Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)
Бенчмаркинг нәтижелері:
Бенчмаркинг — «Самұрық-Энерго» АҚ-ны басқарудың маңызды элементтерінің бірі. Бенчмаркингті жүргізу мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін шетелдердің ұқсас компанияларымен операциялық және қаржылық көрсеткіштерді салыстыруболып табылады. Бенчмаркинг үшін мына көрсеткіштер қолданылды:
— EBITDA margin (EBITDA маржасы);
— Қарыз/EBITDA;
— Қарыз қаражаты үлесінің коэффициенті (Қарыз/Меншікті капитал);
— Инвестицияланған капиталдың тиімділігі (ROIC).
Бенчмаркинг үшін төмендегідей ұқсас компаниялардың деректері пайдаланылды:
— Inter RAO UES PJSC (Ресей);
— CEZ Group (Чех Республикасы);
— Drax Group (Ұлыбритания).
Қазіргі кезде шетелдік ұқсас компаниялармен салыстырғанда, Самұрық-Энергоның кейбір көрсеткіштері бойынша нәтижелері төмен.
Қаржылық тұрақтылықкөрсеткіштері «Самұрық-Энергоның» қолжетімді қаржылық левереджді толықтай пайдаланатынын көрсетеді.
Сонымен қатар, EBITDA margin көрсеткіші бойынша, «Самұрық-Энерго» өзінің ұқсас компанияларынан басым түседі. Бұл көрсеткіш сатудан түсетін кірістің жоғары екенін көрсетеді. ROIC (салынған ұзақ мерзімді капиталдың рентабельділігі) көрсеткіші бойынша Самұрық-Энерго өзге еуропалық ұқсас компаниялардың деңгейінде. Десек те, осы көрсеткіш бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің экономикалық талаптары ұқсас келетін ресейлік холдингтен едәуір төмен деңгейде, бұл инвестициялардың тиімділігін (рентабельділігін, қайтарымдылығын)
арттыру қажеттігін көрсетеді.
Осыған орай, сондай-ақ энергетикалық сектордың мейлінше тозуына байланысты 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобалар іске асырылды, бұл инвестицияланған капиталдың едәуір өсуіне әкеліп соқты, сәйкесінше инвестициялардың кірістілігін төмендетті.
Ұқсас компаниялардың елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы электр энергиясына тариф деңгейінің төмен болуы инвестициялардың рентабелділік көрсеткіштеріне ықпал ететін қосымша фактор болып табылады.
| Ел |
кВтс үшін орташа тариф |
Теңгемен/кВтс |
2019 жылғы жағдай бойынша орташа бағам |
| Қазақстан |
14,17 теңге |
14,17 теңге/кВт*ч |
– |
| Ресей |
3,89 рубля |
23,02 теңге/кВт*ч |
5,92 теңге/рубль |
| Чехия |
0,13 евро |
55,72 теңге/кВт*ч |
428,63 теңге/евро |
| Ұлыбритания |
0,18 евро |
77,15 теңге/кВт*ч |
– |
«Самұрық-Энерго» АҚ алдында жоғары экономикалық тиімділікті, инновациялық жетілдіруді және әлеуметтік жауапкершіліктің озық стандарттарын үйлестіре отырып, ішкі тұтынушылармен және экспортты энергия ресурстарымен қамтамасыз етудің оңтайлы арақатынасын қамтитын теңгерімделген даму моделін қалыптастыру міндеті тұр.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыру компанияның стратегиялық миссиясына қол жеткізу құралы болып табылады және Республиканың экспорттық әлеуетін арттыра отырып, Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуатына өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Самұрық-Энерго» АҚ инвестициялық бағдарламасы өндірістік қуат көздерін жаңғыртуға, реконструкциялауға, жаңадан салуға, сондай-ақ энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз етуге және электр қуаты мен жылу энергиясына деген қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.
