«ӘЛЕУМЕТТІК» АСПЕКТІСІ

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, өз қызметі арқылы қоғамға барынша пайда келтіруді қамтамасыз ету мақсатында Компания қызметкерлеріне, өзі жұмыс істейтін аймақтағы тұрғындарға және тұтастай алғанда қоғам өміріне деген жауапкершілікке қатысты міндеттемелерді ерікті түрде қабылдайды.

Біздің қызметкерлер
Адам ресурстарын басқару Компания қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018–2028 жылдарға арналған Кадр саясаты негізінде жүзеге асырылады.

Кадр саясатының миссиясы

Компанияның болашақтағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және нарықта бәсекелес басымдықты қамтамасыз ету үшін адам ресурстарының күш-жігерін біріктіру

Кадр саясатын пайымдау

Әрбір қызметкердің құндылықтарымен үйлесетін, адам әлеуетінің өсуіне және бизнестің қарқынды дамуына ықпал ететін бірыңғай тиімді корпоративтік мәдениет.

HR функциясының стратегиялық рөлі, ең алдымен, болашақта еңбек ресурстарын сандық және сапалық тұрғыдан жоспарлауынан көрінеді.

Компания қызметкерлердің санын және ұйымдық құрылымын, сапасы мен біліктілік жүйесін басқаруға, қызметкерлерді іздеу мен іріктеуді тиімді жолға қою арқылы жоспарлау мен еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді басқаруға ерекше көңіл бөледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі жұмыс берушілер қатарына енеді. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, Компания қызметкерлерінің тізімдік саны 17 699 адамды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның кадрлық құрамы соңғы жылдары тұрақты болып қалып отыр.

Компания қызметке қатысты басқа да елеулі өзгерістер туындаған кезде, оның ішінде еңбек шартын бұзу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтайды, қызметкерлерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.

Есепті кезеңде жұмыспен толық қамтылған қызметкерлердің үлесі 100%-ды құрады.

Жынысына, жас тобына және азшылық өкілдетір көрсете отырып бөлгенде 2019 жылдың соңындағы ұйым қызметкерлерінің құрамы

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің өндірістік ерекшелігіне байланысты негізгі өндірістік учаскелерге ер адамдар көбірек тартылған, олардың үлесі 2019 жылы қызметкерлердің жалпы санының 74% құрады.

ЕҚДБ және Ergon Associates-пен бірлесіп «Самұрық-Энерго» АҚ-да жоба іске қосылды, оның аясында «БҰҰ — Әйелдер» серіктестігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық шартының аясында әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатынқолдау туралы мәлімдемеге қол қойылды. Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстануды, сонымен қатар әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың неғұрлым табысты болатынына және жақсы нәтижелерге қолжеткізетініне сенеді. Осы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Компания іс-шаралар жоспарын енгізді.

Есепті кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 170 қызметкерге бала күтімі бойынша демалыс берілді. Оның ішінде 166 әйел және 4 ер адам. Есепті жылы 123 әйел өз жұмысын жалғастырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің негізгі үлесін жасы 30‑дан 50‑ге дейінгі қызметкерлер құрайды (59%). 2019 жылы қызметкерлердің орташа жасы 42 жасты құрады.

Орташа жұмыс өтілі — 11 жыл. Есепті жылы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің пайызы. — 13%. 2019 жылы кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті 9%-ды құрады. Негізгі себептер — басқа жерде неғұрлым жоғары жалақы алудың болашағы және мансаптық және кәсіби даму мен оқытудың болмауы.

Қызметтің ерекшелігіне байланысты, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында балалар және мәжбүрлі еңбекті пайдалану, сондай-ақ жас қызметкерлердің қауіпті жұмысты орындау тәуекелі жоқ.

Ынталандыру және сыйақы

Қызметкерлердің қазіргі және болашақ үміттерін, қажеттіліктерін түсіну және қанағаттандыру — Компанияның ұзақ мерзімді табысы мен өркендеуінің кепілі. Компания еңбекке ақы төлеу және ынталандыру бойынша мынадай саясатты ұстанады:

1) Компаниядағы барлық қызметкерлер үшін жергілікті жағдайларды ескере отырып, негізгі тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру және белгілі бір кірісті қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, заңнамада белгіленген ең төменгі сыйақы мөлшерінен асатын деңгейде ең төменгі кепілдендірілген сыйақы мөлшерін белгілеу;

2) тұтыну бағаларының индексі негізінде жалақыны индекстеу;

3) еңбек өнімділігінің артуына байланысты жалақының мерзімді өсуі;

4) қызметкердің жеке еңбек үлесін мейлінше толық ескеру мақсатында икемді сыйақы беру жүйелерін пайдалану;

5) қызметкерлерге еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесінің объективтілігі мен бірлігі және оның республикалық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі;

6) корпоративтік және салалық марапаттармен марапаттау.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 2019 жылы өткен жылдың көрсеткішінен 4%-ға — 234 140 теңгеден,
243 640 теңгеге дейін өсті.

