«ӘЛЕУМЕТТІК» АСПЕКТІСІ

Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, өз қызметі арқылы қоғамға барынша пайда келтіруді қамтамасыз ету мақсатында Компания қызметкерлеріне, өзі жұмыс істейтін аймақтағы тұрғындарға және тұтастай алғанда қоғам өміріне деген жауапкершілікке қатысты міндеттемелерді ерікті түрде қабылдайды.

Біздің қызметкерлер
Адам ресурстарын басқару Компания қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2018–2028 жылдарға арналған Кадр саясаты негізінде жүзеге асырылады.

Кадр саясатының миссиясы

Компанияның болашақтағы ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және нарықта бәсекелес басымдықты қамтамасыз ету үшін адам ресурстарының күш-жігерін біріктіру

Кадр саясатын пайымдау

Әрбір қызметкердің құндылықтарымен үйлесетін, адам әлеуетінің өсуіне және бизнестің қарқынды дамуына ықпал ететін бірыңғай тиімді корпоративтік мәдениет.

HR функциясының стратегиялық рөлі, ең алдымен, болашақта еңбек ресурстарын сандық және сапалық тұрғыдан жоспарлауынан көрінеді.

Компания қызметкерлердің санын және ұйымдық құрылымын, сапасы мен біліктілік жүйесін басқаруға, қызметкерлерді іздеу мен іріктеуді тиімді жолға қою арқылы жоспарлау мен еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді басқаруға ерекше көңіл бөледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы ірі жұмыс берушілер қатарына енеді. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, Компания қызметкерлерінің тізімдік саны 17 699 адамды құрады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның кадрлық құрамы соңғы жылдары тұрақты болып қалып отыр.

Компания қызметке қатысты басқа да елеулі өзгерістер туындаған кезде, оның ішінде еңбек шартын бұзу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтайды, қызметкерлерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.

Есепті кезеңде жұмыспен толық қамтылған қызметкерлердің үлесі 100%-ды құрады.

Жынысына, жас тобына және азшылық өкілдетір көрсете отырып бөлгенде 2019 жылдың соңындағы ұйым қызметкерлерінің құрамы

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметінің өндірістік ерекшелігіне байланысты негізгі өндірістік учаскелерге ер адамдар көбірек тартылған, олардың үлесі 2019 жылы қызметкерлердің жалпы санының 74% құрады.

ЕҚДБ және Ergon Associates-пен бірлесіп «Самұрық-Энерго» АҚ-да жоба іске қосылды, оның аясында «БҰҰ — Әйелдер» серіктестігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық шартының аясында әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудің 7 қағидатынқолдау туралы мәлімдемеге қол қойылды. Бұл құжат орнықты дамудың негізгі элементі ретінде гендерлік теңдік қағидаттарын ұстануды, сонымен қатар әйелдер мен ерлерге тең мүмкіндіктер беретін компаниялардың неғұрлым табысты болатынына және жақсы нәтижелерге қолжеткізетініне сенеді. Осы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін Компания іс-шаралар жоспарын енгізді.

Есепті кезеңде «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 170 қызметкерге бала күтімі бойынша демалыс берілді. Оның ішінде 166 әйел және 4 ер адам. Есепті жылы 123 әйел өз жұмысын жалғастырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің негізгі үлесін жасы 30‑дан 50‑ге дейінгі қызметкерлер құрайды (59%). 2019 жылы қызметкерлердің орташа жасы 42 жасты құрады.

Орташа жұмыс өтілі — 11 жыл. Есепті жылы жұмысқа қабылданған қызметкерлердің пайызы. — 13%. 2019 жылы кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті 9%-ды құрады. Негізгі себептер — басқа жерде неғұрлым жоғары жалақы алудың болашағы және мансаптық және кәсіби даму мен оқытудың болмауы.

Қызметтің ерекшелігіне байланысты, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында балалар және мәжбүрлі еңбекті пайдалану, сондай-ақ жас қызметкерлердің қауіпті жұмысты орындау тәуекелі жоқ.

Ынталандыру және сыйақы

Қызметкерлердің қазіргі және болашақ үміттерін, қажеттіліктерін түсіну және қанағаттандыру — Компанияның ұзақ мерзімді табысы мен өркендеуінің кепілі. Компания еңбекке ақы төлеу және ынталандыру бойынша мынадай саясатты ұстанады:

1) Компаниядағы барлық қызметкерлер үшін жергілікті жағдайларды ескере отырып, негізгі тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру және белгілі бір кірісті қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, заңнамада белгіленген ең төменгі сыйақы мөлшерінен асатын деңгейде ең төменгі кепілдендірілген сыйақы мөлшерін белгілеу;

2) тұтыну бағаларының индексі негізінде жалақыны индекстеу;

3) еңбек өнімділігінің артуына байланысты жалақының мерзімді өсуі;

4) қызметкердің жеке еңбек үлесін мейлінше толық ескеру мақсатында икемді сыйақы беру жүйелерін пайдалану;

5) қызметкерлерге еңбекақы төлеу және ынталандыру жүйесінің объективтілігі мен бірлігі және оның республикалық деңгейде бәсекеге қабілеттілігі;

6) корпоративтік және салалық марапаттармен марапаттау.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлердің орташа жалақысы 2019 жылы өткен жылдың көрсеткішінен 4%-ға — 234 140 теңгеден,
243 640 теңгеге дейін өсті.

Компаниялар тобы бойынша ең төменгі жалақы 135 526 теңгені құрайды. Әйелдердің ең төменгі жалақысының ерлердің ең төменгі жалақысына қатынасы 100% құрайды. Жалақы еңбекақы және тарифтік ставка схемасының негізінде белгіленеді.

Жалақы мөлшерін арттыру және инфляциялық процестердің орнын толтыру мақсатында, сондай-ақ жасалған Ұжымдық шарттарға сәйкес, 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында жалақыны орташа есеппен 5%-ға индекстеу жүзеге асырылды.