Инвестицияға жұмсалған шығыстар, млн теңге
Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру өз қаражаты, халықаралық қаржы ұйымдары мен ҚР екінші деңгейдегі банктерінің қарыздық қаржыландыруы есебінен жүзеге асырылады.
млн. тенге
|
2017 г. нақты |
2018 г. нақты |
2019 г. нақты |
| БАРЛЫҒЫ |
72 418 |
41 689 |
50 364 |
| Меншікті |
57 622 |
35 342 |
42 836 |
| Қарыздық |
8 196 |
6 211 |
7 528 |
| Мембюджеттің қаражаты |
6 601 |
137 |
– |
Игеру әдісі бойынша күрделі шығыстарға жасалған талдау, млн теңге
Инвестициялық жобалар портфелін тиімді басқару Компанияның инвестициялық жобалар портфелінің ұзақ мерзімді құнын құру, сондай-ақ бәсекелі және тез өзгеретін орта жағдайында жобаларды іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Инвестицияларға портфельдік көзқарас мұқият іріктеуге, басымдықтарды белгілеуге, Компанияның стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарына және нарықтық мүмкіндіктерге сәйкес инвестицияларды біркелкі бөлу мен одан шығуға бағытталған. Портфельді ұтымды басқару Компанияға нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, қызметтің Даму стратегиясымен келісілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ресурстарды жоспарлау мен бөлуді жақсартуға және инвестициялық шешімдерді талдауға мүмкіндік бере отырып, оны инвестициялық шешімдер мен операциялық сипаттамалармен біріктіреді.
2019 жылы іске асырылған жобалар портфелін «Қапшағай қаласында 416 кВт КЭС салу» инвестициялық жобасы толықтырды. Қапшағай қаласындағы қуаты 416 кВт күн электр станциясы «Astana Solar» ЖШС өндірген қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдалана отырып салынды. Жобаны іске асыру жылына қосымша 0,5 млн кВт•сағ электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты Қазақстанның энергия тапшы Оңтүстік аймағын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру болып табылады.
Компанияның іске асырылатын инвестициялық жобаларының портфеліне 8 инвестициялық жоба кіреді, оларды іске асыру қолда бар станциялардың белгіленген қуатын арттыру және жаңа қуаттарды құру жолымен Қазақстанның электр энергиясы мен электр қуаты тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.
«Богатырь» Екібастұз көмір кеніші кесігінде көмірді өндіру, тасымалдау, сапасын тұрақтандыру және тиеудің циклды-ағынды технологиясына (ЦАТ) көшу» жобасы
ЦАТ жобасы «Богатырь« кесігін көмір өндірудің циклды-ағынды технологиясына кезең-кезеңмен көшіруді және конвейерлік көлікте біркелкілеу қоймаларына кейіннен беткі тиеу кешендеріне тиеу арқылы жеткізуді көздейді. Жобаны іске асыру қажеттілігі темір жол көлігін пайдалану тиімді болмайтын тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізумен байланысты. Жобаны іске асыру Богатырь кесігінің өндірістік қуатын жылына 32 миллионнан 40 миллион тоннаға дейін арттыруға, кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруға, көмір өндірудің өзіндік құнын төмендетуге және көмір тасымалдау мен тиеу жабдықтарын жаңартуға мүмкіндік береді.
2019 жылы жоба белсенді түрде іске асырыла бастады, оның ішінде құрылыс-монтаждау және жабдықтарды дайындау жұмыстары басталды.
«Придорожное» газ кен орнын игеру жобасы
Жоба ішкі және сыртқы нарыққа сату мақсатында табиғи газ өндіру үшін инфрақұрылым жүйесін салуды көздейді. Жоба аясында сондай-ақ «Придорожное» кен орнынан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырына дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның мақсаты ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының газға тапшылығын жабу болып табылады, бұл ретте газ өндірудің жылдық жоғары мөлшері 290 млн м3 құрайды.
«Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы
Жоба станция жұмысының өнімділігі мен пайдаланылу қауіпсіздігін арттыру үшін моральдық және табиғи тұрғыдан тозған жабдықтарды ауыстыруды көздейді, бұл станцияның белгіленген қуатын 126 МВт-ға арттырып, жылына қосымша 57 млн кВтсағ. электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
2019 жылы №1 және №2 гидроагрегаттар пайдалануға берілді. №3 және №4 гидроагрегаттарда іске қосу-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жобаны 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
«Екібастұз ГРЭС-2‑ні №3 энергия блогын сала отырып кеңейту және қайта жаңарту» жобасы
Жоба №3 энергия блогын сала отырып, станцияның белгіленген қуатын 636 МВт-ға ұлғайтуды және жылына қосымша 4,8 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіруді көздейді.
Жоба 2019 жылдың желтоқсанына дейін тоқтатылды.
Екібастұз ГРЭС-1 қуатын қайта жаңарту және кеңейту (№1 блокты қалпына келтіру)жобасы
Жоба электр энергиясына деген өсіп отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында Екібастұз ГРЭС-1‑дегі қуаты 500 МВт №1 энергия блогын қалпына келтіруді көздейді.
2019 жылдың нәтижелері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша орындалған жұмыстардың жалпы көлемі 44%-ды құрайды.
«Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт болатын жел электр станциясын салу» жобасы
Жоба Ерейментау қаласы ауданында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны жүзеге асыру жылына 215 млн кВтсағ. электр қуатын (жобалау қуатын жылына 180 млн-нан ұлғайту) қосымша өндіруге мүмкіндік береді. Жоба мақсаты электр энергиясын өндірген кезде көмірсутекті энергия тасымалдағыштарды пайдалану деңгейін азайту үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдану болып табылады.
2019 жылы жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.
Жобаны 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
«Шелек дәлізінде келешекте 300 МВТ-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасы
Жоба Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек дәлізінде келешекте 300 МВТ-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салуды көздейді. Жобаны іске асыру жылына қосымша 225,7 млн кВтс
электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты электр энергиясын өндірген кезде көмірсутекті энергия тасымалдағыштарды пайдалану деңгейін азайту үшін жаңартылатын энергия көздерін қолдану болып табылады.
2019 жылы жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
АлЭС«АҚ Алматы 2- ЖЭО» жобасы
Жұмыс істеп тұрған Алматы ЖЭО-2‑ні жаңғырту жобасын жүзеге асырудағы негізгі мақсат Алматы қаласы мен Алматы облысының экологиясына тигізетін жағымсыз әсерді азайту болып табылады. «Алматы ЖЭО-2‑ні жаңғырту» жобасы бойынша 2018 жылы жоба алды ТЭН әзірленіп, оны іске асырудың бірнеше нұсқалары қаралды.
2019 жылы жобаның ТЭН-ін әзірлеу басталды.
Аяқталуы 2020 жылға жоспарланған жобалар
2020 жылы «Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасы бойынша жұмыстар аяқталады. Жоба станцияның белгіленген қуатын 100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Аяқталуы 2021 жылға жоспарланған жобалар
Ерейментау қ. ауданында қуаты 50МВт болатын жел электр станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру жылына 215 млн кВт / сағ электр энергиясын қосымша өндіруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, «Шелек дәлізінде келешекте 300 МВТ-ға дейін ұлғайтылатын қуаты 60 МВт жел электр станциясын салу» жобасын аяқтау жоспарланып отыр.
Компания басшылықтың уақытылы шешімдер қабылдауы үшін инвестицияның негізгі көрсеткіштеріне үзбей мониторинг жүргізіп отырады.
Түзету шараларын жедел қабылдау үшін инвестициялық жобаларға Компанияның Директорлар кеңесі деңгейінде тұрақты мониторинг жүргізіліп тұрады.
2019 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қарапайым заттар экономикасы« бағдарламасын бастады. Бұл бағдарламаның мақсаты — жеңіл, жиһаз, тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ құрылыс материалдары саласындағы тауарларды тек отандық өндірушілерден сатып алуды қамтамасыз ету.