Компаниялар тобы бойынша ең төменгі жалақы 135 526 теңгені құрайды. Әйелдердің ең төменгі жалақысының ерлердің ең төменгі жалақысына қатынасы 100% құрайды. Жалақы еңбекақы және тарифтік ставка схемасының негізінде белгіленеді.

Жалақы мөлшерін арттыру және инфляциялық процестердің орнын толтыру мақсатында, сондай-ақ жасалған Ұжымдық шарттарға сәйкес, 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жалақыны орташа есеппен 5%-ға индекстеу жүзеге асырылды.

Қызметкерлерге сыйақы төлеу жүйесі мына қағидаттарға негізделген: ішкі әділеттілік пен сыртқы бәсекеге қабілеттілік; мөлдірлік және айқындық; компанияның мақсаттары мен қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкестік; компания қызметінің нәтижелері мен жеке үлесті ескере отырып сыйақы / сыйлықақы беру.

Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ еңбегін ескере отырып, материалдық емес ынталандыру түрлері мен жанама қосымша материалдық сыйақы беру түрлерін — қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бағдарламалары мен қосымша жеңілдіктер беру бағдарламаларын әзірлейді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Ұжымдық шартқа сәйкес: үстеме жұмысқа ақы төлеуді, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс ақысын, түнгі уақыттағы үстеме ақыларды, үстеме және қосымша ақыларды, ауыр жұмыстағы, зиянды (ерекше зиянды) жұмыспен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеуді, қауіпті еңбек жағдайлары, жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, үйлену тойына материалдық көмек және қызметкерлердің мерейтойына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу көзделген. Ұжымдық шартқа сәйкес зейнеткерлікке шығуға байланысты еңбек шартын бұзу кезінде жұмысшыларға 3 жалақы мөлшерінде өтемақы төлемі төленеді.

Жұмысты білім беру ұйымдарындағы оқумен ұштастыратын жұмысшыларға емтихан немесе нұсқау беруші сессиялары, дипломдық жобаны (жұмысты) дайындау және қорғау, қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңіне қосымша демалыс беріледі.

Ұйым жұмыс істейтін маңызды өңірлерде бастапқы деңгейдегі еңбекке ақы төлеу мен белгіленген ең төменгі жалақы арасалмағының диапазоны

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы жұмысшылардың жұмысын ынталандыру және көтермелеу мақсатында корпоративті мәдениетті дамыту аясында ерекшеленген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мемлекеттік, ведомстволық және ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығының», «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т.б. салалық марапаттары берілді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының көптеген қызметкерлері Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының атақтарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы марапаттаған қызметкерлердің қатарында «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері бар.

Даму және мансаптық өсу

Электр энергетикасының ерекшелігі жұмыс істеуге рұқсат беру және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін сақтау үшін кадрларды үнемі даярлау мен қайта даярлауды талап етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерді үнемі дамытып, оқытуға ұмтылады. Қызметкерлерді оқыту және дамыту жабдықтардың және жалпы алғанда, компанияның үнемді, авариясыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі табысқа жетудің маңызды факторы болып табылады.

Оқыту жүйесі қызметтің міндеттері мен мақсаттарына байланысты қызметкерлердің санаттары мен топтарының дағдыларын, білімдерін және құзыреттерін дамытуға бағытталған. Қоғамның стратегиялық бағыттарына сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асырудағы басымдық коммерциялық дағдыларды дамыту және тиімді сату, қаржы және инвестицияларды басқару, duediligence, халықаралық мәмілелерді басқару, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару, бәсекелі ортада жұмыс істеу құзіреттілігін дамыту болып табылады. сандық технологияларды енгізу, жедел басқару салаларындағы бәсекелес ортада қызметкерлердің жұмыс бойынша біліктіліктерін дамыту болып табылады.

2019 жылы көшбасшылық бағдарламасын іске асыру аясында СЕО үшін «Digital жаһандық трендтері», «Көпшілік алдында сөйлеу» тақырыбында тренингтер өткізілді. Сонымен қатар «Адамдарды басқару», «Өзгерістерді басқару», «Стратегиялық менеджмент», «Сандық дағдылар» тақырыптары бойынша тренингтер мен CEO-1 және CEO-2 деңгейіндегі қызметкерлерге коучинг дағдылары бойынша оқу ұйымдастырылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ персоналын дамытудың әдістері мен формаларын жетілдіруге алдыңғы қатарлы сандық технологияларды оқыту, қашықтықтан/модульдік оқытуды дамыту, тағылымдаманы енгізу, ішкі жаттықтырушы, тәлімгерлік, менторлық және коучингті дамыту кіреді.

2019 жылы персоналды оқытуға жұмсалған жалпы шығыс құны 361 701 мың теңгені құрады.

Жылына бір қызметкерді оқытуға жұмсалатын орташа сағат саны, қызметкерлердің санаттары бойынша бөлгенде