Компанияның қызметін сыртқы, ішкі бағалауға, тәуекелдерге және Орнықты дамудың 17 мақсатына сүйене отырып, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді тиімді және сәтті басқару мақсатында Компания орнықты даму саласындағы бастамаларын мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) жоғары этикалық стандарттарды ендіру және сенімге негізделген корпоративтік мәдениетті құру;
2) орнықты даму қағидаттарын ендіру және барлық инвестициялық кезеңдерде жобалық басқару тәжірибесіне тәуекелге негізделген тәсілді қолдану: Компанияның Орнықты даму саласындағы нұсқаулығына сәйкес, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салаларға ықпал етуін бағалау және басқару (мәжбүрлі жер аудару, биоәртүрлілік, мәдени мұра және т.б.);
3) қаржылық тұрақтылықты арттыру;
4) адал және еркін бәсекелестік, өзара тиімділік, ашықтық және өзіне алған міндеттемелер үшін толық жауапкершілік қағидаттарында негізделген жауапты сатып алуларға жәрдемдесу, сондай-ақ өнім берушілердің Компанияның Орнықты даму саласындағы нұсқаулығында бекітілген Компанияның өнім берушілері үшін этикалық нормаларды және Басқарушылық қағидаттарды сақтау жөніндегі талаптарды енгізу;
5) қызметкерлерді еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қатыстыру және халықаралық стандарттарды қолдана отырып, еңбекті қорғауды басқару жүйесіне тиімді бақылау жасауды көтеру арқылы қауіпсіздік мәдениетін арттыру;
6) әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру, БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ұстану, адам капиталына инвестициялар салу;
7) экологиялық тұрақтылықты, оның ішінде экологиялық және экономикалық тұрғыдан ең үздік технологияларды іздеуді мен енгізуді, өндіріс процестерін оңтайландыруды, жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруды, ықтимал төтенше жағдайларды анықтау мен алдын-алуды қамтамасыз ету.
2019 жылғы орнықты даму саласында Бастамалар жоспарын орындау бойынша есеп Компанияның корпоративтік сайтында орналастырылған: https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/sustainable-development
2011 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ БҰҰ Жаһандық шартының белсенді қатысушысы болып табылады және өзінің стратегиясы мен күнделікті қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының 10 қағидатын ұстанады.
Компания мына қағидатарды ұстанады:
1) адам құқықтарын сақтау саласында: халықаралық қауымдастық жариялаған адам құқықтарының сақталуын қолдау және құрметтеу; өзінің адам құқықтарының бұзылуына қатыспауын қамтамасыз ету.
2) еңбек қатынастары саласында: қауымдастықтың еркіндігін және ұжымдық шарттар жасау құқығын іс жүзінде мойындауды; мәжбүрлі жұмыстың барлық түрлерін жоюды; балалар еңбегін толығымен жоюды; еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды қолдайды.
3) қоршаған ортаны қорғау саласында: қоршаған ортаға теріс әсердің алдын алуға ықпал етеді; қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікті көтеру бойынша бастамалар қабылдауға; экологиялық таза технологиялардың дамуына және таралуына ықпал ету
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында: жемқорлықтың барлық түрлеріне, оның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұру.
БҰҰ Жаһандық шартына қосылу аясында Компания жыл сайын https://www. unglobalcompact.org/ сайтында және Компании https://www.samruk-energy.kz/ru/navigation-and-support/ sustainable-development#tab13корпоративтік сайтында қол жеткізілген жетістіктер туралы хабарламаларды жариялайды.