Қызметкерлерге сыйақы төлеу жүйесі мына қағидаттарға негізделген: ішкі әділеттілік пен сыртқы бәсекеге қабілеттілік; мөлдірлік және айқындық; компанияның мақсаттары мен қаржы-экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкестік; компания қызметінің нәтижелері мен жеке үлесті ескере отырып сыйақы / сыйлықақы беру.

Қызметкерлерді ынталандыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ еңбегін ескере отырып, материалдық емес ынталандыру түрлері мен жанама қосымша материалдық сыйақы беру түрлерін — қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бағдарламалары мен қосымша жеңілдіктер беру бағдарламаларын әзірлейді.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да Ұжымдық шартқа сәйкес: үстеме жұмысқа ақы төлеуді, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс ақысын, түнгі уақыттағы үстеме ақыларды, үстеме және қосымша ақыларды, ауыр жұмыстағы, зиянды (ерекше зиянды) жұмыспен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеуді, қауіпті еңбек жағдайлары, жыл сайынғы қосымша ақы төленетін еңбек демалысы, баланың туылуына байланысты материалдық көмек, үйлену тойына материалдық көмек және қызметкерлердің мерейтойына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу көзделген. Ұжымдық шартқа сәйкес зейнеткерлікке шығуға байланысты еңбек шартын бұзу кезінде жұмысшыларға 3 жалақы мөлшерінде өтемақы төлемі төленеді.

Жұмысты білім беру ұйымдарындағы оқумен ұштастыратын жұмысшыларға емтихан немесе нұсқау беруші сессиялары, дипломдық жобаны (жұмысты) дайындау және қорғау, қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңіне қосымша демалыс беріледі.

Ұйым жұмыс істейтін маңызды өңірлерде бастапқы деңгейдегі еңбекке ақы төлеу мен белгіленген ең төменгі жалақы арасалмағының диапазоны

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы жұмысшылардың жұмысын ынталандыру және көтермелеу мақсатында корпоративті мәдениетті дамыту аясында ерекшеленген қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, мемлекеттік, ведомстволық және ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдарының қауымдастығының», «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т.б. салалық марапаттары берілді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының көптеген қызметкерлері Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының атақтарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы марапаттаған қызметкерлердің қатарында «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «Samruk Green Energy» ЖШС, «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері бар.

Даму және мансаптық өсу

Электр энергетикасының ерекшелігі жұмыс істеуге рұқсат беру және кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін сақтау үшін кадрларды үнемі даярлау мен қайта даярлауды талап етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерді үнемі дамытып, оқытуға ұмтылады. Қызметкерлерді оқыту және дамыту жабдықтардың және жалпы алғанда, компанияның үнемді, авариясыз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі табысқа жетудің маңызды факторы болып табылады.

Оқыту жүйесі қызметтің міндеттері мен мақсаттарына байланысты қызметкерлердің санаттары мен топтарының дағдыларын, білімдерін және құзыреттерін дамытуға бағытталған. Қоғамның стратегиялық бағыттарына сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу мен іске асырудағы басымдық коммерциялық дағдыларды дамыту және тиімді сату, қаржы және инвестицияларды басқару, duediligence, халықаралық мәмілелерді басқару, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару, бәсекелі ортада жұмыс істеу құзіреттілігін дамыту болып табылады. сандық технологияларды енгізу, жедел басқару салаларындағы бәсекелес ортада қызметкерлердің жұмыс бойынша біліктіліктерін дамыту болып табылады.

2019 жылы көшбасшылық бағдарламасын іске асыру аясында СЕО үшін «Digital жаһандық трендтері», «Көпшілік алдында сөйлеу» тақырыбында тренингтер өткізілді. Сонымен қатар «Адамдарды басқару», «Өзгерістерді басқару», «Стратегиялық менеджмент», «Сандық дағдылар» тақырыптары бойынша тренингтер мен CEO-1 және CEO-2 деңгейіндегі қызметкерлерге коучинг дағдылары бойынша оқу ұйымдастырылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ персоналын дамытудың әдістері мен формаларын жетілдіруге алдыңғы қатарлы сандық технологияларды оқыту, қашықтықтан/модульдік оқытуды дамыту, тағылымдаманы енгізу, ішкі жаттықтырушы, тәлімгерлік, менторлық және коучингті дамыту кіреді.

2019 жылы персоналды оқытуға жұмсалған жалпы шығыс құны 361 701 мың теңгені құрады.

Жылына бір қызметкерді оқытуға жұмсалатын орташа сағат саны, қызметкерлердің санаттары бойынша бөлгенде

Бәсекеге қабілеттілікті сақтау және дамыту, сыртқы және ішкі сын-қатерлерге белсенді түрде әрекет ету, келешегі зор, кәсіби шеберлігі жоғары және тартылған қызметкерлердің әлеуетін өсіру, өзінің басқарушы қызметкерлерін тәрбиелеу мақсатында Компания сабақтастық пен таланттарды басқару жүйесін дамытуда.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында маңызды лауазымдарға орналасу үшін бірыңғай кадр резерві қалыптастырылады және объективтілік, ашықтық, әділдік, еріктілік және тиімділік қағидаттарына негізделген кадр резервінен іріктеу мен тағайындау рәсімдері енгізілуде. Сонымен қатар, мансаптың тік өсуіне ғана емес, сонымен қатар кросс-функционалды білімді дамытуға баса назар аудару қажет.

Компания қызметкерлерінің қызметін бағалаудың қолданыстағы ережелеріне сәйкес келесі бағалау жүргізіледі:
— мақсаттар мен құзыреттер бойынша кешенді (қорытынды) бағалау, ол өзіне өзін-өзі бағалау, шолу кездесулері, дағдыларға, әлеуетке шолу, қызмет тиімділігін арттыру және даму үшін мүмкіндіктер бойынша қызметкерлерге бағыттарды бағалау мен беруді қамтиды;
— есепті кезеңде мақсаттарды орындау дәрежесіне мониторинг жүргізу мақсатында тоқсан сайын өткізілетін қызметкерлердің қызметіне аралық шолу.

Кадр резервін қалыптастыру мен дамыту процесі қызметкерлердің жыл сайынғы жұмысын бағалаумен тығыз байланысты, соның негізінде таланттар картасы жасалады, резервистердің жеке даму жоспарлары (ЖДЖ) жасалады, тәлімгерлік, тағылымдама бағдарламалары және сабақтастық бағдарламалары дамиды.

Корпоративтік басқаруды дамыту аясында «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі және компанияны басқару органдары басшылық лауазымдарға сабақтастық жоспарын құру мен іске асыруға үлкен көңіл бөледі.

Қызметкерлердің қауіпсіздігі және денсаулығын қорғау

Компания орнықты даму қағидаттарын басшылыққа ала отырып, өндірістік жарақатты азайту және жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсарту саясатын жүргізеді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының негізгі міндеттерінің бірі — әрбір жұмыскердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету

Жоғары жарақаттанумен немесе белгілі бір аурулармен сырқаттанушылықтың жоғары қаупімен ықтимал ұштасқан қызмет компанияда жоқ.

Компания мынадай жұмыстарды жүргізеді (бұлармен шектелмейді):

1.
жекелеген кәсіптер мен жұмыс орындары үшін қауіптер мен қауіптерді талдау;
2.
жер сілкінісі, көшкін немесе су тасқыны сияқты қауіпті табиғи құбылыстар салдарынан болатын ықтимал әсерлер мен тәуекелдерді бағалау;
3.
жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды түсіндіру, жеке қорғаныс құралдарын қолдануды қамтамасыз ету;
4.
барлық қызметкерлер үшін, олардың жұмысының қауіптілігі мен тәуекелдерді ескере отырып, қауіпсіздік саласы бойынша дайындау;
5.
жазатайым оқиғаларды, соның ішінде: жалпы жұмыс уақыты, ауыр жарақаттар, уақытты жоғалту және жарақатқа әкелуі мүмкін оқиғалар туралы есеп жүргізу арқылы жазатайым оқиғаларды тергеу бағдарламасын әзірлеу және т.б.;
6.
қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу бағдарламасын әзірлеу;
7.
шектеулі кеңістіктерде жұмыс істеу сияқты қауіпті міндеттерді орындау үшін өз қызметкерлерін де, мердігерлерді де қамтитын жұмысқа рұқсат беру жүйесін ендіруді қамтамасыз ету;
8.
«ескерту белгілерін оқшаулау және орнату» рәсімдерін әзірлеу мен іске асыру;
9.
жұмыс орнындағы қауіпті бақылау;
10.
қажет болған жерде қауіпсіздік белгілерін (өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларға, шуға, темекі шегуге жауап қайтару және т.б.) орналастыру;
11.
ТЖ, ірі өндірістік авариялар орын алған жағдайда Іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

«Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін әр компания «OHSAS-18001 Денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі» халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау жүзеге асырылады (5 жылда 1 рет). Аттестация нәтижелері бойынша зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарлары әзірленді.

Тоқсан сайын техника қауіпсіздігі бойынша тренингтер өткізіледі.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясатқа сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін әр ұйым жыл сайын Еңбекті қорғау мәселелерін басқару бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды, сонымен қатар ұйымдастыру-профилактикалық шаралар кешені жүзеге асырылады.

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №234 бұйрығымен бекітілген ҚР Энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес ЕТҰ-да келесі нысандарда персоналмен қауіпсіздік техникасы бойынша тұрақты тренингтер өткізіледі:

— жаңа лауазым бойынша даярлау, оған мыналар кіреді: оқыту; жұмыс орнында тағылымдамадан өту; білімді алғашқы біліктілік тексеру; қайталау;

— мерзімді білімді біліктілік тексеру;

— аварияға қарсы бақылау және өртке қарсы жаттығулар;

— нұсқаулық;

— біліктілікті арттыру.

Оқыту бекітілген кесте бойынша тоқсан сайынғы негізде жүргізіледі.

Компанияның барлық кәсіпорындарында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 203‑бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер (бұдан әрі — өндірістік кеңестер) жұмыс істейді. Өндірістік кеңестер құрамына паритеттік негізде жұмыс берушілердің өкілдері, қызметкерлердің өкілдері, соның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар кіреді.

Тоқсан сайынғы негізде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін қадағалайтын құрылымдық бөлімшелер басшыларымен селекторлық кеңестер өткізіліп, нәтижелері бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және оларды болдырмау бойынша нұсқамалық құжаттар қабылданады.

Алматы, Павлодар және Түркістан облыстарының еңбек бойынша уәкілетті органдарымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы жазбаша келісімдер жасалды.

Компания халықаралық стандарттардың, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, Қоғамның қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау үшін жоспарлы және жоспардан тыс. (кенеттен) тексеру жүргізу тәжірибесін енгізді. Есепті кезеңде 14 жоспарлы тексеру, 3 жоспардан тыс. (кенеттен тексеру) жүргізілді.

Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеу, хабарлау және есепке алу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу және тіркеу» деп аталатын 20‑тарауына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылды.

«Оқиғаларды есепке алу және тергеу» корпоративті стандартына сәйкес түпкі (жүйелік) себептерді анықтау мақсатында жазатайым оқиғаларға ішкі тергеу жүргізу тәжірибесі енгізілді. Жоғарыда аталған корпоративті стандартқа сәйкес, жазатайым оқиғаларға алып келмеген оқиғаларға қатысты тергеулер жүргізілуде.

Еңбек қауіпсіздігінің алдын алу және өндірісте жарақаттану деңгейін төмендету мақсатында есепті кезеңде жазатайым оқиғаларға әкеп соқпаған оқиғаларға қатысты35 тергеу жүргізілді. Тергеу нәтижелері бойынша түзету шаралары жасалып, жүзеге асырылуда.

Алдын алу және түзету шараларының көптігіне қарамастан, 2019 жылы жұмысқа байланысты 10 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде 1‑топтық: оның 1‑і өлімге әкеп соқтырған, 5‑і ауыр, 5‑і жеңіл жағдай түрінде бағаланды. Жазатайым оқиғаны жасыру бойынша 2018 жылғы 23 ақпанда «ЕГРЭС-1» ЖШС-да 1 факт анықталды, жазатайым оқиға жұмысқа байланысты болған, ол 2019 жылы есепке алынды. Төменде өндірістік жарақаттың жарақат түрлері бойынша көрсеткіштері келтірілген.

Еңбек қабілетін уақытша жоғалтумен жарақаттану жиілігінің коэффициенті LTIFR: 10*10000/30359979, 9=0,33 құрады.

FIFR өндірістік қызметіне байланысты өлімге ұшыраған жазатайым оқиғалар жиілігінің коэффициенті: 10*10000/30359979, 9=0,03 құрады.

Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффициенті — 574,49.

LDR жарақаттанушылыққа байланысты жұмыс уақыты шығынының коэффициенті: 1298*10000/2259386=574,49 құрады.

Жоғалған күндер коэффициенті 1298 құрады.

Келмеген күндер коэффициенті — 172984.

Есепті кезеңде кәсіби аурушаңдық коэффициенті анықталған жоқ.

Есепті кезеңде өліммен аяқталған екі жазатайым оқиға тіркелді. Екі жағдайда да Алматы аймағындағы ер адамдар жазатайым оқиғаға ұшырады. Бір оқиға «АЖК» АҚ-да және екіншісі — «АлЭС» АҚ-ның мердігерлік ұйымында болды.

Қызметкерлерге қорғалу кепілдігін беру үшін Компания әлеуметтік қорғау бағдарламасын (медициналық сақтандыру, өмірді сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, жазатайым оқиғалардан сақтандыру және т.б.) дамытуды, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсартуды жалғастырады.

Заңнамаға сәйкес Компания еңбекке жарамсыздық парақтарын төлеуді, медициналық сақтандыруды, қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруды, қызметкерлерді жыл сайынғы медициналық тексеру және өндірістік жарақат алған кезде материалдық көмек көрсетуді де жүргізеді.

2018–2019 жылдардағы өндірістік жарақаттанудың өсуі 2017 жылмен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғаларды тіркеудің ашықтығын арттыру бойынша жұмыстардың ұлғаюына байланысты. Мысалы, 2018 жылы «ЕГРЭС-1» ЖШС-да «жазатайым жағдайсыз 1000 күн» іс-шарасы аталып өтілді, 2019 жылы 6 жазатайым оқиға орын алды, оның ішінде 2018 жылы бір жазатайым оқиға жасырылған.

Компанияның кез-келген кәсіпорнындағы әрбір өндірістік жарақаттану жағдайына маңыздылық деңгейі жоғары деген мәртебеге ие болып, дереу «Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін компаниялардың Директорлар кеңесінің/Байқаушы кеңестерінің қарауына жедел түрде шығарылады.

Өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қабылданатын шаралар

Өндірістік жарақаттануды азайту үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның компаниялар тобы бойынша мынадай шаралар қолданылады:

1. Жазатайым оқиғалардың мән-жайлары мен себептері барлық қызметкерлерге хабарланады.

2. Барлық өндірістік персоналға жоспардан тыс. нұсқама жүргізіледі (Компания тобында жазатайым оқиға болған жағдайда).

3. Жазатайым оқиға орын алған бөлімшелердің барлық қызметкерлерінің ТПЕ, ҚТЕ және еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау туралы нұсқаулықтар бойынша білімдеріне кезектен тыс. тексеру жүргізіледі.

4. Ай сайын кәсіпорынның бірінші басшыларының қатысуымен Қауіпсіздік техникасы күні өткізіледі. Өткізілген Қауіпсіздік техникасы күнінің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар әзірленеді.

5. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау қызметтері қондырғыларға, ғимараттар мен құрылғыларға, жұмыс орындарына кешенді түрде тексерістер жүргізеді. Кешенді тексеріс қорытындылары бойынша орындау мерзімдері мен жауапты тұлғалар көрсетіліп, іс-шаралар жоспары әзірленеді.

6. Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау мәселелері бойынша Қызметкерлерді оқыту, нұсқамалар беру және білімдерін тексеру ережелеріне сәйкес, барлық өндірістік қызметкерлерге оқыту жүргізіледі. Басшылар денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің курстарында, мамандар «Халықаралық NEBOSH сертификаты» бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында үздіксіз білім беру курстарында оқытылады.

7. Жөндеу науқаны алдында Компанияның барлық кәсіпорындарда құрылымдық бөлімшелердің наряд беруге, жұмыс басында басшы және өндіруші болуға құқығы бар инженерлік-техникалық қызметкерлеріне жасақты өндірістік жұмыстарға жіберу мен нарядты ресімдеуді дұрыс атқару бойынша практикалық сабақтар қамтылған семинар-кеңестер өткізіледі.

8. Кәсіпорындарда ең кемі бес жылда бір рет жұмыс орындарында еңбек жағдайлары бойынша аттестация жүргізіледі.

9. Ұзақ уақыт пайдаланылу ресурсын тауысқан және өндірістік персонал үшін айтарлықтай қауіп тудыратын жабдықтар жоспарлы түрде ауыстырылады.

10. Қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша персоналға қосымша тренингтерді/оқу өткізуді ескере отырып, жұмыс орындарында тәуекелдер карталарын/тізілімдерін өзектендіру жүргізіледі

11. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін жеке жауапкершілік жүйесі енгізілді.

12. Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды есепке алу және тіркеу үшін электрондық журналдарды жүргізу тәжірибесі енгізілді.

13. Жүріс-тұрыс қауіпсіздігінің жетекші аудиттері тәжірибесі енгізілуде.

14.Компания тобының қызметкерлері денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу бойынша, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастыратын (Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау комитеті мен Сараптамалық топ жұмысына қатысу) іс-шараларға белсенді қатысады.

Өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету жөніндегі қызметтің маңызды бағыты қауіпсіздік мәдениетін жақсарту жөніндегі жұмыс болып табылады. Сонымен, Трансформация бағдарламасы аясында 31.03.2017 бастап кешенді қауіпсіздікті басқару бойынша жаңа модель енгізу жобасы іске асырылуда.

Жоба жарақаттану көрсеткіштерін және персоналдың жарақаттарының ауырлық дәрежесін төмендетуге, сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған (қызметкерлерді тарту және ынталандыру).

ЕҚ және ӨҚ, ҚОҚ саласында жаңа әдістемелерді/стандарттарды енгізу және ол мыналарды қамтиды:

1. Жарақаттануды болдырмау саласындағы басқару жүйесінің тиімділігін талдау процесін ұйымдастыруды жетілдіру;

2. Қауіптерді талдау және оқиғаларды болдырмау саласындағы тәуекелге бағытталған тәсілге көшу.

3. Келесі корпоративтік стандарттарды енгізу:

— «Басшылық тарапынан еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін бағалау»;

— «Көшбасшылық мінез-құлық қауіпсіздік аудитін жүргізу»;

— «ӨБ, ЕҚ, РБ, ОС тәуекелдерін бағалау»;

— «Қауіпсіздіктің алтын ережелері»;

— «Оқиғаларды есепке алу және тексеру»;

— «Персоналды қауіпсіз мінез-құлыққа ынталандыру».

Жоба компаниялар тобында кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Нысаналы процестерді енгізу 2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-да, сондай-ақ «Екібастұз ГРЭС1» ЖШС-да, «Ө. Д. Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС» АҚда және «Шардара СЭС» АҚ-да іске асырылды.2019 жылдың екінші жартысында жоба «Екі бастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-да және «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС-да басталды. Бұл әсерді бағалау дәрежесі бойынша ең ауқымды жоба. Қазіргі уақытта жобаға шамамен 3 500 қызметкер тартылды.

2021 жылдың 31 желтоқсанына қарай жоба компаниялардың барлық тобы бойынша енгізілетін болады. Жобаны енгізу нәтижесінде 2028 жылға дейінгі кезеңде жарақаттану деңгейі көрсеткішінің 30%-ға төмендеуі күтілуде.

Өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобына кіретін барлық кәсіпорындар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілген: жылжымалы өрт сөндіргіштермен, өрт крандарымен жабдықталған, ұнтақты құрамы (құм) бар жәшіктермен, сондай-ақ отқа төзімді маталармен (киіз және т.б.) қамтамасыз етілген. Бақылаушы мемлекеттік органдар, «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпорынның еңбекті қорғау мамандары жоспарлы және жоспардан тыс. тексерулер кезінде жарамды өрт сөндіру құралдарының болуына бақылау жүргізеді.

2019 жылы «Самұрық-Энерго»АҚ-ның компаниялар тобының құрамына кіретін кәсіпорындар нысандарында 1 өрт оқиғасы тіркелді. 2019 жылғы 4 сәуірде «Богатырь Көмір» ЖШС гидравликалық сорғы қабығының жарылуы себебінен экскаватордың мотор бөлігі өртенді. Себебі: гидравликалық сорғының ЖҚЖ қабықшасының жарылуы; 1 адам — экскаватор машинисі зардап шеккен, оған 251375 теңге төленді.

Әлеуметтік тұрақтылық және корпоратитвік мәдениетті дамыту

Әлеуметтік тұрақтылық пен персоналды қатыстыру көрсеткіштерін жыл сайын өлшеу қызметкерлердің адалдығы мен сенімін, персоналдың әлеуметтік әл-ауқаты мен қатыстырылу деңгейін арттыру, персоналдың еңбек қызметімен байланысты еңбек жағдайлары мен процестерін жақсарту, коммуникация жүйелерін дамыту және кез келген өзгерістер туралы ақпараттандыру шараларын уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. Компания әлеуметтік көрсеткіштерді талдау және қызметкерлерге сауал қою нәтижелері бойынша осы зерттеулердің барлық көрсеткіштерін серпінді түрде арттыруға ұмтылады.

Зерттеу нәтижелері бойынша 2019 жылы Әлеуметтік тұрақтылық индексі 65%-ды құрады. Өткен жылдың қорытындыларымен салыстырғанда көрсеткіш 1%-ға өсті. Сонымен қатар, 2019 жылғы зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қатыстыру индексі өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артып, 68%-ды құрады.

Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және ұжымда ахуалды тұрақтандыру бойынша қажетті басқару шараларын қабылдау мақсатында Түзету шараларының іс-жоспарлары әзірленіп, бекітілді.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында Келісу комиссиялары құрылып, жұмыс істеуде, олар жұмыс берушінің өкілдері мен кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдерінен құрылған, негізгі функциясы еңбек ұжымы арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен өтініштерді қарастыру болып табылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бәсекеге қабілетті әлеуметтік топтаманы беруге ұмтылады, оның болуы білікті қызметкерлерді тартуға мүкіндік береді. Өтемақылар мен жеңілдіктер қызметкерлер мен олардың отбасылардың әл-ауқаты мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға арналған. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының қызмткерлерімен жасасқан ұжымдық шартқа сәйкес ұсынылатын әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктердің құрамына мыналар кіреді:

1. еңбек демалысына қосымша сауықтыруға, баланың тууына байланысты материалдық көмек;

2. (қызметкерді және оның жақын туыстарын) жерлеуге, зейнеткерлерді емдеуге, төтенше жағдайларға және т.б. байланысты материалдық көмек;

3. табысты жоғалтуына байланысты материалдық көмек (жүктілікке және босануға байланысты демалыс немесе нәрестені (ұл/қыз) асырап алуға байланысты демалыс);

4. ерікті медициналық сақтандыру;

5. қызметкерлер мен балалардың шипажай-курорт жағдайында емделуі;

6. қызметкерлердің мерейтойларына байланысты (50, 60 және 70 жас) біржолғы көтермелеу;

7. мерекелік, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыстар;

8. қарыздарды төлеу;

9. асыраушысының жарымжан боп қалғаны немесе одан айрылғаны үшін берілетін жәрдемақы;

10. балаларға жаңа жылдық сыйлықтар және т. б.

2019 жылы Ұжымдық шартқа сәйкес 789 942,6 мың теңгеге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер берілді.

Ұжымдық шарттармен қамтылған қызметкерлердің үлесі

Компания сауықтыру, спорт және демалыс ұйымдастыр мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

1. еңбек сіңірген жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосымша күндер беру;

2. спорттық инфрақұрылымға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру арқылы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелері арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу және бұқаралық спорт түрлерін дамыту;

3. корпоративтік ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын жүйелі насихаттау;

4. мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге, жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға, Энергетиктер күніне орай бағалы сыйлықтар сатып алуға жыл сайын қаржы бөлу;

5. Қазақстан Республикасының шипажайлары мен профилакторийлерінде жазғы демалыс кезеңінде мектеп жасындағы балалардың демалуы үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

6. Компания қызметкерлерінің мүгедек-балалары мен жетім-балаларға шипажайға және балаларды сауықтыру орталықтарына берілетін жолдамалардың құнын ішінара өтеу.

2019 жылдың жазғы кезеңінде «Жасыбай» демалыс орталығының «Березка» демалыс үйінде 3134 адам, «Жасыбай» демалыс орталығының «Қарлығаш» сауықтыру орталығында 1152 бала демалды.

Қызметкерлерді сауықтыру және аурудың алдын алу үшін «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы 2019 жылға «Мойылды», «Белокуриха», «Арман» шипажайларына 260 жолдама сатып алып, оларға қызметкерлерді жіберді.

Негізгі қызмет бойынша бөлгенде, жұмыспен уақытша немесе толық қамтылмаған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілмейтін, жұмыспен толық қамтылған жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін төлемдер мен жеңілдіктер

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 3 849 496 мың теңгеге әлеуметтік төлемдер төленді. 2018 жылдың осыған ұқсас кезеңінде әлеуметтік төлемдер шығындары 3 229 763 мың теңгені құрады. Төлем құрылымында негізгі үлесті мынадай шығындар құрайды: еңбек демалысын алған кездегі сауықтыруға арналған біржолғы жәрдемақы — 28%, қызметкерлердің шипажай-курорт жағдайында емделуі — 6 %, қызметкерлердің мерейтойына байланысты біржолғы көтермелеу (50, 60 және 70 жас) — 3%, баланың туылуына байланысты материалдық көмек — 2%, мерекелік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды өткізуге жұмсалатын шығыстар — 3% және басқа әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасынан жұмсалатын шығыстар.

Есеп беру жылында Қоғам тобында корпоративтік мәдениетті дамыту аясында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнін, Наурыз мейрамын, Конституция күнін, Энергетик күнін мерекелеуге орай мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өткізіліп, онда ерекше көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетіп, мемлекеттік, ведомстволық және ТМД Электр энергетикалық кеңесінің, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қауымдастығының, «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Самұрық-Қазына» АҚ және т.б. наградалары тапсырылды.

Жас қызметкерлерге қатысты саясат

Бизнестің әлеуметтік жосы іске жұмылдыруды арттыру бойынша жас ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге, жастарды әлеуметтік қолдауға және Компанияны болашақта жоғары бейінді мамандармен қамтамасыз етуге бағытталған жанжақты жұмыс жүргізуде.

Осы бағыттың міндеттері:

— компанияның жастар активі есебінен Компания басшылығы жанында Жастар кеңесін құру және дамыту;

— жастар қоғамдастық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

— жас мамандардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға, конкурстарға және басқа да іс-шараларға қатысуы;

— кадрларды даярлау, үздік түлектерді іздеу және іріктеу, студенттердің өндірісте тәжірибеден өтуі мен тағылымдамасын ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын жетілдіруге қатысу және дуальді оқытуды дамыту, стипендиялық бағдарламаларды дамыту және т. б. мәселелері бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде бейінді білім беру ұйымдарымен жұмыс істеу;

— жас мамандарды, жас отбасыларды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын дамыту;

— жас мамандарға қатысты бейімдеу, тағылымдамадан өту, тәлімгерлік және менторлық, оқыту, мансаптық және кәсіби жоспарлау жүйелерін дамыту.

2019 жылы Компанияда жастар істері бойынша Jas Energy кеңесі құрылды.

1. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының жас мамандары үшін бірінші форум — Jas Energy Fest;

2. «Шын жүректен» қайырымдылық жәрмеңкесі. Жиналған қаржы көп балалы аналар мен қарт адамдарды қолдау үшін жұмсалды;

3. Өз әріптестерінің салауатты өмір салтын қолдау үшін «Витамин күні» науқаны;

4. Өмірге деген таза және шын махаббатты білдіретін «Арман-тілектер ағашы» науқаны. Жас белсенділер оны онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға көмек көрсету үшін жасады. Осылайша, онкологиялық аурулармен ауыратын балалар өз сыйлықтарын алды.

Компания жас, талантты жұмыскерлерді тарту және тұрақтандыру туралы, жас мамандар үшін жұмыс орындарын құруға, тәлімгерлік институтын дамытуға, дарынды мектеп түлектерін ҚР, таяу және алыс шетел ЖОО-ларында энергетика саласы мамандықтары бойынша оқытуға ниет білдіреді.

«Жас Өркен» бағдарламасын іске асыру аясында, «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы 7 жас маманды тағылымдамаға және «Цифрлық Жас» бағдарламасын іске асыру аясында 5 тәлімгерді қабылдады.

«Цифрлық Жас» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткеннен кейін 2 тәлімгер «Самұрық-Энерго» АҚ-ға жұмысқа қабылданды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның қолдауымен Алматы Энергетика және байланыс университеті физика-математика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға 60‑тан астам адам, оның ішінде елдің тоғыз техникалық ЖОО студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. Студенттер екі пән бойынша жарысты: «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы». Мектеп бітіруші сынып оқушылары физика және математика пәндерінен білімдерін көрсетті.

Қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ студенттер өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өту үшін жетекші отандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істейді.

2019 жылғы нәтижелері бойынша Компанияда 420 студент оқу-өндірістік тәжірибеден өтті.