Бұл бағыт бойынша 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Холдингтің тауар өндірушілеріне 324,9 млн теңгеге тапсырыс берді.
Сонымен бірге, 2019 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ тауарлардың импортын алмастыру бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыруда. Бұл бағдарламаның мақсаты — импорттың орнын басатын тауарларды жеткізудің уақытша шартымен, осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді ұйымдастырған жеткізушілерден сатып алуды қамтамасыз ету.
2019 жылғы жұмыстың нәтижесі — отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 534,5 млн теңгенің 6 келісімшарттың жасалуы болып табылады.
Жалпы, 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Холдингтің тауар өндірушілерінен жалпы сомасы 9,1 млрд теңгеге тауарларды сатып алды.
Сонымен қатар, 2019 жылы «Самұрық-Энерго« АҚ компаниялары тобы бойынша мүгедектер ұйымдарымен жасалған шарттардың жалпы сомасы 481 миллион теңгені құрады.
Сатып алуды санаттық басқару
2019 жылы Трансформациялау бағдарламасының «Сатып алуды санаттық басқару» жобасы Компанияның жедел басқаруына берілді. Сатып алу санатын басқару процесі сатып алу қызметін оңтайландыруды қамтиды.
Сатып алуды санаттық басқару тұжырымдамасы негізінде иелік етудің жиынтық құнының көрсеткішінің төмендеуі, яғни сатып алуға тікелей шығындар ғана емес, иелік етудің бүкіл өмірлік циклы бойыында TЖҚ санаты шығындарының азаюы жатыр, бұл ең заманауи және үнемді шешімдерді таңдауға мүмкіндік береді. Сатып алу саласына енгізілетін өзгерістер сатып алу бағасының төмендеуіне, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға, отандық тауар өндірушілердің дамуына ықпал етеді.
Жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат, млн теңгемен*
|
нақты 2019 |
| Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы |
ЖҚ % |
Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы |
ЖҚ % |
Нақты жеткізілген ТЖҚ жалпы сомасы |
ЖҚ % |
| Тауарлар |
122 783,06 |
75% |
152 323,77 |
83% |
157 260,5 |
79% |
| Жұмыс, кызмет |
149 580,49 |
80% |
153 420,06 |
88% |
153 998,2 |
81% |
*Ескертпе: «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС деректері
2019 жылы «Сорғылар мен компрессорлар» және «Өнеркәсіптік химия» санаттары бойынша сатып алудың санаттық стратегиясы әзірленді. Бұл стратегиялар өткен кезеңдердегі шығындарды, болашақ қажеттіліктерді, жеткізушілер нарығын және бизнеске қойылатын талаптарды талдаудан алынған қорытындыларды қамтиды.
Қазіргі уақытта, сатып алынатын санаттық топ ендіру кезеңінде 10 сатып алу стратегияны әзірледі және трансформациялау жобасының нақты экономикалық тиімділігі 2,5 млрд теңгені құрайды.
2022 жылға қарай санаттарды басқару бойынша басқарылатын санаттарды жыл сайынғы сатып алу құнының кемдегенде 80%-ын жабу міндеті қойылды. Осы мақсатқа жету үшін 27 сатып алынатын санаттық стратегияны әзірлеп, бекіту қажет. Сатып алынатын санаттық стратегияларды іске асырудан келетін пайда 4,4 млрд теңгеге бағаланады.
«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ Сатып алу санаттарын басқару жөніндегі Құзыреттер орталығы — уәкілетті орган — «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС өткізген Қор компаниялары мамандарының арасында сатып алуды санаттық басқару бойынша конкурста «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Майлар мен майлағыш заттар» сатып алынатын санаттық стратегиясы «Сатып алудағы бизнес-процестерді жаңғыртудың ең үздік жобасы» аталымын жеңіп алғанын атап өткен жөн.
Сатып алу қағидаттарына сәйкес, Компания тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін дамытуға бұрынғысынша көңіл бөледі.