Тариф саясаты

Табиғи монополия субъектілері, бәсекеге қабілетті және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері болып табылатын Топтың еншілес компаниялары мен оның бірлескен кәсіпорындарының операциялық қызметі Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар туралы» Заңдарымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен реттеледі.

Энергетикалық компаниялардың қызмет түріне байланысты тарифтік реттеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі — Комитет) немесе салалық министрліктің — Энергетика министрлігінің құзыретіне жатады.

Энергия өндіретін ұйымдар үшін электр энергиясының 2016–2018 жж.кезеңдегі тарифтері бұрын 2015 жылға бекітілген станцияларға арналған шекті тарифтер деңгейінде белгіленді.

2014 жылы бекітілген Қазақстанның 2030 жылға дейінгі отын-энергетикалық кешенін (ОЭК) дамыту тұжырымдамасы негізінде, 2019 жылдан бастап саланы жеткілікті инвестиция деңгейімен қамтамасыз ететін тиімді тетік ретінде Қуат нарығы енгізілді, ол ұзақ мерзімді перспективада нарыққа жағымды әсер ететін болады.

2019 жылдан бастап энергия өндіруші ұйымдар үшін қуат нарығын енгізуді ескере отырып, мыналар құрылды:

— инвестициялық жобалар мен негізгі қарызды (инвестициялық жобаларды іске асыруға тартылған несие қаражаттары бойынша) өтеу шығындарын қамтитын қуаттың шекті тарифтері;

— операциялық шығындар мен сыйақы төлемдерін (инвестициялық жобаларға тартылған несие қаражаттары бойынша) қамтитын электр энергиясының шекті тарифтері.

Жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясын жеткізуге арналған тарифтер ЖЭК технологияларына қарай (жел, күн және басқа көздер үшін бөлек) тіркеліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі және жыл сайын индекстеуге жатады. Сонымен бірге қаржы-есеп айырысу орталығы сатып алушы, ал энергия өндіруші ұйым сатушы ретінде әрекет етеді.

Энергия жеткізуші компаниялар үшін электр энергиясын жеткізу және тарату, жылу энергиясын өндіру және энергиямен жабдықтау тарифтерін Комитет реттейді. Комитет тарапынан реттеу мен бақылау Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.

Тариф бойынша шешімдер әлеуметтік және саяси мәселелердің ықпалына айтарлықтай деңгейде байланысты болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық, әлеуметтік және өзге де саясаты Топтың операциялық қызметіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Электр энергиясын өндіруге арналған орташа мөлшерленген тарифтер

Есепті кезеңде мынадай тарифтер қолданылды:

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында электр қуаты нарығы жұмыс істей бастады. Электр энергиясын өндірушілер алатын кірістер екі құрамдас бөлікке бөлінді — электр энергиясын сатудан түскен кіріс (ағымдағы шығындарды жабуға бөлінеді) және электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметтерін көрсетуден түскен кіріс (негізгі қарызды және инвестицияларды өтеуге бөлінеді). Барлық ЭӨҰ үшін 590 мың теңге/МВт * айлық мөлшерде электр қуатын әзірлікте ұстап тұру қызметіне бірыңғай шекті тариф бекітілді. 2019– 2025 жылдарға электр энергиясына тарифтер бекітілді. Алайда, бекітілген тарифтер жылдар бойынша рентабельділік пен индекстеуді қарастырмайды. Сонымен қатар, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12–1‑бабының 2‑тармағына сәйкес қажет болған жағдайда электр энергиясына бекітілген тарифтер жыл сайын түзетіліп отырады.

Қуат нарығының енгізілуімен 2019 жылы кейбір станциялар үшін электр энергиясының орташа өлшенген тарифтері 2018 жылғы тариф деңгейінен төмен болды.Сонымен, 2018 жылы Екібастұз ГРЭС-1 үшін Қазақстан Республикасындағы орташа алынған тариф бойынша. — 7,28 теңге / кВт / сағ. болса, 2019 жылға орташа алынған тариф 5,87 теңге / кВтсағ деңгейінде қалыптасты. Шардара СЭС үшін 2018 жылы қолданылған жеке тариф 9,50 теңге / кВт / сағ, 2019 жыл үшін қуат нарығын ескере отырып орташа өлшенген тариф. 4,86 теңге / кВтсағ деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, ҚР ЭМ-нің станцияларға арналған тапшылықты тарифтерді бекітуіне байланысты ЭӨҰ 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ҚР Энергетика министрлігіне электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінімдер ұсынды. Нәтижесінде, 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап, ҚР ЭМ электр энергиясына мынадай шекті тарифтерді бекітті.