Адам құқығы

Адам құқықтарын сақтау саласында Компания өз қызметін заңнамаға қатаң сәйкестікте жүзеге асырады, БҰҰ жариялаған адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарының маңыздылығы мен құндылығын, оның ішінде бірігу еркіндігі, ұжымдық шарттар жасасу құқығын тану, еңбек құқықтары, қолайлы қоршаған ортаға құқық, денсаулықты қорғау құқығын мойындайды. Есепті жыл ішінде қызметкерлерді кемсіту жағдайлары тіркелген жоқ.

Адам құқықтарын сақтау саласындағы қағидаттар «Самұрық-Энерго» АҚ Іскерлік этика кодексінде көрсетілген.

Бұдан басқа, өз өнім берушілермен және мердігерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде компания денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қоса алғанда, еңбек заңнамасын сақтауды талап етеді. Тиісті талаптар Қоғамның және ЕТҰ-ның өнім берушелрмен үлгі шарттарына енгізілген.

Қызметкерлер тұрақты қызмет ететін Келісу комиссиялары, Әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын реттеу жөніндегі комиссиялар арқылы қолданыстағы заңнама аясында ұжымдық келіссөздерді жүргізуге құқылы.

«Самұрық-Энерго» АҚ-да персоналды іріктеу рәсімі тестілеу элементтерін қолдана отырып, транспаренттік және меритократия қағидаттарын сақтай отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ-да бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу және жаңа қызметкерлерді бейімдеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Кандидаттарды іздеу және іріктеу конкурстық іріктеудің негізгі қағидаттарына: айқындылығы, кәсібилігі, лауазымдарға қойылатын кандидаттың жеке қасиеттері және оның біліктілік талаптары мен құзыреттеріне, сондай-ақ қызметкерлерге әділ және тең қарау қағидаттарына сәйкес конкурстық негізде жүргізіледі. «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлердің мүдделері мен құқықтарын қатаң сақтайды, нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне, жынысына, отбасы жағдайына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұлғаларға жұмысқа қабылдау кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар жасайды. «Самұрық-Энерго» АҚ кемсітушіліктің кез келген түрін, бала еңбегін пайдалануға және мәжбүрлеп еңбек етуді болдырмауға барынша ықпал етіп, кадрларды іріктеу мен олардың қызметін өсіруді тек кәсіби қабілеттері мен біліміне, білік-дағдыларына қарай жүргізуге күш салады.

Қызметкерлердің кәсіби, экономикалық, әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін реттеу және қорғау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-да 15 199 адам мүшесі болып табылатын 11 кәсіподақ ұйымы жұмыс жасайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ кәсіподағы «Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлері — кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін еңбек заңнамасын сақтау, белгіленген әлеуметтік кепілдіктер және шарт ережелерін орындау бөлігінде қорғайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша мүдделі тараптармен диалог құрады. Атап айтқанда, алаңдаушылық пен кінәраттар туралы ақпарат алу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ сыртқы веб-сайтында кері байланыс жүйесі арқылы өтініштер мен шағымдарды беру және қарау тетігі пысықталды — «Жедел желіге» жазбаша өтініш немесе телефон шалу.

2019 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ бойынша 73 өтініш тіркелді және барлық өтініштер есепті кезең ішінде реттелді. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде компанияда 83 шағым мен өтініш тіркелді.

Шағым берудің ресми тетіктері арқылы берілген, өңделген және реттелген еңбек қатынастарының тәжірибесіне қатысты шағымдар саны
Кәсіподақтармен жасалған ресми келісімдерде денсаулық пен қауіпсіздік мәселелерін көрсету

Компания ұйымдары жұмыс істейтін өңірлердің әлеуметтік дамуына қосылған үлес

Көптеген жылдар бойы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Компания қатысу өңірлерінің дамуына өз үлесін қосып, Компанияның жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, әлеуметтік қолдауға және т.б. қатысу мәселелері бойынша жергілікті қоғамдастықтармен үздіксіз өзара іс-қимылды қолдайды.

Қатысу өңірлерін дамыту

Кейбір инвестициялық жобаларды іске асыру еншілес және тәуелді ұйымдардың орналасқан өңірлерінде жергілікті инфрақұрылымның дамуына ықпал етті. Мысалы, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС және «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның орналасу өңірінде Солнечный к. Мен Екібастұз қ. Инфрақұрылымын дамтыу жолға қойылды. Осылайша, Солнечный кентінде мешіт, шіркеу, мәдениет үйі, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, бассейн, қонақ үйі және т.б. инфрақұрылымдық объектілер салынды. Өз кезегінде, Екібастұз қаласында тұрғын үйлер, жатақханалар, Энергетиктер мәдениет үйі, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-1 станциясынан Екібастұз ГРЭС-2 станциясына дейін жолдар салынды.

Осындай жобалар сондай-ақ 235 адам тұратын (олардың: 100 адам — қызметкер, 135 –отбасы мүшелері) Мойнақ ГЭС қызметкерлері үшін «Мойнақ ГЭС» АҚ (77 үй, 1 балабақша және мешіт) орналасқан аймақтарда іске асырылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған түрлі әлеуметтік бастамаларды жан-жақты қолдайды, қалалық әлеуметтік бағдарламаларға белсенді қатысады. Қаланың таулы муниципалдық округіндегі балалар ойын және спорт алаңдарын абаттандыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Балалар алаңқайларын жөндеу және қалпына келтіру, құм салғыштарға құм әкелу, «Шахтер» саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ұлы ақын және ойшыл Мәшһүр Жүсіп Көпеевке монумент орнатылды, Қонаев көшесінде бағдаршам орнатылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз қаласында 20 541,9 мың теңге сомасына балаларға арналған ойын кешенін салды.

Қысқы кезеңнің басталуымен, өткен жылдардағыдай, «Шахтер» қалалық саябағында Жаңа жылдық мұз қалашығы орнатылды. Сондай-ақ қайырымдылық мақсатында «Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз қаласы бойынша орнатылған төрт ағаш төбешіктер үшін мұзбен қамтамасыз етуге көмек көрсетті.

