды:

«Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары