Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
Компанияда тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі тиімді жұмыс істейді және үнемі жетілдіріліп отырады.
Жыл сайын Директорлар кеңесі Компанияның тәуекелге тәбетін сандық және сапалық тұрғыдан анықтайды, тәуекел-тәбет негізгі қызмет түрлеріне қойылатын шектеулерді қамтиды және тоқсан сайын оның сақталуына бақылау жасалады.
Жыл сайын Тәуекелдер тізілімі, Тәуекелдер картасы, НТК (негізгі тәуекел көрсеткіштері) және Негізгі тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, Компанияның Директорлар кеңесіне қарауға және бекітуге ұсынылады.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының 2019 жылға арналған тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізілген нәтижелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызметіне тән 34 тәуекел анықталып, сәйкестендірілді, РКК-нің шекті мәні жаңартылды, тәуекел иелері тәуекел факторлары мен оларды азайту шараларын өзектендірді. 2018 жылы орын алған кейбір оқиғаларға байланысты (екінші деңгейлі банктердің рейтингтерінің төмендеуі, ұлттық валютаның әлсіреуі), Компания қызметіне әсер етуі мүмкін әлеуетті факторлар (электр энергиясын тұтынудың төмендеуі, энергия тасымалдаушылардың тозуының артуы), сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ ішкі аудит қызметінің тексеру нәтижелері бойынша есептерінің негізінде Тәуекелдер тізіліміндегі тәуекелдер қайта бағаланды. Осы қайта бағалау нәтижелері бойынша 2019 жылға арналған Тәуекелдер картасының негізгі аймағына 13 тәуекел кірді:
2019 жылғы негізгі өзгерістер (негізгі тәуекелдерді митигациялау)
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігіне тұрақты түрде бағалау жүргізіліп отырады – 2018 жылы тәуелсіз аудиторлық компаниясы корпоративтік басқаруға диагностика жүргізді, оның нәтижесінде Компания тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру шараларын қамтитын Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарын әзірледі. Директорлар кеңесі тоқсан сайын осы жоспардың орындалуын бақылайды.
Әлемдік жоғары технологиялар мен жетілдірілген әлемдік тәжірибе кезеңінде көптеген кәсіпорындар бизнес туралы дәстүрлі түсініктерді бұзатын және жаңа шешімдерді қажет ететін өзгерістерге жиі ұшырайтын күрделі нарықтық ортаға тап болады.
Нәтижесінде, кәсіпорындар күнделікті процестерді басқаруда қиындықтарға тап болады, бұл ықтимал тәуекел аймағын тудырады және кәсіпорындардың икемділігін арттыру үшін жаңа немесе жетілдірілген жүйелер жасауды қажет етеді.
Компанияның стратегиясына сәйкес Компанияның корпоративтік басқаруды жетілдіру аясындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің басым бағыттарының бірі Трансформациялау бағдарламасы аясында «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын іске асыру болып табылады.
2019 жылдың ортасынан бастап «Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы «Самұрық-Энерго» АҚ операциялық қызметіне берілді.
«Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасы мынадай өзгерістерге сәйкес 3 біріктірілген кіші жүйеден тұрады:
— тәуекелдерді басқару жүйесі (жүйені жетілдіру);
— ішкі бақылау жүйесі (жүйені дизайнды бағалау және бақылау процедураларының жедел тиімділігі тұрғысынан тестілеу бөлігінде жүйені жетілдіру);
— қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жүйесі (жүйені енгізу).
«Тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасын тиімді іске асыру «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының корпоративтік басқару жүйесін тәуелсіз диагностикалау аудитінің нәтижелері бойынша тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесінің (BB рейтинг) тиімділік рейтингін көтеруге көмектеседі.