Экологияға қосқан үлесі

2019 жылғы 18 қарашада Алматы облысы бойынша экология департаменті мен «Алматы электр станциялары» АҚ арасында қоршаған ортаға эмиссиялар көлемін тұрақтандыру және кезең-кезеңмен төмендету мүмкіндігі бөлігінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бекітілген аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстар жүргізілді — іргелес аумақты жоспарлау, көгалдар мен жасыл желектерді күту жұмыстары жүргізілді. Көгалдандыру аясында «Богатырь Көмір» ЖШС өтем ретінде 50 дана ағаш отырғызды.

2019 жылы қыркүйек айында «Алматы электр станциялары» АҚ «Макулатураны тапсыр — ағашты құтқар!» атты экологиялық челендж өткізді. Науқан нәтижесі бойынша 144 мың теңге сомасына 3 204 кг макулатура тапсырылды.

«Алматы электр станциялары» АҚ-да «Біз жасыл Қазақстан үшін!» атты экологиялық фестиваль өткізілді. Фестивальдің негізгі мақсаты — қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынасты, табиғатты пайдаланудың адамгершілік және құқықтық қағидаттарын қалыптастыру.

Халыққа көмек көрсету

«Богатырь Көмір» ЖШС Екібастұз қаласы әкімдігімен бірлесіп Әлеуметтік серіктестік туралы келісім шеңберінде жыл сайын қаржылық көмек көрсетумен айналысады, қайырымдылық көмекті қалалық коммерциялық емес ұйымдар мен жеке тұлғалар және қамқорлыққа алынған №6 мектеп-лицей сияқты білім беру мекемелері, «Екібастұз» балалар қоры, «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестігі және басқалары иеленді. Діни конфессиялар мен «Екібастұз» футбол клубы да Компанияның қаржылық көмегінен тыс. қалған жоқ.

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның 2019 жылы қаржылық көмегі 243 370 мың теңгені құрады.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Екібастұз қ. және Солнечный к. мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа жылдық сыйлықтар бөлді. Жаңа жыл қарсаңында Компания Солнечный кентінің мүмкіндігі шектеулі балаларды, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа жылдық тосын сыймен қуантты, «Үміт» балалар үйінің балалары, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Аутист балалар ата-аналарының бірлестігі» ҚҚ және Екібастұз қаласының қайырымдылық қоры назардан тыс. қалған жоқ.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ жыл сайын Солнечный кентінің Жаңа жылды мерекелеуге дайындығына қатысады. 2019 жылы кент алаңында кіре беріс аркасы безендірілді, Абай атындағы алаңда шырша, Аяз Ата мен Ақшақардың мүсіндері орнатылды, балалардың демалуына арналған төмпешіктер мен сырғанақтар құйылды. Сондай-ақ, цех қызметкерлері кент тұрғындарына сыйлық жасады – аққала шырша, сағат және т. б. түрінде түрлі иллюминация жасап орнатты.

Аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға «Қарлығаш» БСОға 160 тегін жолдама бөлінді. Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін жыл сайын Жасыбай көлінің жағасында «Қарлығаш» балалар лагеріне 200 орын бөлінеді.

Жергілікті инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалардан басқа, Компания қайырымдылық және демеушілік көмек арқылы халықтың осал топтарын қолдау қызметін жүзеге асырады:

- Зейнеткерлер мен интернационалист – жауынгерлерге тұтынылған электр энергиясы үшін 150 кВт ай сайынғы төлем түрінде көмек («Шардара СЭС» АҚ»);

- Жеңіс күніне орай ҰОС, Еңбек майданына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға қайырымдылық көмек көрсету («Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ);

- Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек («Богатырь Көмір» ЖШС, «Шардара СЭС» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ). 2019 жылы аз қамтылған басынан шыққан 5 оқушы мектепке арналған тауарлармен қамтылған;

- Жергілікті халықтан 5 мүгедекке 30 000 теңге көлемінде бір жолғы ақшалай қаражат төлемі жүргізілді.


Сонымен қатар, Қордың қайырымдылық саясатына сәйкес Қор компаниялары тобының барлық демеушілік және қайырымдылық қызметін бірыңғай Оператор – «SamrukKazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырады, ол бірқатар бағыт бойынша конкурстық негізде іріктеу арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырады.

Осыған орай, Компания «Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын» іске асыру және сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды басқару үшін Қоғамның жеке мүмкіндіктерін пайдалану аясында «Samruk-Kazyna Trust» қорымен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі уақытта, Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдары әлеуметтік көмек алудың әлеуетті мүмкіндіктері туралы хабарландыру беріп, «Samruk-Kazyna Trust» қорына өтініштер беру үшін әлеуметтік сипатқа ие барынша өзекті проблемалары бар «Самұрық-Энерго» АҚ кәсіпорындар тобының орналасу өңірлерін талдау және анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Халыққа арналған мәдени-көпшілік шаралар

«Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС «Наурыз мейрамының» мерекеленуіне орай Екібастұз қаласының тұрғындары үшін жаппай қыдыруды ұйымдастыруға белсенді қатысты. Мереке аясында қызметкерлер қазақтың әдемі «Құда түсу» және «Сырға салу» атты театрландырылған қойылымын көрсетті. Бұл нөмір «Ең үздік киіз үй» байқауының конкурстық комиссиясының мүшелерін бей-жай қалдырмады және «Ең үздік салт-дәстүр» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, қала тұрғындары үшін мерекелік концерт және 1000 порция мөлшерінде палау, наурыз көже және дәмді тоқаштар түрінде азық-түлік жиынтығы үлестіріліп, қайырымдылық дастарханы ұйымдастырылды.

«Алматы электр станциялары» АҚ ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған челенджге қосылды, 2019 жылғы қарашаның соңында «Абай әлемі» атты конкурс өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – Абайдың өмір жолы мен шығармашылық жолын еліміздің рухани байлығы ретінде насихаттау. Байқау үш кезеңнен тұрды, оған 7 команда қатысты. Байқауға қатысушылар «Үздік оқушы», «Үздік жанкүйер», «Ақынның өмірі мен шығармашылығының үздік білгірі» номинациялары бойынша марапатталды.