Маңызды қаржылық оқиғалар
18 ақпан
"Самұрық-Энерго" АҚ ҚР Қор биржасында 28 млн дана мөлшерінде бірінші облигациялық бағдарлама аясында екінші шығарылым облигацияларын мерзімінен бұрын сатып алуды жүзеге асырды.
3 сәуір
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды, соның аясында «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына «Мойнақ СЭС» АҚ мен «Алматы Электр Станциялары» АҚ-ға (ЖЭО-2 №8 қазандығы) қуатқа жеке тарифтерді алуға мүмкіндік беретін түзетулер енгізілді.
10 сәуір
"Самұрық-Энерго" АҚ ҚР қор биржасында 16,8 млн дана мөлшерінде бірінші облигациялық бағдарлама аясында бірінші шығарылым облигацияларын мерзімінен бұрын ішінара сатып алуды жүзеге асырды.
18 сәуір
"Шардара СЭС" АҚ "Самұрық-Энерго" АҚ,"Шардара СЭС" АҚ және ЕҚДБ арасында қосымша келісімге қол қою арқылы "Шардара СЭС-ін жаңғырту" жобасына 11,52 млрд теңге сомаға қосымша қарыз қаражатын тартты.
23 қыркүйек
ҚР Энергетика министрінің м.а. №313 бұйрығымен іске асырылған инвестициялық жобалар бойынша сыйақылар бойынша шығындарды өтеуді ескере отырып, электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың 44 тобы үшін 2019–2025 жж. арналған электр энергиясына шекті тарифтер өзгертілді.
7 қазан
"БЖЭС" ЖШС-ның ЕАДБ алдындағы 7,6 млрд теңге сомасына ("Самұрық-Энерго" АҚ еншілес компаниясы) қарызын мерзімінен бұрын толық өтеу қамтамасыз етілді. Мәміле "Самұрық-Энерго" АҚның несие берушінің пайдасына осындай сомаға кепілдігін босатуға мүмкіндік берді.
16 қазан
"Мойнақ СЭС" АҚ ҚР Энергетика министрлігімен инвестициялық келісім жасасты (қуат көлемі — 298 МВт, бұл ретте орташа тариф айына 2 467,1 мың теңге/МВт* құрады). Жеке тариф 2020–2026 жж. кезеңге бекітілді.
18 қазан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің №341 бұйрығымен электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатын әзірлікте ұстап тұрудың шекті тарифін бекіту ережесіне өзгерістер енгізілді, соған сәйкес энергия өндіруші ұйымдар жыл бойына электр энергиясының шекті тарифіне түзету енгізу қажет болған жағдайда уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет ұсынады.
23 қазан
"АлЭС" АҚ ҚР Энергетика министрлігімен инвестициялық келісім жасады (қуат көлемі — 69,5 МВт, бұл ретте орташа тариф айына 3 418,9 мың теңге/МВт* құрады). Жеке тариф 2020–2024 жж. кезеңге бекітілді.
31 қазан
"Ereymentau Wind Power" ЖШС ("Самұрық-Энерго" АҚ еншілес компаниясы) мен ЕАДБ арасында «Ерейментау қаласында 50 МВт ЖЭС-ін салу" жобасын қаржыландыру мақсатында 23,2 млрд теңге сомаға Кредиттік келісімге қол қойылды.
28 қараша
"Мойнақ ГЭС" АҚ-ның "ҚДБ" АҚ алдындағы 11,7 млн АҚШ доллар сомасына валюталық міндеттемелерді айырбастау жүзеге асырылды. Мәміле "Самұрық-Энерго" АҚ тобының кредиттік портфеліндегі валюталық міндеттемелер деңгейін 3%-дан 1,5%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Желтоқсан
2019 жылдың қорытындысы бойынша "Самұрық-Энерго" АҚ қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің нысаналы мәніне қол жеткізді және тиісінше "жасыл" тәуекел аймағына қол жеткізілді.
Макроэкономикалық факторлар
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының экономикасы дамушы нарықтарға тән кейбір маңызды ерекшеліктерді көрсетуді жалғастыруда. Экономика ел экспортының негізгі бөлігін құрайтын мұнай мен газ және басқа да минералдық шикізат бағасының ауытқуына аса сезімтал. Бұл ерекшеліктер сондай-ақ елден тыс жерлерде еркін айырбасталмайтын ұлттық валютаның болуын және бағалы қағаздар нарығы өтімділігінің төмен деңгейін қамтиды, бірақ олармен шектелмейді. Өңірде сақталып отырған саяси шиеленіс, айырбас бағамының құбылмалылығы өтімділіктің төмендеуін және халықаралық қаржыландыруды тартуда қиындықтардың туындауын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экономикасына теріс әсер етті және одан әрі жағымсыз әсерін тигізе беруі мүмкін.
2015 жылғы 20 тамызда Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының Үкіметі теңгенің айырбас бағамын қолдауды тоқтату және инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыру, валюта дәлізін жою және еркін өзгермелі айырбас бағамына көшу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Ұлттық банктің айырбас бағамына қатысты саясаты қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін теңгенің айырбастбағамының күрт ауытқуын болдырмау үшін интервенцияға жол береді.
Осы есеп күніндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми айырбас бағамы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 АҚШ доллары үшін 381,18 теңгемен салыстырғанда 1 АҚШ доллары үшін 377.19 теңгені құрады (31 желтоқсан 2018: 1 АҚШ доллар үшін 384,20 теңге). Осылайша, теңгенің айырбас бағамына және Ұлттық банк пен Үкіметтің болашақтағы іс-әрекеттеріне, сондай-ақ осы факторлардың Қазақстан Республикасының экономикасына әсеріне қатысты белгісіздік сақталып отыр.
2019 жылдың қыркүйегінде Standard & Poor‘s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның шетел және ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін — «BBB-» деңгейінде және шетел мен ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша Қазақстанның қысқа мерзімді рейтингтерін — «A-3» деңгейінде, ал ұлттық шкала бойынша рейтингті — «kzAAA» деңгейінде растады. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша болжам — «тұрақты». Тұрақты болжам Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына қосымша түсімдер есебінен қалыптасқан оң баланстық көрсеткіштердің, сондай-ақ жиынтық көлемі екі жыл ішінде мемлекеттің сыртқы өтімді активтерінен аспайтын мемлекеттік борыштың аса жоғары еместігімен расталады.
Инвестициялардың айтарлықтай ұлғаюымен бірге ауқымды бюджеттік бірігулер экономиканы 2019 жылы 4,5%-ға өсудің жаңа деңгейіне шығарды, бұл соңғы онжылдықта орташа динамикадан 4,2%-ға жоғары болды. Ынталандырушы және әкімшілік сипаттағы атаулы шаралар жиынтығы мұнай нарығындағы әлемдік жағымсыз конъюнктураның теріс әсерін жоя отырып, ішкі сұранысты қолдады, бұл ретте инфляция орташа деңгейде 5,4% сақталды, бұл көпжылдық трендтерден айтарлықтай төмен (дереккөзі Halyk Finance).
| 31.12.2018 года | 31.12.2019 года | % | |
| KZT/USD | 384,2 | 381,18 | 99 % |
| KZT/EUE | 439,37 | 426,85 | 97 % |
| KZT/RUB | 5,52 | 6,17 | 112 % |
Өндіру көлемінің өсуі және мұнай бағасының тұрақтылығы, жұмыссыздық деңгейінің төмендігі мен жалақының өсуі 2019 жылы орташа экономикалық өсімге ықпал етті. Мұндай экономикалық орта компанияның қызметі мен қаржылық жағдайына елеулі әсер етеді.
Басшылық Компания қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Алайда қалыптасқан экономикалық ахуалдың болашақ салдарларын болжау қиын және басшылықтың ағымдағы болжалдары мен бағалаулары нақты нәтижелермен ерекшеленуі мүмкін.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы энергетикалық сектор Қазақстан Республикасындағы саяси, заңнамалық, салықтық және реттеушілік өзгерістердің әсеріне ұшырайды. Қазақстан Республикасының экономикалық тұрақтылығының перспективалары елеулі дәрежеде Үкімет қабылдайтын экономикалық шаралардың тиімділігіне, сондай-ақ құқықтық, бақылау және саяси жүйелердің дамуына, яғни Топтың бақылау саласынан тыс жатқан жағдайларына байланысты.
Басшылық ағымдағы экономикалық жағдайды және оның перспективаларын ескере отырып, топтың ұзақ мерзімді активтерінің ықтимал құнсыздануына бағалау жасады. Болашақ экономикалық жағдай және нормативтік-құқықтық орта басшылықтың қазіргі болжалдарынан өзгеше болуы мүмкін.
Басшылық Қазақстан экономикасындағы өзгерістердің дәрежесін де, ұзақтығын да болжай алмайды немесе олардың болашақта компанияның қаржылық жағдайына ықтимал әсерін бағалай алмайды. Басшылық ағымдағы жағдайларда Компания қызметінің тұрақтылығы мен өсуін қолдау үшін барлық қажетті шараларды қолданатынына сенімді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені ол халықты және өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр энергетикалық кешен кәсіпорындарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңа электр станцияларын салуды және жұмыс істеп тұрған электр станцияларын қайта жаңартуды көздейтін экономиканың энергетикалық секторын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын қабылдады.
Басшылық Топ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауына ие болады деп күтуде, өйткені электр энергетикасы саласы ел экономикасының стратегиялық маңызды бөлігі болып табылады.
Күтілетін кредиттік шығындарды бағалау үшін Компания макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдарын қоса алғанда, расталатын болжамды ақпаратты пайдаланады.
Алайда, кез келген экономикалық болжамдар сияқты, болжамдар мен оларды іске асыру ықтималдығы сөзсіз белгісіздіктің жоғары деңгейімен байланысты және, демек, нақты нәтижелер болжанатындардан айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.
Қаржы-экономикалық көрсеткіштер
(1) ҚЕ-де 2018 ж. бағам айырмашылығынан түскен түсім «өзге түсімдер» бөлімінде көрсетілді.
(2) ҚЕ-де 2017 ж. бағам айырмашылығынан түскен сальдо «қаржылық шығындар» бөлімінде көрсетілді.
(3) ҚЕ-де 2018 ж. бағам айырмашылығынан болған залал «қаржылық шығындар» бөлімінде көрсетілді.
(4) ҚЕ-де 2019 ж. бағам айырмашылығынан түскен түсім «өзге түсімдер» бөлімінде көрсетілді.
(5) ҚЕ-де құнсызданудан болған залал (НЕТТО) «өзге шығындар» бөлімінде көрсетілді.
Ескертпе: Табыстар мен өзіндік құнды ашып көрсету қызметтер түрі бөлігінде келтірілген (сегменттер бойынша емес) және алып тастауды ескермей көрсетілген.
Электр энергиясын өндіру сегменті бойынша шоғырландырылған түсімнің азаюы электр энергиясын сату көлемінің және тарифтің төмендеуі есебінен жүзеге асты.
Негізгі азаю электр энергиясын сату көлемін 18 340 млн кВтсағ-тан 17 642 млн кВтсағ-қа дейін азайту және орташа салмақтанған тарифті 6,86 тенге/кВтсағ-тан 6,07 тенге/кВтсағ-қа дейін төмендету есебінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС кәсіпорны есебіне жатқызылды.
Электр энергиясын жеткізу бойынша түсімнің төмендеуі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын жеткізу тарифінің 5,89 теңге/кВтсағ-тан 5,46 теңге/кВтсағ-қа дейін азаюына байланысты.
Сату (өткізу) сегменті бойынша түсімнің өсуі «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясын сату көлемінің ұлғаюына байланысты.
Қызметтің негізгі түрлері бойынша 2019 жылғы табыстың құрылымы
Алдағы кезеңге болжам: 2020 жылға арналған болжамда сатудан түсетін түсім 289,052 млн теңге көлемінде жоспарланған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 45,330 млн теңгеге немесе 19% жоғары. Ұлғаю энергиясын өндіру мен жеткізу тарифтерінің жоғарылауына байланысты.
2021 жылға арналған болжамда электр энергиясын өндіруден түсетін түсімнің өсуіне байланысты, негізінен электр энергиясын өндірудің, электр қуатының тарифтері мен электр қуатының қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге тарифтердің өсуіне байланысты түсімдердің өсуі байқалады.
Сондай-ақ, көлем мен тарифтерді арттыру есебінен электр энергиясын жеткізуден және сатудан түскен табыстың өсуі болжанады.
Өндірушілерге қарай бөлгенде өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс
Қоғамның негізгі қызметінен түскен табысының негізгі үлесін «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Алматы Электр Станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС құрайды. Сонымен қатар, табыстарды шоғырландырған кезде жалпы сомадан негізінде энергия өндіруші және үйлестіруші компаниялар бойынша топішілік айналымдар алынып тасталады.
Өнім мен көрсетілетін қызметтің өзіндік құны
(1) ҚЕ-де 2017 ж. қоршаған ортаға енгізілген эмиссиялар үшін төлем «Басқалар» бабында көрсетілген.
(2) ҚЕ-де 2018. және 2019 ж. қоршаған ортаға енгізілген эмиссиялар үшін төлем «Салықтар, табыс салығын қоспағанда» бабында көрсетілген
2019 жылғы қорытынды бойынша өзіндік құн 195 891 млн теңгені құрады, бұл 2018 ж. фактіден 4%-ға жоғары. Шығыстардың ұлғаюы негізінен қуат нарығын енгізуге және тарифті электр энергиясы мен қуаттың құрамдас бөліктеріне бөлуге байланысты электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі шығыстармен байланысты.