Екібастұз ГРЭС-1 үшін тариф 2019 жылы — 5,76 теңге / кВтсағ деңгейінде сақталды. Мойнақ СЭС және Шардара СЭС-теріне арналған тарифтердің едәуір өсуі инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылуына және тарифке қарыз қаражаттарының сыйақы тарифтеріне қосылуына, амортизациялық шығындар мен мүлік салығының ұлғаюына байланысты болды. Екібастұз ГРЭС2 және Алматы электр станциялары үшін тарифтер операциялық шығындардың өсуіне байланысты сәйкесінше 6 және 4% -ға өсті.

ЭӨҰ атауы
(теңге/кВт*ч)
2019 ж. 1 қаңтардан 2019 ж. 1 қарашадан (+,-) в %
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 5,76 5,76 14,5% 0 100%
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 7,31 7,73 8,0 % 0,42 106%
«Алматы электр станциялары» АҚ 8,33 8,70 0,1 % 0,37 104%
«Мойнақ СЭС» АҚ 7,14 12,02 6,4 % 4,88 168%
«Шардара СЭС» АҚ 3,25 8,72 6,4 % 5,47 268%

2020 жылға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыратын станцияларға — «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және «Алматы электр станциялары» АҚ үшін инвестициялық тарифтерді бекіту бойынша жұмыс жүргізді.

ЭӨҰ атауы
мың теңге /МВт*айына
Көлемі Жеке тариф Кезең
«Алматы электр станциялары» АҚ 69,5 МВт 4 168,60 2020–2024 гг.
«Мойнақ СЭС» АҚ 298 МВт 2 563,67 2020–2026 гг.
«Шардара СЭС» АҚ 61 МВт 4 069,3 2020–2028 гг.

2021 жылдан бастап және одан әрі қарай электр энергиясы мен қуаттың тарифтері тұтынушылар бағаларының индексін ескере отырып болжанады. Жаңартылатын энергия көздері өндіретін электр энергиясын жеткізуге арналған тарифтер ЖЭК технологияларына қарай (жел, күн және басқа көздер үшін бөлек) тіркеліп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі және жыл сайын индекстеуге жатады.

Жылу энергиясын өндіруге арналған тариф, теңге/Гкал

Атауы 2017 г. нақты 2018 г. нақты 2019 г. нақты 2020 г. (болжам) 2021 г. (болжам)
«Алматы электр станциялары» АҚ 3 363 3 917 3 354 3 444 3 514
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ 740 816 809 849 867
«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС 352 446 572 438 438

Табиғи монополия субъектісі үшін де заңнама инвестициялық құрамдастықты қоса отырып және шығындарды жыл сайын индекстеу үшін жылу энергиясын өндіретін ұйымдар үшін тарифтердің ұзақ мерзімді (5+ жыл) шекті деңгейлерін бекітуді қарастырады. Шекті тарифтерді Комитет бекітеді. Алайда, тарифтерді көтеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді және объективті себептер бойынша станциялардың шығындары өскен жағдайда тарифтерді арттырмай-ақ сақтау тәуекелдері бар.

Электр энергиясын жеткізу қызметіне арналған тариф, теңге/кВтс

Атауы 2017 г. нақты 2018 г. нақты 2019 г. нақты 2020 г. (болжам) 2021 г. (болжам)
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 5 5,83 5,89 5,46 5,95 6,92

Табиғи монополиялар субъектісі болып табылатын өңірлік энергия жеткізуші компаниялар (АЭК) үшін 2016–2020 жж. арналған инвестициялық құрамдастықты қосу арқылы тарифтік сметалар негізінде ұзақ мерзімді шекті тарифтер бекітілді, мұны қажет болған жағдайда уәкілетті орган түзетеді. Алайда, объективті себептер бойынша АЭК шығындары өскен жағдайда (иесіз желілерді мен жабдықтарды және т.б. балансқа қабылдау) тарифтерді арттыру жылына бір реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ тарифтерді арттырмай-ақ сақтау тәуекелдері бар.

ЭҚҰ-ның электр энергиясын сатуға арналған тарифтер, теңге/кВтс

Атауы 2017 г. нақты 2018 г. нақты 2019 г. нақты 2020 г. (болжам) 2021 г. (болжам)
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС 16,38 16,42 16,11 18,29 20,27

Энергиямен жабдықтаушы «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС компаниясы әлеуметтік маңызы бар нарықтың субъектісі болып табылады, сонымен қатар оны уәкілетті орган реттеп отырады. Тарифтерді есептеу операциялық, қаржылық және инвестициялық компоненттерді қамтиды.

Өңірлердегі халықтың әлеуметтік тұрақтылығын сақтау мақсатында Реттеушінің тарифтің өсуін жасанды түрде ұстап қалу қаупі бар. ЭҚҰ үшін жеке тұлғаларға тұтыну нормаларына сәйкес саралану сақталады, заңды тұлғалар үшін электр энергиясы орташа босату тарифтері бойынша жеткізіледі.

