Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі өз қызметінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Компанияның Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін, Директорлар кеңесі туралы ережені, Жалғыз акционердің шешімдерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалары мен Компанияның басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Компанияның Директорлар кеңесі өз құзыретіне сәйкес Компанияның даму стратегиясын, оның ішінде корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, орнықты даму, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру салаларындағы басым бағыттарды анықтап, Компанияның даму жоспарындағы негізгі қызмет көрсеткіштері мен өзге де стратегиялық жобалардың орындалуын өз құзыреті шегінде бақылап отырады.
Компания Директорлар кеңесінің құрамындағы теңгерімділікке және тәжірибесі мен жеке сипаттамалары тұрғысынан әр алуандылыққа ұмтылады. 2019 жылы Директорлар кеңесінің сандық құрамы 6 адамнан, оның ішінде 3 тәуелсіз директордан жасақталды.
Компанияның Директорлар кеңесінің 31.12.2019 ж. жағдай бойынша құрамы:
ДК төрағасы – Қарымсақов Бейбіт Еркінбайұлы
Басқарма төрағасы – Жоламанов Бақытжан Төлеужанұлы
Жалғыз акционердің өкілі – Жәмиев Алмат Күнжолұлы
Тәуелсіз директор – Лука Сутера
Тәуелсіз директор – Андреас Сторзел
Тәуелсіз директор – Хоакин Галиндо Велез
Директорлар кеңесі мүшелеріне қатысты негізгі деректер төменде келтірілді. Кеңестің әрбір мүшесінің толық түйіндемесімен мына сайтта танысуға болады: www.samruk-energy.kz
Директорлар кеңесінің мүшелері өз қызметінде төмендегідей қағидаттарды ұстанады:
Директор лауазымы терең практикалық білімді, тәжірибені және үнемі жетіліп отыруды талап етеді. Осы мақсаттарда «Самұрық-Энерго» АҚ-да корпоративтік басқару жүйесіндегі басты процестердің бірі ретінде Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін бағалау көзделген. 2019 жылы PWC тәуелсіз сарапшылары Директорлар кеңесінің қызметіне бағалау жүргізді. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмыс жоспарларын әзірлеу кезінде ескерілді.
Директорлар кеңесі, оның комитеттері мүшелігіне үміткерлерді ұсыну және іріктеу тәртібі, сонымен қатар әр түрлі факторларды ескере отырып, ұсыну мен іріктеу кезінде қолданылатын өлшемдер, оның ішінде гендерлік әртүрлілікті, тәуелсіздікті, кәсіби біліктілік пен тәжірибені қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, олар Директорлар Кеңесі туралы ережеге, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына .оративтік басқару кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжаттар Директорлар кеңесі мүдделер қақтығысының алдын алу және оларды басқару үшін қолданатын рәсімдерді реттейді.
Кеңестің қазіргі құрамында Тәуелсіз директорлардың болуы Компания мүддесіне сай келетін объективті шешімдердің қабылдануына кепіл болып табылады.
Тәуелсіз директорларды сайлаудың басты шарты кәсіби шеберлік пен дербестікті жеткілікті дәрежеде игеру болып табылады, яғни қандай да болмасын тараптың ықпалынсыз шешімді дербес қабылдай білу дағдысы болуы шарт. Тәуелсіз директорлар Компанияда ең озық әлемдік тәжірибе стандарттарын қолдану үшін өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөліседі. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінің Комитеттерін басқарады және халықаралық басқарутәжірибелерін енгізеді.
Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелерді (қаржылық және қаржылық емес есептілікті даярлау, мүдделілік бар мәмілелердің жасалуы, атқарушы органның құрамына кандидаттарды ұсыну, атқарушы орган мүшелеріне сыйақы белгілеуді) талқылауға белсенді түрде қатысады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның Тәуелсіз директорлары тәуелсіздік талаптарына толықтай сәйкес келді.
Директорлар кеңесінің қызметі
Негізгі қаралған мәселелер
2019 жылы Компанияның Директорлар кеңесі 199 мәселені қарады.
Директорлар кеңесі тоқсан сайынғы негізде тәуекелдерді басқару; корпоративтік басқаруды жетілдіру; акционердің болжалы бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; инвестициялық жобалар бойынша инвестицияны игеру; даму жоспарының орындалуы; Компанияны тәуекелділіктің жасыл аймағына шығару бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы; қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттанушылық және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыс туралы есептерді қарады.
Қоғамның жаңа редакциядағы Ақпараттық саясаты, Қоғамның маңыздылық матрицасы, Омбудсмен туралы ереженің жаңа редакциясы бекітіліп, Тұрақты даму саласындағы бастамалар жоспарының 2018 жылғы орындалуы туралы есеп қаралды, Мінез-құлық кодексіне өзгерістер енгізілді, 2019–2020 жылдарға арналған Қоғамның қаржылық көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі түзетуші іс-шаралар жоспары бекітілді, Қоғам Басқармасы туралы ереженің жаңа редакциясы, Қоғамның Орнықты даму саласындағы нұсқаулығының жаңа редакциясы және Қоғамның Орнықты даму саласындағы бастамалар жоспары, Қоғамның Инвестициялық саясаты жаңа редакцияда бекітілді, Директорлар кеңесі жанындағы Комитетер жаңа құрамда жасақталды, Қоғамның Директорлар кеңесі Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитеті туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, Қоғамның Комплаенс тәуекелдерін басқару саясаты жаңа редакцияда бекітілді, сондай-ақ Қоғамның Корпоративтік қақтығыстар және мүдделер қақтығыстарын реттеу саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Директорлар кеңесін маңызды қаржылық және қаржылық емес мәселелер туралы хабардар ету рәсімі қолданыстағы заңнамаға және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес реттеледі. 2019 жылдың қорытындысы бойынша аталған жағдайлар орын алған жоқ.
Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру
Директорлар кеңесінің құрамындағы Жалғыз акционердің өкілдері мен Басқарма Төрағасы сыйақы алмайды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің міндеттерін атқарғаны үшін Тәуелсіз директорлар жылдық тіркелген сыйақы, сондай-ақ комитет мүшесі ретінде Қоғамның Директорлар кеңесі комитетінің әрбір тікелей отырысына қатысқаны үшін қосымша сыйақы алады.
Тәуелсіз директорға оның тұрғылықты жерінен тыс жерде өткізілген «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына баруына байланысты (жол жүру, тұру, тәуліктік шығыстар) шығыстары өтеледі.
Барлық тәуелсіз директорларға 2019 жылы төленген сыйақы мөлшері 240 000 АҚШ долларын немесе 91 339 605 теңгені құрады.