Қуат үшін ақыны ЕҚО төлейді. Бұрын бұл шығыстар толығымен топішілік және алынып тасталған болатын. Сондай-ақ тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне және амортизацияның артуына байланысты шығыстардың өскені байқалады (негізінен «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС).
Қызметтің негізгі түрлері бойынша өзінің құнның құрылымы
Алдағы кезеңге болжам: 2020 жылға арналған болжамда өзіндік құн өндіріс пен сату көлемінің өсуіне байланысты, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі есебінен ұлғаяды. 2021 жылға арналған болжамдағы шығыстардың ұлғаюы тауарлар мен қызметтер бағаларының өсуімен байланысты.
Сатуға арналған шығын, млн теңге
2019 ж. қорытындысы бойынша сатуға арналған шығындар 2018 ж. қарағанда 6 342 млн теңгеге азайды және 7 999 млн теңгені құрады.
Аталған ауытқу 2019 ж. экспортталатын электр энергиясының 3 758 млн кВтсағ-тағ (РФ) 967 млн кВтсағ-қа (Өзбекстан) дейін төмендеуінен болды.
Алдағы кезеңге болжам:
2020 жылға арналған болжамда 2019 ж. фактісімен салыстырғанда іске асыруға арналған шығыстардың ұлғаюы Өзбекстанға экспорт көлемінің өсуі есебінен электр энергиясын беру жөніндегі шығыстардың ұлғаюына байланысты 47%-ды құрайды.
Әкімшілік шығыстар, млн теңге
2019 ж. қорытындысы бойынша әкімшілік шығындар 12 710 млн теңгені құрады, бұл 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 308 млн теңгеге немесе 2%-ға аз.
Алдағы кезеңге болжам: 2020 ж. болжамда әкімшілік шығыстар 2019 ж. деңгейден жоғары және 13 503 млн теңгені құрайды. Ұлғаю негізінен тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі есебінен, сондай-ақ инфляцияға жыл сайынғы индекстеу есебінен болды.
2021 жылға арналған болжамда әкімшілік шығындар 2020 жылға арналған болжаммен салыстырғанда 649 млн теңгеге артып, 14 151 млнтеңгені құрайды, бұл негізінен тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуіне байланысты.
Қаржылық шығыстар, млн теңге
2019 ж. қорытындысы бойынша қаржылық шығыстар 32 319 млн теңгені құрады, бұл 2018 ж. нақты көрсеткіштен 810 млн тенгеге аз.
Қаржыландыруға арналған шығыстардың азаюы негізінде заемдарды ұзақ мерзімді өтеуге байланысты сыйақылар бойынша шығындарды қысқарту есебінен болған.
Болашақ кезеңге арналған болжам:
2020–2021 жылдарға арналған болжамда айналым қаражатын толықтыруға байланысты қаржыландыру шығындары артады.
Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес және инвестициялардың құнсыздануы
| Көрсеткіш, млн теңге | 2017 г. нақты | 2018 г. нақты | 2019 г. нақты | 2020 г. (болжал) | 2021 г. (болжал) |
| Бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың пайдасындағы үлес | (26 636) | 9 752 | 11 191 | 2 347 | 20 589 |
2019. үлестік табыс ұқсас кезеңге қарағанда 1 440 млн теңгеге ұлғая отырып, 11 191 млн теңгені құрады.
«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ — өткен жылмен салыстырғанда залалдың 2 346 млн теңгеге азаюы мына факторларға байланысты: — оперциялық пайданың 486 млн теңгеге өсуі (э/э орташа салмақтанған тарифтің 7,53 теңге/кВтсағ-тан 8,70 теңге/кВтсағ-ға дейін артуы); — бағам айырмашылығы бойынша шығыстардың 5 703 млн теңге сомасына азаюы.
Бұл ретте қаржыландыру бойынша шығыстардың 484 млн теңге (50%) мөлшерінде ұлғаюы және басқа да кірістердің 3 379 млн теңгеге (50%) қысқаруы орын алды. Forum Muider — пайданың 920 млн теңгеге азаюы «Богатырь-Көмір» ЖШС бойынша ішкі нарықта көмірді сату көлемінің 1 779 мың тоннаға (5%) азаюы және сату бағасының 0,4%-ға азаюы есебінен болды. 2020 жылға арналған жоспарда пайда үлесі 2,347 млн теңгені құрайды (төмендеу негізінен бағам айырмашылығынан болған шығынға байланысты), 2021 жылы ол 20 589 млн теңгені құрайды.
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)
| Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал) | 2017 г. нақты | 2018 г. нақты | 2019 г. нақты | 2020 г. (болжал) | 2021 г. (болжал) |
| Тоқтатылған қызметтен түскен пайда | 1 670 | (1 584) | – | – | – |