Көмірді сату бағасы, теңге/тонна

Атауы 2017 г. нақты 2018 г. нақты 2019 г. нақты 2020 г. (болжам) 2021 г. (болжам)
«Богатырь Көмір» ЖШС 1 944 2 013 2 120 2 302 2 389

«Богатырь Көмір» ЖШС көмірінің сату бағасы тұтынушылардың 3 тобына арнап ҚР тұтынушылары үшін өз бетінше баға прейскурантымен (ҚТЖ іргелес станциясының энергетикасы, көмір жинау станциясындағы энергетика, коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждықтар) бекітіледі. Реттеуді ҚР ҰЭМ ТМРБҚК Кәсіпкерлік кодексінің негізінде жүзеге асырады.

Өтімділік пен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

Сыртқы кредиторлардың ковенанттарының орындалуы:

Ковенант Норматив 2019 г. нақты 2020 г. (болжам) Ескертпе
Қарыз/EBITDA (ЕҚДБ, ҚХБ) кемінде 3,5 3,31 3,04 Сақталады
EBITDA/Пайыздар (ЕҚДБ) кемінде 3,0 3,34 3,97 Сақталады
Қарыз/Меншікті капитал (ЕАДБ және ҚДБ) 2,0‑ден аспайды 0,56 0,65 Сақталады

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі — Қоғам) кредиторлардың жарты жылдық есепте көрсетілген қаржылық және қаржылық емес ковенанттарын сақтады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ акционер ұсынған қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Атауы 2017 г. нақты 2018 г. нақты 2019 г. нақты 2020 г. (болжам) 2021 г. (болжам)
Қарыз/EBITDA 4,64 3,18 3,31 3,04 2,32
Қарыз/Меншікті капитал 0,75 0,65 0,56 0,65 0,53
Ағымдағы өтімділік 1,36 1,04 0,70 0,78 0,93

Қарыздық жүктемені азайту

2019 жылдың 12 айының қорытындылары бойынша Компанияның шоғырландырылған қарызы 338 млрд теңгені құрады, 2018 жылдың қорытындыларымен (382,9 млрд теңге) салыстырғанда есепті кезеңдегі қарыздың төмендеуі — 45 млрд теңге.

2019 жылы қарыздың азаюы жоспарланған қарызды өтеумен және 25,6 млрд теңге көлеміндегі қарызды мерзімінен бұрын өтеумен байланысты.

Компания валюталық тәуекелдерді теңестіру аясында 2019 жылы мынадай іс-шараларды жүзеге асырды:

— «Мойнақ СЭС» АҚ-ның ҚМДБ-ден алған 136 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі валюталық міндеттемелерін қайта қаржыландыру. Осы мәміленің аясында Қордың 50 миллион АҚШ доллары көлеміндегі кепілдемесі шығарылды, несие портфеліндегі валюталық міндеттемелер деңгейі 17% — дан 3% -ға дейін төмендетілді.

— қосымша, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның валюталық міндеттемелері «ҚДБ» АҚ-дан алған 11,7 млн АҚШ доллары сомасына айырбасталды. Мәміле топтың несие портфеліндегі валюталық міндеттемелер деңгейін 3% -дан 1,5% -ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

— EPC келісімшарты бойынша міндеттемелердің толық көлемін еуроға резервтеу (балансты хеджирлеу) қамтамасыз етілді, бұл валюталық бағамның ауытқуын ескере отырып, жоба құнының өсу қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

Пайыздық шығыстарды оңтайландыру

Сонымен бірге, 2019 жылдың қорытындылары бойынша қарыздарды жоспарлы және мерзімінен бұрын өтеу, валюталық міндеттемелерді қайта қаржыландыру және Топтың қолданыстағы несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендету есебінен сыйақыға жұмсалатын шығыстарды азайтуға қол жеткізілді.

Кредиттік рейтинг (Fitch Ratings)

2019 жылдың қорытындылары бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі берген ұзақ мерзімді рейтингтері «ВВ» деңгейінде сақталды, болжам «Тұрақты».

Айыппұлдар

«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша маңызды айыппұлдардың жалпы көлемі — 4 023 837 мың теңге.
Уәкілетті мемлекеттік органдар (еңбек инспекциясы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, энергетикалық қадағалау және бақылау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі) заң талаптарына сәйкестікке тексеру жүргізіп, қаржылық санкциялар қолданбай 9 ұйғарым актісін берді.
Есепті жыл бойында бәсекелестікке қарсылық көрсетуге және монополияға қарсы заңнаманы бұзуға байланысты орын алған жағдайлар тіркелмеген.
Маңызды айыппұлдардың ақшалай мәні және экологиялық заңнамалар мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны «Экология» бөлімінде көрсетілген.