«Экономикалық» Санат
«Құрылған және үлестірілген экономикалық құн» аспектісі
Құрылған Экономикалық құн Компанияның табысын қалыптастырудың негізгі көздерін көрсетеді, атап айтқанда өнімді сатудан түскен табыс, қаржыландырудан түскен табыс және өзге де кірістер/шығыстар.
Құрылған құн өнім берушілер мен мердігерлер, Компанияның қызметкерлері, акционерлер мен кредиторлар, мемлекет, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтар арасында бөлінеді.
«Инновациялық және операциялық тиімділікті дамыту» аспектісі
Инновациялық даму
Соңғы он жылдық ішінде әлем жаңа тұрпатты экономикаға қарыштап қадам басып келеді, оның негізгі құралы инновациялық технологияны ендіру болып табылады. Қазіргі кезде инновациялық даму мен цифрлық трансформация барлық экономикалық және өндірістік процестерді қайта құруға, өнімділікті түбегейлі арттыруға, сапаны арттыруға және өзіндік құнды азайтуға әкеле отырып, жекелеген кәсіпорындар деңгейінде де, сондай-ақ мемлекеттер деңгейінде де технологиялық өзгерістердің негізгі факторлары және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің шарты болып отыр.
Компанияның даму стратегиясы көмір өндіру көздерінің тиімділігі мен экологиялық тазалығын арттыратын инновациялық технологияларды ендіру есебінен қатысу нарығында энергия ресурстарының сенімді, бәсекеге қабілетті жеткізілімін қамтамасыз етуді көздейді.
«Назарбаев Университет» АҚ-мен бірлесіп «Екібастұз кен орнының №3 қабатының күлі көп және құнарынан айырылған көмірін/байытудан алынған қалдықтарды жағу үшін қазандық агрегаты құрылғыларының технологияларын әзірлеу» ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде. Жұмыстың орындалу кезеңі — 2018–2020 жылдар.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ аумағында «Таза көмір технологиялары» бірлескен ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды.
Күтілетін нәтижелер:
2019 жылы мынадай жұмыстар атқарылды:
✓ ҚҚ мен АҚҚ-ны атмосфералық қысым кезінде Екібастұздың 3‑қабатының қатардағы көмірін жаққан кездегі күл мен әктастың белсенді сіңіргіштерін пайдалану деңгейін, азот пен күкірт тотықтарының эмиссиясын, жалпы өндіру кешенді қондырғыда қайнау қабаты мен айналмалы қайнау қабатын (КҚ-ҚҚ-АҚҚ), процестің тиімділігіне режимдік факторлардың әсерін зерттеу;
✓ Екібастұз көмірін АҚҚ-да жағу және оны газдандырудың газ-динамикалық моделін әзірлеу;
✓ ішінара ауада газдандыру режимінде атмосфералық қысым кезінде Екібастұздың 3‑қабатының қатардағы көмірін газдандыруға режимдік факторлардың әсерін АҚҚ-ны газдандыру қондырғысында (ГҚ-АҚҚ) зерттеу;
✓ КҚ-ҚҚ-АҚҚ-да режимдік факторлардың процестің тиімділігіне, азот пен күкірт тотығының эмиссиясына әсерін, ҚҚ және АҚҚ-да атмосфералық қысым кезінде күлділігі 60‑тан 80% болатын Екібастұз көмірін көмірмен байытудан қалған қалдықтарды жаққан кезде күлдің жарамды сіңіргіштері мен әктастарын пайдалану деңгейін зерттеу;
✓ циклоны және U-тәрізді пневмобекітпесі бар оттық контуры бойынша қатты фазаның сыртқы айналымын АҚҚ (ИҚ-АҚҚ) изотермиялық қондырғысында зерттеудің бірінші бөлігі;
✓ пауада газдандыру режимінде атмосфералық қысым кезінде күлділігі 80%-ға дейін жететін Екібастұз көмірін көмірмен байытудан қалған қалдықтар мен күлі көп көмірді газдандыру және алдын ала жағу- шамадан тыс. диабаттық жағу (АЖШДЖ) қондырғысында зерттеудің бірінші бөлігі.
Компанияның жылу электр станцияларында күлі көп көмірді жаққан кезде техникалық-экономикалық көрсеткіштерді көтеру мақсатында қазандық агрегаттарын мазутсыз жағу жүйесі (плазмалық-отын жүйесі) технологиясын ендіру мүмкіндігі мәселесі зерттеледі.
Жобаны іске асыру мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
✓ қазандық агрегаттарының жүктемелері төменшаң көмірден шыққан жалынның жануын тұрақтандыру;
✓ күлі көп көмір жалындап жанған кезде мазут шығынын болдырмау;
✓ қазандық агрегаттарының үнемділігі мен дұрыс жұмыс істеуінің төмендеуіне алып келетін бір жағу көлемінде көмір мен мазутты бірге жағудың жағымсыз салдарларын жою.
Бұл технология Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясында, Индонезияда және т.б. 200‑ден 1 000 МВт энергия блоктарында ойдағыдай қолданылады.
Екібастұз ГРЭС-1де қазандық агрегаттарын плазматрондарды орнату арқылы жағу жүйесін жаңғырту мүмкіндігін анықтау мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ мен «CITIC Construction» (ҚХР) компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, өткен жылы мынадай іс-шаралар атқарылды:
✔ Екібастұз көміріне Қытайда тиісті зертханалық сынақтар өткізілді, олар плазматронды жағу мүмкіндігін растады;
✔ взаимные визиты сторон в целях ознакомления китайских специалистов с существующей инфраструктурой энергоблока ЭГРЭС-1 и наших специалистов с работой плазматронов на действующей электро- станции в КНР;
✔ рплазматрондарды орнату үшін ЕГРЭС-1 энергия блогының қазандық агрегатын жағу жүйесін жаңғырту бойынша алдын ала техникалық шешімдер әзірленіп, қаралды.
Қытай тарапы жобалау нәтижелерін ұсынғаннан кейін жобаны іске асыруды мақұлдау бойынша корпоративтік рәсімдер өткізуді жоспарлап отыр.
Цифрландыру
Цифрлық технологиялардың әлеуетін пайдалану Компанияның өнімділігін, өндіріс қауіпсіздігін арттыруға және өнім өндіру мен қызмет көрсетудің өзіндік құнын азайтуға мүмкіндік береді, бұл «Қызмет тиімділігін арттыру» стратегиялық бастамасын іске асыруға ықпал етеді. Компания цифрлық қағидаттарды корпоративтік стратегияға, бизнес-модельге, қызмет пен мәдениетке ендіру арқылы цифрландыруды қамтамасыз етуге ниетті:
6. Цифрлық нысанға көшіру
Процестерді өндірістік деңгейден (қазіргі заманғы ӨБҚ, ТП АБЖ, талдау жүйелері) жоғарғы деңгейге (онлайн мониторинг, құзыреттер орталығы және т.б.) сандық көшіру.
Цифрландырудың міндеттері:
— цифрлық жүйелер мен жабдықтарды алдын ала диагностикалау жүйелерін ендіру арқылы отынға және ТҚдЖ жабдықтарына шығындарды азайту;
— сервистерді орталықтандыру арқылы «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобының негізгі көрсеткіштеріне орталықтандырылған мониторинг жүргізу;
— қауіпті ақаулар табылған немесе жабдық істен шыққан жағдайда диагностика мерзімін қысқарту;
— «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік көрсеткіштері бойынша ақпарат жинауды қысқарту;
— диагностикалық аппаратура мен ӨБҚ-дан жиналған деректерге мейлінше терең талдау жасау мүмкіндігі;
— өндірістік процестер мен деректер жинау процестерін автоматтандыру мүмкіндігі.
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін 2019 жылы бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Компания өндіріске орталықтандырылған мониторинг жүргізу мүмкіндігіне талдау, предикативті талдауды ендіру мүмкіндігіне диагностика жүргізді, бизнеске қолдау көрсету және оны дамыту үшін Big Data-ны қолдану мүмкіндіктерін анықтау мақсатында тексеру жүргізілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Трансформациялау бағдарламасының жобалар портфеліне «Жиілік пен қуатты автоматты реттеуді ендіру» жобасы енгізілді.
Жоба тұңғыш рет БЭЖ бойынша ендірілуде және «KEGOC» АҚ-мен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылатын жоба болып табылады. ЖҚАР-ның арқасында «KEGOC» АҚ «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобы станциясының қуатын берілген шекте реттеп, басқаратын болады, яғни, энергетикалық жүйеде сызба-режимдік жағдай өзгерген кезде нақты уақыт режимінде энергия блоктарына/гидроагрегаттарға (қуатты азайту немесе көтеру) тікелей әсерететін болады.
