«Экология» санаты

Әлемде электр және жылу энергиясы дәстүрлі түрде отынның қазбалы түрлерін пайдалану арқылы өндіріліп келді. Көмір, газ және мазутты жаққан кезде пайда болатын химиялық реакциялар тиісті бақылау болмаға жағдайда қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін бірқатар заттардың табиғи жолмен түзілуіне алып келеді. Мұндай бақылау үшін Қазақстанда табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау құқығы түрінде мемлекеттік реттеу жүйесі жұмыс істейді.

ҚР Экологиялық кодексімен «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының негізгі өндірістік қызметі арнайы табиғат пайдалану ретінде жіктеледі және тиісті талаптар мен нормативтермен реттеледі. Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әрбір еншілес және тәуелді компаниясы алынған экологиялық рұқсат пен арнайы табиғат пайдаланудың басқа да шарттары шеңберінде қоршаған табиғи ортаға өзінің әсері үшін жауапты болады.

ҚР экологиялық заңнамасы табиғатты пайдаланушылар үшін экономикалық ынталандыру тетіктерін қолдана отырып, олардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріназайтуларына себеп болады. Сонымен бірге, «СамұрықЭнерго» АҚ экологиялық тұрғыдан жауапты компания бола отырып, тек ішкі заңнамамен ғана шектелмейді, сонымен қатар неғұрлым амбициялық халықаралық стандарттарға жақындауға ұмтылады. Орнықты даму қағидаттарын және озық әлемдік тәжірибені басшылыққаала отырып, Компания өзі үшін мақсаттары мен міндеттері Компанияның Даму стратегиясында ескерілген экологиялық саясатты анықтады.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік қызметті жүзеге асыратын компаниялар тобы бойынша ISO 14001 «Экологиялық менеджмент» стандарты енгізілді. ЭМЖ шеңберінде барлық ЕТҰ-да маңызды экологиялық аспектілеранықталады, экологиялық қатерлер мен мүмкіндіктерді бағалау және басқару жүргізіледі, рөлдер мен міндеттер бөлінеді, қоршаған табиғи ортаға теріс әсерді азайту мақсаттары белгіленеді, авариялық жағдайларды жою жоспарлары әзірленеді және т. б.

Табиғи ортаға залал келтірмейтін шаралар ретінде өндірістік экологиялық бақылау арқылы өндірістік процестердің тиімділігін тұрақты экологиялық бағалау жүргізіледі. Бақылау қоршаған ортаға эмиссиялар деңгейін, зиянды өндірістік факторларды өлшеуге және есептеуге негізделген. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингі ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз зертханаларды тарта отырып жүргізіледі. Өндірістік мониторинг объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ болып табылады.

Өндірістік мониторинг объектілері атмосфералық ауа, жер үсті және жер асты сулары, топырақ болып табылады. Сонымен қатар, алдын-алу шараларына міндетті экологиялық сақтандыру және тарату қорлары жатады.

Сондай-ақ жаңа технологияларға: кезекті экологиялық және энергетикалық аудит аясында мамандар ұсынатын ЖЭК дамыту, отынсыз тұтату және энергия үнемдейтін басқа технологияларға ерекше назар аударылады. Ұлттық сарапшылар алдағы уақытта көмірдің Қазақстанда электр энергетикасын дамыту үшін ең сенімді стратегиялық отын түрі рөлін атқарады деген болжамын ескере отырып, біз көмір химиясын дамытуды және көмірді кешенді түрде терең өңдеуді қолдаймыз. Осы мақсатта Компания «Назарбаев Университеті» ДББҰ-мен бірлесіп «Таза көмір технологиялары» ғылыми-зерттеу зертханасын құрды.

2019 жылы қоршаған ортаны қорғаудың кешенді бағдарламасын іске асыру мынадай жетістіктерге қол жеткізді:

— апаттық төгілулер мен басқа да эмиссия түрлерінің болмауы;

— ЖЭК және СЭС өндірісінің үлесі — «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобы өндірген жалпы өнімінің 9,5 %-ы — 2019 жылы станцияны жаңғырту жобасы шеңберінде «Шардара СЭС» АҚ екі гидроагрегаты пайдалануға берілді, Қапшағай қаласында «Samruk Green Energy» ЖШС-ның 416 кВт СЭС пайдалануға берілді — бұл «таза» генерация үлесінің өсуіне алып келеді;

— отын станцияларының өндіру үлесін төмендету және ГЭС өндіру үлесін ұлғайту есебінен 2018 жылмен салыстырғанда Самұрық-Энерго компаниялар тобы бойынша СО2 үлестік шығарындысын 1% — ға төмендеуі;

— шаңның нақты шығарындыларын (ұшпа күлді) 2%-ға, NOx шығарындыларын 3% -ға азайту;

— көмір өндіру көлемінің төмендеуі және НОШ-ты жақсарту есебінен күл мен күл-қож қалдықтары түзілуінің нақты көрсеткішінің 2018 жылмен салыстырғанда 6%-ға төмендеуі.

Экологиялық талаптарға сәйкестілік

Қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу үшін заңнамада инспекторлық экологиялық тексерулер көзделген, олардың нәтижелері бойынша заңнама талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар қойылуы мүмкін.

2019 жылы уәкілетті орган «АлЭС»АҚ ЖЭО-3 экологиялық заңнамасының сақталуына жоспардан тыс. инспекторлық тексеру жүргізді. Тексеру аяқталғаннан кейін СО, NOx және SO2 бойынша ластаушы заттардың шығарындылары нормативтерінің (г/сек) артқаны үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға қатысты уәкілетті орган Бақылау субъектісіне бару арқылы экологиялық талаптардың сақталуына профилактикалық бақылау жүргізді. ОКЦ-ның ЛЗ шығарындыларының көздерін аналитикалық бақылау нәтижелері бойынша органикалық емес шаң бойынша рұқсат етілген шекті шығарындылардың белгіленген нормативтерінің 70–20% (көмір тозаңы) артуы тіркелген, сондай-ақ шығарындыларындағы ЛЗ мөлшері белгіленген нормативтерден асатын автокөлік құралдарын пайдалану фактілері анықталды.

Айтарлықтай маңызды айыппұлдардың ақшалай құны және экологиялық заңнамалар мен нормативтік талаптарды сақтамағаны үшін салынған қаржылық емес санкциялардың жалпы саны

Барлық айыппұлдар уақытында төленді. Түзету іс-шаралары орындалды.

Барлық жағдайлар шағымдармен жұмыс істеудің ішкі тетігіне сәйкес қаралды және пысықталды.

ҚР Экологиялық Кодексінің 81‑бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндетті экологиялық аудитін жүргізу үшін негіз болып табылады:

1) жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнен қоршаған ортаға келтiрiлген, құжат бойынша расталған елеулi залал;

2) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушыны заңды тұлғаны қосу, бөлу және бөлiп шығару түрiнде қайта ұйымдастыру;

3) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын табиғат пайдаланушы — заңды тұлғалардың банкроттыққа ұшырау.

2019 жылы аталған заңды негіздердің болмауына байланысты Самұрық-Энерго тобының кәсіпорындарында міндетті экологиялық аудит жүргізілген жоқ.

2019 жылы қоршаған ортаны қорғау тақырыбына жеке және заңды тұлғалардың 7 өтініші тіркелді, оның 6‑ы «АлЭС»АҚ атына түсті.

Түрі бойынша қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар мен инвестициялар

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның I-ІІІ санаттағы әрбір ЕТҰ-да уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары бар, оны орындау арнайы табиғатты пайдаланудың міндетті шарты болып табылады.

«Су және ағынды сулар» аспектісі

Қазіргі уақытта әлемде таза судың жетіспеуіне байланысты дағдарыс бар; сарапшылар проблеманың шиеленісуі оған тиісті көқарас болмайынша түзелмейді деп болжайды. Сонымен, 2018–2028 жж. онжылдығын Біріккен Ұлттар Ұйымы судың орнықты дамудағы алатын рөліне арнап, халықаралық онжылдықты жариялады.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік қызметінде бұл жаңартылатын табиғи ресурс СЭС пен ЖЭС-те электр қуатын өндіру үшін генератор роторын айналдыруға мүмкіндік беретін күш ретінде, сонымен қатар жылу гиясын ЖЭО мен қазандықтарға беру және тасымалдау кезінде жылу тасығыш ретінде қолданылады.

Сонымен қатар, су қоймаларын толықтыруға, күл жағажайларын суаруға, күл үйінділеріндегі су деңгейін ұстап тұруға және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылады.

«Самұрық-Энерго» АҚ портфелінде су электр станциялары мен жылу электр станциялары бар екенін ескере отырып, біз сумен өзара әрекеттесуді суды пайдалану және суды тұтыну бойынша бөлеміз. Сонымен бірге, алынған су көлемінің 98,5% -ы су электр станцияларында суды пайдалану, ал 2% -ы суды тұтыну ретінде жіктеледі.

Суды пайдалану және суды тұтыну Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, ол су объектілері аймақтарындағы санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтауға және жақсартуға бағытталған: «Самұрық-Энерго» АҚ-ның еншілес компаниялары әзірленген жобалар мен уәкілеттімемлекеттік органдармен келісілген және арнайы рұқсатберілген құжаттармен регламенттелген нормативтерге сәйкес өндірістік қажеттіліктермен анықталған көлемде су жинайды.

Осылайша, технологиялық қажеттіліктерге арналған судың негізгі көздері: Шарын өзені және Бестөбе су қоймасы (Мойнақ ГЭС), Сырдария өзені мен Шардара су қоймасы (Шардара ГЭС), Қ.Сәтпаев атындағы арна (Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ), Шідерті арнасы («Екібастұз ГРЭС-2» АҚ) Үлкен Алматы көлі және Үлкен Алматы өзені бассейні (Каскад ГЭС), Қапшағай су қоймасы (Қапшағай ГЭС) болып табылады.

Екібастұз станцияларындағы табиғи ресурстарды үнемдеу мақсатында толтырылатын салқындатқыш су қоймалары және тура ағынды гидравликалық күл шығару жүйесі бар кері су беру жүйелері қолданылады, Алматы станцияларында, кері су беру жүйелерінен басқа, күл мен қож қалдықтарын жоюдың бірегей технологиясының арқасында күл үйінділерінен шыққан ағынды сулар қайта пайдаланылуда.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындарының ағынды суы өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардан тұрады. Ағынды сулардың негізгі көлемі өнеркәсіптік ағынды сулар болып табылады, олар табиғи объектілерге тасталмайды. Олар күл және қож қалдықтарын күл үйінділеріне шығару үшін гидротехника ретінде қолданылады.

Ағынды сулардың сапасы мен көлемі заңнамамен реттеледі және ағызылғанға дейін ағынды сулар бекітілген санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес тиісті тазартудан өткізіледі. Сонымен қатар, жер үсті сулары ортасына, сарқынды суларға бақылау, бақылау ұңғымаларының желісі арқылы судың және жер асты суларының температуралық режимінің өзгеру процестеріне мониторинг, ТӨҚ жүйесінің жабдықтары мен құбырларына жөндеу тұрақты жүргізіледі.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның су ресурстарын қорғау саласындағы негізгі міндеттері әсерді азайту, соның ішінде:

— тұщы суды тұтынуды азайту;

— ағынды сулардың ағып кетуін және ағынды сулардағы зиянды заттардың шоғырлануын азайту;

— қайта пайдаланылатын су үлесін (су айналымын) арттыру болып табылады.

Суды пайдалану

Есепті кезеңдегі бірнеше рет пайдаланылатын және қайта пайдаланылатын судың үлесі және жалпы көлемі

«Биоалуантүрлілік» аспектісі»

Халықаралық сарапшылар бақыланбайтын тұтыну ауқымына және биологиялық түрлердің тіршілік ету ортасының бұзылуы мен жойылуына әкелетін кейбір қызмет түрлеріне алаңдаулы. 2019 жылы Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға 27 жыл толды. Осы уақыт ішінде әлемдік қоғамдастықта табиғи ресурстардың барлық түрлеріне тәуелділігін және олардың тапшылығының инвестицияға, беделге және нәтижесінде бизнестің экономикалық көрсеткіштеріне әсерін сезіну пайда болды.

«Самұрық-Энерго»АҚ «Биоалуантүрлілік» аспектісін СЭС, ЖЭС және АЭК қатысты маңызды деп бағалайды. Қалған кәсіпорындар елді мекендер шегінде немесе өнеркәсіптік аумақтарда орналасқанына байланысты жабайы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне тікелей әсер етпейді.

Осылайша, «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компанияларының қызметі орнитофаунаға, ихтиофаунаға және басқа да тұщы су экожүйелеріне, сондай-ақ жағалау аймақтарының флорасы мен фаунасына теріс әсер етуі мүмкін.

Пайдаланылатын учаске Географиялық орналасуы Қорғалатын аймаққа немесе қорғалатын аймақтың шекарасынан тыс. биологиялық әртүрлілік құндылығы жоғары ауданға қатысты ереже Операция түрі Қорғалатын аумақтың немесе қорғалатын аумақтан тыс. биологиялық әртүрліліктің құндылығы жоғары аймақтың белгісімен сипатталатын биоәртүрліліктің мәні Аумақты басқару мәртебесі/санаты
«БЖЭС»ЖШС Ақмола обл., Ерейментау қ. 45км қашықтықта Бұйратау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орналасқан Электр энергиясын өндіру Ерейментау тауларында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген құстардың 2 түрі (ақиық және дала қыраны) мекендейді. Алайда, құстардың жиналуы жолдар мен темір жол бойындағы төменгі және ағаш отырғызуларда байқалды, олар өз кезегінде ЖЭС-те орнатылған ЖЭҚ-дан тыс. орналасқан. Объектіні пайдалануға берген сәттен бастап ЖЭҚ қалақтарымен соқтығысу жағдайлары тіркелген жоқ. Табиғи парк
«Мойнақ СЭС» Алматы облысы Мойнақ СЭС-тен шамамен 55 км қашықтықта Шарын өзенінің ағысымен төмен қарай Шарын ұлттық паркі орналасқан Электр энергиясын өндіру "Мойнақ СЭС" АҚ Қазақстандағы БҰҰДБ сарапшыларымен Шарын өзенінің ағысынан төмен орналасқан ежелгі шаған тоғайын сақтау жобасы бойынша ынтымақтасады. Табиғи парк

Өндірістік қызметті жоспарлау кезінде мұндай әсерді азайту мақсатында қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне әсер етуді бағалау жүргізіледі. ҚОӘБ рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Кәсіпорындарды одан әрі пайдалану процесінде өсімдік және жануарлар дүниесіне әсер ету мониторингі де регламенттелген.

Жобалау кезңінде БЖЭС-те жел энергетикалық қондырғылардың қоршаған ортаға әсерін азайту қарастырылған — жарықтық ластану тірі тіршілік биоритмдерінің бұзылуына әкеп соқтыратынын ескере отырып, түнгі уақытта тек габариттік оттарды пайдалануға дейін ЖЭҚты жарықтандыруы барынша азайтылады.

«АЖК» АҚ-да ӘЖ-де құстардың электр тоғымен зақымданудан қаза болу жағдайларын азайту үшін оқшауланған сымдармен (ОСЖ) жабдықталған желілерді қайта жаңарту жүргізіледі.

Су және жер үсті (жағалау маңындағы) экожүйелерге әсерін төмендету үшін су электр станцияларының жұмыс режимі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен, әкімдіктермен, сондай-ақ ЕҚТА басшылығымен (мысалы, Мойнақ СЭС жағдайында) келісіледі. Барлық СЭС балық қорғау құрылғыларымен жабдықталған. Сондай-ақ, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынысы бойынша, тәуліктің қараңғы уақытында турбиналық суағарлар алдындағы су тоған маңында балық қорғау шарасы ретінде су бетін прожекторлармен жарықтандыру жүзеге асырылады, осылайша жарық дақтары балықты қорқытады. Балықтың қозғалуы бос су ағызу (БСА) үшін бұрулар арқылы жүзеге асырылады.

Өсімдік және жануарлар әлеміне әсер етуді мониторингілеу үшін СЭС пен ЖЭС-терде көзбен шолып далалық бақылау енгізілді.

2019жылы «Самұрық-Энерго» АҚ қандай да бір арнайы санитарлық немесе экологиялық режимі немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесі бар аумақтарда өндірістік қызметті жүзеге асырмаған.

«Шығарындылар» аспектісі

Атмосфералық ауаның ластану проблемасы — адамзат тап болған маңызды жаһандық проблемалардың бірі. Мәселенің өзектілігі даусыз — 2019жылғы Дүниежүзілік қоршаған орта күні аясындағы барлық іс-шаралар «Ауа ластануымен күрес» ұраны астында өткені кездейсоқ емес. Бірақ атмосфераның ластану қаупі таза ауа қоршаған ортаға құқықтың негізгі компоненті болып қана қоймай, сонымен қатар ғаламшардың климатының өзгеруі да болып табылады.

Сарапшылардың пікірін ескере отырып, «СамұрықЭнерго» АҚ климаттың өзгеруі мәселесіне байыпты қарайды. Процестер мен өнімдердің көміртегін қажетсінуін азайту жөніндегі негізгі бағыттар мен мақсаттар Қоғамның ұзақ мерзімді Даму стратегиясы мен Экологиялық саясатында көрсетілген. Осылайша, Компанияның стратегиялық мақсаттарына ЖЭК және СЭС-ті дамыту жатады, барлық жерде энергия менеджмент жүйесі енгізілді, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру бойынша ауқымды бағдарламалар әзірленді, газға көшірілген ЖЭО-1 және БЖК-ға қосымша Алматы электр станцияларын газдандыру бойынша елеулі жоба жоспарланып отыр.

ЖЭК-ті қолдау шеңберінде «Самұрық-Энерго» АҚ тобының шартты тұтынушылары 2019 жылы 378 млнкВтс сатып алды, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 40,6%-ға жоғары.

Бұдан басқа, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның «Екібастұз ГРЭС1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС сияқты ЕТҰ-лардың квоталанатын қондырғылар болып табылады және ПГ шығарындыларына ұлттық сауда жүйесі шеңберінде ПГ шығарындыларын қысқарту бойынша міндеттемелері бар.

Қоғамда ластаушы заттар шығарындыларының негізгі көздері I санаттағы отын станциялары болып табылады. Олардың атмосфералық ауаға эмиссиялары экологиялық заңнамамен қатаң реттеледі. ЛЗ шығарындылары уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген және арнайы рұқсат беру құжаттарында реттелген әзірленген жобалар мен нормативтерге сәйкес өндірістік процестерге негізделген көлемде жүргізіледі.

ЖЭС-ке тән маңызды заттар азот оксидтері, күкірт оксидтері, көміртегі оксиді, шаң (күл) болып табылады.

Станцияларды жобалау кезінде ЛЗ-ны себудің оңтайлы шарттары қарастырылады — түтін құбырларының биіктігі, жер бедерін және жел бағыттарын ескере отырып орналасуы, тұрғын аудандардан қашықтығы.

Бұдан әрі, жабдықтарды пайдалану барысында кәсіпорындардың экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететін тұрақты жөндеулер, жаңғырту және басқа да технологиялық іс-шаралар жүргізіледі. Күл шығарындыларын азайту үшін күл ұстағыш технологиялар қолданылады — Екібастұз ГРЭС-терінде — бұл электр сүзгілері, ал Алматы ЖЭО-ларда — жаңа буынды эмульгаторлар. Басқа газдардың пайда болуын басу үшін төмен эмиссиялы жанарғылар қолданылады, АҚҚ және буды 4 іріктеу арқылы режимдер реттеледі.

Шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерінің сақталуына тұрақты өндірістік экологиялық бақылау және бақылаушы орган алдында тұрақты есептілік жүргізіледі.

2019 жылы станцияны жаңғырту жобасы шеңберінде «Шардара СЭС» АҚ-ның екі гидроагрегаты пайдалануға берілді, Қапшағай қаласында «Samruk Green Energy» ЖШС-ның 416 кВт КЭС пайдалануға берілді -бұл «таза» өндіріс үлесінің өсуіне алып келеді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша мыналарға қол жеткізілді:

— отын станцияларының өндіру үлесін төмендету және СЭС өндіру үлесін ұлғайту есебінен 2018 жылмен салыстырғанда (0,867‑ден 0,86 тСО2/МВт*с дейін) Самұрық-Энерго компаниялар тобы бойынша СО2 үлестік шығарындысын төмендету; — компания тобы бойынша ЛЗ үлестік шығарындысы 10,5 г/кВтсағ құрады, бұл күкірт диоксидінің үлестік шығарындыларының көбеюіне байланысты 2018 жылғы көрсеткіштен 3% жоғары, бұл өз кезегінде көмірдегі күкірт құрамының өсуінен туындаған (2017 — 0,48%, 2018 — 0,57%, 2019 — 0,67%); —шаңның (күлдің) үлестік шығарындылары 2%-ға, NOx үлестік шығарындылары 3%-ға қысқарды.

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары

Әдістемелер: парниктік газдарды ұлттық түгендеудің басшылық қағидаттары, МГЭИК, 2006; жылу электр станциялары мен қазандықтардан парниктік газдардың шығарындыларын есептеу жөніндегі ТМ, Астана, 2010, ҚР ҚОҚМ 05.11.2010 ж №280‑ө бұйрығына 9‑қосымша.

ОБЗ шығарындылары және өзге де шығарындылар, мың тонна

Қазақстан Республикасының заңнамасы парниктік газдардың жанама шығарындыларын міндетті бағалауды талап етпейді, алайда парниктік газдар шығарындыларының көрсетілген көлемдері парниктік газдардың жалпы шығарындыларының 95%-ын, оның ішінде СамұрықЭнерго компаниялар тобының жанама (Scope 1 және 2) қамтиды деп пайымдаймыз, өйткені тікелей шығарындыларды есептеу кезінде ЕТҰ-ның меншікті энергетикалық мұқтаждары ескеріледі.

«Қалдықтар» аспектісі

Өндірісте және тұтынуда теңгерімнің болмауы қалдықтардың көлемі мен түрлерінің бұрын-соңды болмаған қарқынмен ұлғаюына әкеледі. Тиісінше басқарылмаған кезде қалдықтар ауаның, топырақтың және жердің, сондай-ақ барлық туындайтын салдарлары бар жер асты сулары ластануының елеулі көзі болуы мүмкін.

Байқалатын үрдісті кейінге бұруға мүмкіндік беретін ең жақсы құрал қалдықтармен жұмыс істеудің иерархиялық тәртібі болып табылады. Самұрық-Энерго бірінші кезекте өнім бірлігіне қалдықтардың пайда болу көлемін азайтуға тырыса отырып, қалдықтармен жұмыс істеу иерархиясын да ұстанады.

Өнім өндіру процесі қалдықтардың пайда болуымен байланысты болатындығы күмәнсіз, қалдықтармен жұмыс істеу кезінде кәсіпорындар экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен қалдықтардың жекелеген түрлерімен жұмыс істеу саласындағы стандарттардың талаптарын сақтауға тырысады. «Самұрық-Энерго» АҚ тобының компаниялары бойынша өндіріс қалдықтарына ЖЭС-тегі күл-қож қалдықтары және «Богатырь Көмір» ЖШС-дағы көмір разрезіндегі аршу жыныстары жатады.

Қалдықтардың бұл түрлері қауіпті емес деп жіктеледі және жалпы қалдықтардың негізгі үлесін құрайды. Тұтыну қалдықтарына қатысты (макулатура, пластмасса қалдықтары, құрамында сынабы бар шамдар, түсті және қара металдардың сынықтары, электрондық және электр жабдықтары және т.б.). осы қоқысты бөлек жинау және одан әрі үшінші тарап компанияларына өңдеу немесе кәдеге жарату үшін шаралар қарастырылған.

Айналым түрлері мен әдістері бойынша бөлінген қалдықтардың жалпы салмағы

«Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ қауіпті қалдықтардың қандай да бір түрлерін импорттауды, экспорттауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді жүзеге асырмайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша өндіріс қалдықтарын орналастыру барынша қауіпсіз тәсілмен жүзеге асырылады. Шаңдануды, КҚҚ алдын алу үшін Екібастұз ГРЭС-терде су ойығы астындағы күл үйінділерге көмеді, ал Алматы станцияларында Қазақстан үшін бірегей кешенді күл-қожды жою жүйесі қолданылады.

Жыл сайын күл үйінділерінің өңделген бөліктерін рекультивациялау жүргізіледі. Жалпы, КҚҚ-ның пайда болуын төмендетуге Компанияның су электр станциялары мен ЖЭК объектілерін дамытуға да ықпал етеді.

«Северный» және «Богатырь» кесіктерінде ашылған кеңістіктің ішкі үйіндісіне аршу жыныстарын орналастыру аршу жыныстарының сыртқы үйінділерде орналасуын төмендетуге және осылайша іргелес аумақтарға әсерін төмендетуге мүмкіндік берді.

Тотығу процестерін алдын алу және үйінділерге жиналатын құрамында көмір бар жыныстардың өздігінен жануына жол бермеу үшін үйінділерді инертті жыныстармен оқшаулау және үйінділердің шатырын тығыздау бойынша іс-шаралар орындалады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша, өнімнің бірлігіне отынның үлестік шығындарының төмендеуі арқасында күл-қож қалдықтарының пайда болуы төмендеді.

Жиналған КҚҚ-ны кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде, бірақ шикізат ретінде КҚҚ-ға жеткілікті сұраныстың болмауына байланысты әзірше әлсіз қарқынмен. «ЕГРЭС-2» АҚ-да құрғақ күл құрылғысы (бұдан әрі — ҚКҚ) орнатылды. 2019 жылы жедел деректер бойынша ҚКҚ арқылы 11,3 мың тоннаға жуық құрғақ күл тиелді. «ЕГРЭС-1» ЖШС, «ЭГРЭС-2» АҚ станцияларының КҚҚ Павлодар облысында автомобиль жолдарын салу кезінде пайдаланылады.