Жобаның пайдасы:
1. 2021 ж.бастап Жүйелік оператордан жиілік пен қуатты теңгерімдеу қызметі үшін түсетін төлемнен қосымша табыс көзін алу;
2. 2021 ж. бастап Қазақстан БЭЖ-і мен Ресей БЭЖ-і шекарасында қуат ағындары сальдосының ауытқуларын қысқарту, сонымен қатар Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі мен энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
2019 жыл үшін 0 — «Жобаны іске қосу» фазасы аяқталды. Аталған фаза аясында қайта құру бағдарламасы әзірленіп, бағыт беруші кеңес өткізілді, жоба қалыпқа түсірілді, сондай-ақ бастапқы кеңес өткізілді.
Жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
«Энергия тиімділігі» аспектісі
Компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметі ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі» халықаралық стандартының әдістемесінде негізделеді.
Компанияда 2015–2025 жылдарға арналған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жоспарлау және жүзеге асыруда негізгі құжат болып табылады.
Бағдарлама бойынша күтілетін нәтиже «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобының жалпы тауарлық өнімінің энергия сыйымдылығын 2014 жылғы негізгі көрсеткішке қарағанда 2025 жылы 10,5 %-ға төмендету болып табылады.
Бағдарламаның негізгі құралдары:
✓ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы үшін энергия үнемдеудің және энергетикалық тиімділікті арттырудың мақсатты индикаторлары мен көрсеткіштерін анықтау;
✓ энергия тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін есептеудің әзірленген әдістемесіне сәйкес энергия-экономикалық талдау жүргізу арқылы берілген көрсеткіштерге қол жеткізуге тұрақты мониторинг және бақылау жүргізу;
✓ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында энергия менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу, сондай-ақ жетілдіру;
✓ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды іске асыру;
✓ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру бойынша типтік іс-шараларды іске асыру;
✓ энергетикалық ресурстарды тұтынуды автоматтандырылған есепке алудың интеграцияланған жүйесін қалыптастыру.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде 2019жылы отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды төмендетуге бағытталған 78 іс-шара орындалды, бұл «СамұрықЭнерго» АҚ компаниялар тобы бойынша 296 мың тонна шартты отынды үнемдеуге мүмкіндік берді.
Ұйым ішінде энергия тұтыну
2019 жылдың қорытындысы бойынша энергия блоктарының жұмыс режимдерін оңтайландыру және тиісінше отынды үлестік тұтынудың төмендеуі есебінен өткен жылға қатысты отын тұтынудың төмендеуі болды.
Энергияны жалпы тұтыну электр энергиясын тұтыну бойынша да, жылу энергиясын тұтыну бойынша да 2014 жылғы базалық көлемге қарағанда (17,7 млн ГДж) қатысты тұрақты төмендеу серпіні бар.
Есепті жылы 14,0 млнГДж энергия тұтынылды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінен 1,3 млн ГДж. Тұтастай алғанда жылдар бойынша ЖЭК-тен энергия тұтынудың ұлғаюының оң серпіні байқалады, бұл елдегі электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК үлесінің ұлғаюына байланысты.
Энергия сыйымдылығы
Энергия тұтынуды азайту
«Пайдаланылған материалдар» аспектісі
Өнім өндіру кезінде біздің кәсіпорындарда қолданылатын материалдар тізімі
Электр энергиясын өндірген кезде:
Жылу энегиясын өндірген кезде:
Өнімнің екі түрін өндіру кезінде қосалқы қажеттіліктерге:
2019 жылғы қорытындылар бойынша өндіріс түрлері бойынша (дәстүрлі, СЭС және ЖЭК) үлестіру төмендегідей көрінеді:
— дәстүрлі өндіру үлесіне компаниялар тобының электр энергиясын жалпы өндірудің 90,6% ы келді,
— ЖЭК және СЭС «таза» станцияларында электр энергиясын өндіру үлесі «Самұрық-Энерго»АҚ компаниялар тобының жалпы өндіру көлемінің 9,4% — ын құрады. 2019 жылы ЖЭК және СЭС «таза» станцияларында электр энергиясын өндіру үлесі «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының жалпы өндіру көлемінің 9,5%-ын құрады — 2019 жылы станцияны жаңғырту жөніндегі жоба шеңберінде «Шардара ГЭС» АҚ екі гидроагрегаты пайдалануға берілді, Қапшағай қаласында 416 кВт СЭС пайдалануға берілді, «Samruk Green Energy» ЖШС-і-бұл «таза» өндіру үлесінің өсуіне алып келеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ өнімі — бұл жылу және электр энергиясы, сондай-ақ энергетикалық көмір, тиісінше, экологиялық таңбалау және буып-түю туралы талаптар шығарылатын өнім түрлеріне қолданылмайды..
«Акпараттық қауіпсіздік» аспектісі